Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуелсіздік тірегі қайсар рухы қазақтың!


Тәуелсіздік тірегі қайсар рухы қазақтың!

Тәуелсіздік тірегі қайсар рухы қазақтың!

Мақсаты: 

- Тәуелсіз  елімізді  мақтан  тұту;

- Желтоқсан  оқиғасын  насихаттай  отырып,  желтоқсан  құрбандарын  мәңгі  есте  сақтауға  тәрбиелеу;

- Жас ұрпақтың  бойында  еліне,  жеріне ,  ұлтына  деген  патриоттық  сезім  қалыптастыру.

Көрнекілігі:  Салайд,  буклет,  кітап  көрмесі,  «Тәуелсіздік  шежіресі» суреттер

Кітапханашы  сөзі: Қазақстан  -  біздің  кіндік  кесіп,  қанымыз  тамған  туған  жеріміз.  Халқымыздың  азаттық  жолындағы   сан  ғасырлық  тарихы  бар,  ерлік  пен  елдіктің  талай  үлгісін   көрсете  білген  ата – бабаларымыздың  табанды  күресінің   арқасында,  «Қазақ»  деген  іргелі  елдің  шаңырағы  көтерілді.  Пешенесіне  талай  тағдыр  батпандай  қайғы  мен  қасірет  жазған  халқымыздың  азаттық  үшін  туылған   ақтық бұлқынысы  желтоқсан  жаңғырығына  айналып,  әлемді  дүр  сілкінді.  Сол  сілікіністен  бастау  алған азаттық  күресі  1991 жылы  Тәуелсіз  болып  салтанат  құрды. Желтоқсан  оқиғасы  біздің   мемлекетіміздің   тарихындағы  үлкен  оқиғалардың  бірі.  Ол  тәуелсіздіктің  бастауы.   Бұл  күнді  естен  шығармауға  тиіспіз.  Қанша  жыл,  қанша  ғасыр  өтсе  де ұмытылмайтын  оқиғалар  болады. 1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасы   да  ауыл үйдің әңгімесі  емес, дүмпуі  алыс  құрлықты  аралап  кеткен  ғаламат  тарихи оқиғалардың  бірі. Ол  халық  жүрегінде  мәңгі  сақталады.

Әр  дәуірдің  еркіне  сай  нарқы  өзгерген  заманның,

Айналайын  алтын  әнім жас  өркені  халқымның.

Желтоқсанда  шындық  жырын  шырқаймын  деп  шарқ   ұрдың,

Желтоқсанда  егеменді  ел  болсақ  деп  талпындың.

Ендеше,  желтоқсан құрбандары, Ләззат  Асанова, ҚайратРысқұлбеков, Сәбира  Мұхамеджанқызы, Ербол  Сыпатаев  секілді аға – апаларымызды  бір  сәт  орнымыздан  тұрып  еске  аламыз.

(СлайдJ)   Тәуелсіздік, рухы  күшті,  ғажап  күн,

Бізге  оңай  келген  жоқ  қой – азат  күн.

Еркіндіктің  желбіретер  көк  туын,

Біз  жастармыз – болашағы  қазақтың.

Ендеше  бүгінгі «Тәуелсіздік  тірегі – қайсар  рухы  қазақтың!» атты    ашық тәрбие  сағатымызды   бастауға    рұқсат  етіңіздер.

1 – жүргізуші:  1991 жыл – Тәуелсіз  ел  атанып,  аяғынан  тәй – тәй  басқан  республикамыз  бен  оның  халқы  үшін  ерекше  жыл. Сол  күні  республикамыздың   аспанында  қазақ  елінің  өз  Жалауы  желбіреді,  елдігімізді  танытар  Елтаңбамыз  қабылданды. 

(СлайдJ)   Мағыналы, сымбатты,

Бар  осындай  бейнеміз!

Маған, саған  қымбатты

Елтаңбалы  елденбіз!

2 – жүргізуші: Ортасында  шұғылалы  күн,  оның  астында  қалықтап  ұшқан  қыран  бейнеленген  тік  бұрышты  көгілдір  мата.  Күн – шұғыла  мен  қыран  бейнесі  алтын  түсті.  Матаның  сол  жағында  ұлттық  өрнегі  бар  тік  жолақ  орналасқан.

1 – жүргізуші: Көк  жүзінде  әлемге  нұрын  шашқан  күн  сәулесі,  астына  қияға  қанат  қаққан  қыран  тыныштықтың,  берекелі  өмірдің  белгісі,  ал  ою – өрнек  қай  елдікі  екендігін  аңғартады

(СлайдJ)        Ескі  белгі – ұрандар,

Сары  алтындай  сақталған.

Күн, шұғыла,  қыран да

Алтын  түспен  апталған!

 

2 – жүргізуші: Еліміздің  рәміздерін  соның  ішінде  қасиетті  Көк  байрағымыз  бен  Елтаңбамызды,  Әнұранымызды  өз  жанымыздай  қастерлеу,  оған  зор  құрметпен  қарап  тұмардай  сақтау – бәріміздің  абыройлы  міндетіміз.

(СлайдJ)   Әнұраным – жанұраным,

Айтар  әнім, сөйлер сөзім,

Туған  жерім – сағынарым,

Мәңгі  бақи  шырқалады,

Республика  Әнұраны!

 

1 – жүргізуші:  Қасқалдақ  ұшып  көлінен,

Шүрегей  келіп  қонған  күн

Қыранды  қуып  көгінен

Қарғалар  билік  алған  күн

 

2 – жүргізуші:  Озбырлық  күшпен  тұншығып

Үміттің  оты  өшкен  күн

Жанына  таппай  бір  шындық

Ер  Қайрат  қыршын  кеткен  күн 

1 – жүргізуші:  Азаттық, тәуелсіздік  қазақтың  ежелгі  арманы. Түлкі  бұлаң  тарихтың  нешеме  бұрылысында  ел  азаттығы  үшін  талай  тарланның  тақымындағы  тер  кеппеді.  Соңына  мәңгі  ұмытылмас  мұң  қалдырып,  жыл  өткен  сайын  тарих  қойнауына  сіңіп  бара  жатқан  1986 жылдың  желтоқсаны  қай  қазақтың  жүрегін  сыздатпады,  кімнің  көңіліне  жара  салмады?

2 – жүргізуші: Тәуелсіздіктің  түп  тамыры  желтоқсан  оқиғасына  тікелей  байланысты  екеніне  ешкімнің  де  дауы  бола  қоймас.  «Түбін – білмеген  тексіз»  дейтұғын  қазақтың  ғажап  сөзі  осындайда   шықса  керек.   Себебі,  тәуелсіздіктің  түп  тамыры   сонау  бабалар  арманынан  туындап  жатыр.

Маңғыбаева  Гүлдана

 «Алпысыншы  жылдардың  түлектері»

 

1 – жүргізуші: Атты  бүгін  азаттықтың  ақ  таңы,

21 жыл  Тәуелсіздік  арайлы  таңы  атқалы,

Елі  текті,  киелі, қасиетті  жерімнің

Құтты  болсын  еркіндігі,  ата – баба  арманы.

 

1 – оқушы: 19 – желтоқсан.  Ауруханаға  бас  сүйгімен  миынан  қатты  зақымданған  Энергетика  колледжінің  2 – ші  курс  студенті  Ербол  сыпатаев  әкелінді. Ербол    23 – желтоқсанда есін  жимастан  аурухана  төсегінде  жан  тапсырады.  Ата – ана,  бауыр,  туған  - туыс,  дос  жарандары  Ерболды  зар  жылап  жүріп,  жер  қойнына  тапсырады.  Ербол  бір  үйдің  жалғызы  еді.

 

2 – оқушы:  Азаптады  қарақшылар  қанқұйлы,

Қазақ  қыздар  қорлық  көрді  сан  қилы,

Арпалысып, теңдігі  үшін  халқының

Батыр  Ләззат  Желтоқсанда  жан  қиды.

Қазіргі  таңда   Ләззаттың  ерлігі  әнге  айналды  десек те  болады.  «Мен  қазақ  қыздарына  қайран  қалам», «Қаһарман  қыз – Ләззат  қыз» атты  әндерді  бүгінде  бүлдіршіндер  әуеле  шырқап  жүр.

3 – оқушы: Сәбира  Мұхамеджанқызы бар  жоғы  16  жаста  еді.  26 желтоқсан  күні  оқиғаға  үн  қосқаны  үшін,  жиналысқа  салып,  оқудан  жазықсыз  қуылады.  Жиналыста  жабылған  жазаларға  шыдай  алмаған  Сәбира  өзін  5 – ші  қабаттан   тастап  жіберген.  Желтоқсанда   жанын  шүберекке түйген  Сәбирадай батыр  қыздың  ақтық  сөзі  бүкіл  елге  аңыз  боп  тарап  кетті. 

4 – оқушы:  Желтоқсан  қаһарманына  айналған  Қайрат  Рысқұлбеков  22 – ақ  жыл  ғана  ғұмыр  кешті.  1988  жылы  13 мамырда  семей  түрмесіне  әкелінген  Қайрат  Рысқұлбеков  21  мамыр  күні  таңда  жарық дүниемен  қоштасты.

  1.  Ашу  ыза  қойнауының  жетті  бұлар  шегіне,

Көтерілді  бүкіл  жастар  жалын  болар  еліне,

  1. 1986 боялды  жастар  қанымен,

Желтоқсанның  16 – сы  есте  жастар  жанымен

  1. Ербол  менен  Қайрат  еді  ереуілдің  басында

Асанқызы  Ләззат  пенен  Сәбира  бар  қасында

  1. Аямады  ешқайсысын,  ереуілді  бастаған,

Қанішерлер,  жастарды  қазақ  отына  тастаған.

 

5 – оқушы:  Егеменді  ел  болудың  белгісі –

Басқа  жұртпен  тең  жұлдызы  тең  күші

Егеменді  деген  сөздер  естілер,

Еліміздің  егемендігін осылай  жырлаймыз.  Ұмытпаңдар  достар,  елін,  жерін  сүйетін  үлкен  азамат  болайық

2 – жүргізуші:     1991  жылы  желтоқсан  айында  Қазақстанда  Президенттік  сайлау  болды. Оның  қорытындысында Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  президент  болып  сайланды.  Бұл  Қазақстан  тарихында  бүкіл  халық  қатысқан, жасырын  дауыс  беру  арқылы  сайланған  тұңғыш   Президент  еді.

 

6 – оқушы: Шұғылалы ширақ  ойлап  түрінде,

Биіктерден  естіледі  үнім  де

Тұңғыш  рет  Президент  сайланып

Мойындадаы  барлық  әлем  бүгінде.

Бірде  шырқап,  бірде  төмен құлаған,

Өмір  жолы  болған  қиын  бұралаң.

Қазағымды  жарқын  жолға  бастады,

Елбасы  боп  сайланды  да  Нұр  ағам

21  жыл  шуақ  шашып  күніміз,

Қайта  оралды  қасиетті  дініміз

Бодандықтың  бұғауынан  босады. 

Бабалардан  мұра  болған  тіліміз

Әуелеттік  әнұранды  аспанға,

Туымызды  тігіп  биік  асқарға

21 жыл  Елтаңбамыз  жарқырап,

Тәуелсіздік  бізге  есік  ашқанға.

Өркендедік,  ел  болдық  та,  кемелді,

Тереземіз  өзгелермен  теңелді,

Елім  менің  Ата  Заңын  ардақтап,

Еркіндіктің  шуағына  бөленді.

 

7 – оқушы: Атыңнан  айналайын  қазақ  деген,

Қазағым  қайсарлығың  ғажап  дер  ем

Сақтапсың  елдігіңді  сағың  сынбай

Көрсең де  көреріңді  азаппенен

 

8 – оқушы «Қайрат  Рысқұлбековке»

Рухы  биік, ары  таза  ер  едің,

Арқыраған  асау  тасқын  сел едің.

Елің  үшін  басты  тігіп  өлімге.

Капитаны  болдың  алып  кеменің.

Қайсар  рухты, өр  тұлғалы азамат,

Тайсалмаған  мінезің  де  ғажап – ақ.

Қаншама  рет  ұрып  соғып  жатса  да,

Шындықты  айтып, жұқтырмадың  қара  дақ.

Кейін  қарай бір  қадам  да  шегінбей,

Жайпап, тапап  кетсе  де  еш  берілмей.

Мыңды  бастап  жалғыз  өзің  аттандың,

Қайсар  рухты  Махамбеттің  тегіндей.

 

9 – оқушы: 

Жас  арудың  жанарында – желтоқсан,

Қанды  ғасыр  табанында – желтоқсан.

Қаралы  өмір   қайыстырған халқымның,

Қара  тұман  қабағында – желтоқсан.

Жауыздықты  жасқаған да  желтоқсан

Жаңа  ғұмыр  бастаған  да  желтоқсан.

Жазықсыздың  көз  жасына  жуынып,

Абақтыға  тастаған  да  желтоқсан.

 

Ән: «Желтоқсан  желі»

 

1 – жүргізуші: Ұяңнан  ұшып  шығып  оралмадың,

Аулына  Ақжазықтың  қона  алмадың.

Шілде айы  туған  күнің  екен  сенің

Ол  күннің  қонағы  боп  келе  алмадың.

 

2 – жүргізуші: Не бәрі  16 дан  асып  едің,

Балалық бал  дәуренмен  тасып едің.

Қазақтың салт – дәстүрін  жолын  қуған

Өмірге  енді  қадам  басып  едің.

 

10 – оқушы: Есіңе ал,  есіңе ал  жас  достар,

Бұл  жерде  батыр  жоқ  қол  бастар,

Бұл  жерде  жүректе  мұз  жатыр,

Бұл  жерде  өрімдей  қыз  жатыр.

Бұл  жерден  мәңгілік  аттанған,

Халқының  есінде  сақталған.

Бұл жерде Ләззаттың  қаны  бар.

Танкінің  астында  тапталған.

 

11– оқушы: 

Намысымның  шырағы  да  желтоқсан,

Сұрқай  өмір  сынағы  да  желтоқсан.

Жігіттіктің  ұраны  да  желтоқсан,

Жаңа  күннің  шуағы  да  желтоқсан.

Желтоқсан  заман,  тоғағы  байтақ  даланың,

Шарпысқан сәті  үміт  пен  күдік  наланың.

Желтоқсан  Қайрат, Ләззат  пенен  Сәбира,

Құрбаны  болған  жалған  қойған  жаланың.

 

12 - оқушы:Бұл  тарих  шындықтарды  електейді,

Десең  дағы  керексіз, керек  мейлі

Желтоқсан  деген  сөзді  естігенде

Көз  алдыма  сол  күндер  елестейді.

Көлдей  жасын  көп  төккен  қазақ  үшін

Ұмыта  алман,  желтоқсан  азап  үнін

Қаныменен  қыршындардың  тарихқа  енген 

Шындықты  айтатын  күн  келді  бүгін.

13 -  оқушы:

Естен  кетпес  аяусыз  ұрғандары,

Қазаққа  неше  айла  құрғандары

Қайрат  сынды  елімнің  ұрандар,

Желтоқсанның  жазықсыз  құрбандары

Ақталды  боздақтардың ақ  талабы,

Әділ  іс  әрқашанда  ақталады

Ел  үшін жанын қиған  асыл  жандар

Ел  есінде  мәңгілік  сақталады.

1 – жүргізуші. Президент  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  жарлығымен  1996 жылғы  9 желтоқсанда  Қайрат  Рысқұлбековке  «Халық  қаһарманы», Сәбира   Мұхамеджанқызы,  Ләззат  Асанова  және  Ербол  Сыпатаевқа  «Ақталуы  жөніндегі  анықтама»  қағаздары  берілді.  Осы  Желтоқсан  оқиғасы  қанша  ызғарлы  естілсе  де жанымызға  нұр  септі.  Қанша  ащы  болғанмен  жиырмасыншы  ғасырдың  бізге  сыйлаған  ең  басты  бақыты  - Тәуелсіздік.  Тәуелсіздіктің  арқасында  дүние  жүзіне  танымал  ел  болдық.  Мазмұны  мен  өрнегі  жарасқан,  Тәуелсіздіктің  қасиетті  туы  мәңгі  желбіресін,  күніміз  мәңгі  сөнбесін.

2 –Иә,  тәуелсіздік  атты  бұл  тәтті  сөздің  тұңғиығында  ата – бабаларымыздың  сан  ғасырлар  бойғы  асыл  арманы,  азаттық  жолында  құрбан  болған  талай  боздақтардың   ұрпаққа  қалдырған  аманаты  жатыр.  Бұл  желтоқсан  оқиғасы,  тәуелсіздікке  қол  жеткізу  жолындағы  ең  соңғы  күрес  еді.  Тәуелсіздіктің  ең  басты  жетістігі – ел егемендігі.

1 – жүргізуші:  Бүгінгі  Қазақстан  әлемнің  іргелі  мемлекеттерімен  қатар  халықаралық  мәселелерді  шешуде  басты  тұлға.  Бүгінгі Қазақстан – әлем  таныған  егеменді,  демократиялық  және  құқықтық  мемлекет.  Тәуелсіздік  шаттығы,  тәуелсіздік  қуанышы,  тәуелсіздік  тойы  тұғырлы,  баянды  болсын.

2 – жүргізуші: Еліміздің  еркін  өміріндегі  бүгінгі  табыстарының  бәрі  де  тәуелсіздіктің  жетістігі.  Бүгін  мінеки,  көк туымыз  желбіреп,  тәуелсіздігіміз  салтанат  құрғанына  21 жыл.

Желтоқсан  тағылымы   - мен  қазақпын  деген  әрбір  жастың  жадында  болуы  керек.  Олай  болса, еліміздің  егемендік  алғанына  21  жыл  толуымен  шын  жүректен  құттықтаймыз.

Еркіндік – ежелден  ел  тілегі. Еліміз  аман, жұртымыз  тыныш  болсын!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Тәуелсіздік таңы атты.
Тербейін тәуелсіздік тал бесігін.
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Тәуелсіздік – ел тірегі
Желтоқсан жаңғырығы
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)
«Желтоқсан жаңғырығы»
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 11261 | Қосты: Сармысова Гулзира Есентемиркызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык