Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үшбұрыштың орта сызығы. 8 класс


Үшбұрыштың орта сызығы. 8 класс

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы
ПӘНІ геометрия КЛАСЫ 8 «а»
ТАҚЫРЫП Үшбұрыштың орта сызығы

МАҚСАТЫ 1.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ Оқушыларда тақырыпқа байланысты негіз қалыптасады, өзін-өзі және бірін-бірі бағалауы арқылы өз ісін ретке келтіреді, алынған нәтижелеріне сыни көзқарасы, мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік пен сенім қалыптасады, сабақ процесіндегі оқушыларының өзара сөйлесуіне, пікір алмасуына жасалған жағдайлар арқылы еркін және ерікті түрде ойлайды, «мұғалім - оқушы», «оқушы - оқушы» сұхбаты арқылы сөйлеу жүйесі сапаланады

КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ РЕСУРСТАР

Ұйымдастыру кезеңі
Сьюзен Деллингердің психологогеометриялық тесті арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін анықтап алу

Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу

Тест бойынша әр оқушы өзіне лайық фигураны таңдап, өздерінің жеке мінез, қабілет ерекшеліктері туралы ақпарат алады
Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын көшіріп жазады
. Тест парақшалары және негіздеме түсіндірмелері

флипчарт
Қызығушылықты ояту

Үшбұрыш түрлерінің суреттері бойынша топқа бөлу:
І топ – тең бүйірлі
ІІ топ – тең қабырғалы
ІІІ топ – тік бұрышты

«Елес жетелеу» стратегиясы бойынша, үшбұрыш түрлеріне, қасиеттеріне шолу жасау(7 класта өткен тақырыптарды еске түсіру) мақсатында төмендегідей тапсырма беріледі:
1) Өз үшбұрыштары туралы мәлімет
2) «Мен - ... үшбұрышпын»
3) Венн диаграммасы


Оқушылар ұсынылған үшбұрыш түрлерін таңдап алу арқылы үш топқа бөлінеді

Оқушылар топтасып, берілген тапсырма бойынша жұмыстанады:
1) Өз үшбұрыштары туралы ақпараттарды жүйелеп ұсынады, постер қорғайды
2) Үшбұрыштың түрі ретінде рольге кіріп, ойларын жеткізеді
3) Венн диаграммасы арқылы үш топ үшбұрыштардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдап көрсетеді


Түрлі – түсті үшбұрыш қиындылары

Плакат А1, маркер, акварель, т.б.

Флипчарт, автопэн
Мағынаны тану

Жаңа тақырыптың мағынасын ашу мақсатында практикалық жұмысты ұйымдастыру үшін оқушыларға төрт теңбүйірлі үшбұрыштарды беру

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сергіту сәті «Фигуралар» ойыны
Үш топқа екі ұшы тұйықталған жіп беріледі және фигураларды өмірмен байланыстылығы арқылы жасыру

Фигуралардың өмірмен байланысын пайдаланып, суреттер ұсынужәне оны оқушыларға таңдату арқылы топқа бөлу

Әрбір топқа интерактивті тақтадан есептер беріледі
1топ
Үшбұрыш қабырғалары 6м,9м,13м. Оның орта сызықтарынан салынған үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар
2топ
Кез келген дөңес төртбұрыш қабырғаларының орталары қайсыбір параллелограмның төбесі болып табылатынын дәлелдеңдер
3топ
Үшбұрыштың қабырғаларының қатынасы 4 : 3:5 қатынасындай. Қабырғаларының орталарын қосқанда пайда болған үшбұрыштың периметрі 3,6дм.Берілген үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар
4 топ
Үшбұрыштың орта сызықтарынан салынған үшбұрыштың периметрі 15 дм, үшбұрыштың периметрін табыңдар

Тест жұмысы

Оқушылар өзара тең үшбұрыштарды құрастырып, оның орта сызығының анықтамасын шығарып алады және неге тең екеніне жауап береді

Оқулықпен жұмыс (түртіп алу әдісі)
Өз бетінше оқыған мәтіннің нәтижесін әуелі жұпта, сонан соң топта талқылайды

Оқушылар жасырылған фигураны тауып, оны тұйықталған жіпті пайдалана отырып көрсетеді

Оқушылар өздеріне ұнаған суретті таңдайды да, сол
суреттің геометриялық мағынасы бойынша 4 топқа бөлінеді

Оқушылар тақтада берілген есептерді топта талқылай отырып, зерттейді, шешу жолдарын ұсынып, ортақ нәтижеге келді, ортаға шығып қорғайды

Оқушылар орындаған тест тапсырмасын оң жақтағы көршілеріне беру арқылы бірін-бірі тексереді.


А4 формат, клей, төрт теңбүйірлі үшбұрыштардың қиындылары

Оқулық, дәптер

Екі ұшы тұйықталған жіп
Арбаның дөңгелегі, машинаның дөңгелегі, доп, шарлар (шеңбер), жеңіл машиналардың терезелері, шыныққан ер адамның денесі, юбка, сөмке түрлері (трапеция), кілем, бірнеше қабатты үйлер, алтын толы сандық, кітап (тіктөртбұрыш), шырша, қарағай ағаштары, сәукеле, тау(үшбұрыш) суреттері

Интерактивті тақтада флипчарт арқылы құрылған есептер

Тест тапсырмалары жазылған парақшалар

Ой толғаныс Бекіту
«Ыстық орындық»әдісі

Қорытынды.

Үйге тапсырма Үшбұрыштың орта сызығы, №90 есеп
Бағалау
Суреттерді шеңберге орналастыру арқылы өзін-өзі бағалайды
Кері байланыс
«Сұрақтар жәшігі» әдісі бойынша оқушылар сабақтың барысына, құрылымына, мазмұнына байланысты сұрақтарын жәшікке салдыру


Әр топтан 1 оқушыдан шығып, тақырып бойынша түрлі сұрақтарға жауап береді
Оқушылар үшбұрыш пен оның орта сызығы туралы бұрыннан қалыптасқан ойлары мен топпен талқылау нәтижесінде пайда болған пікірлерін салыстыра отырып, сабақты қорытындылайды

Топқа бөлуде таңдаған суреттерін шеңберге орналастырып, бүгінгі сабаққа қаншалықты түсінгендігін бағалайды


Орындық, сауалдар легі

Сабақты талдау Не сәтті өтті?
Не сәтсіз өтті?
Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
Үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштары
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Үшбұрыштарды шешу
Үшбұрыштар тарауын қайталау
Үшбұрыштар тарауын қайталау
Үшбұрыштың бұрышын табу
Трапеция. 8 класс
Үшбұрыштар тарауы бойынша қайталау сабағы презентация

Автор Мухтарова Гулдана Танжарбаевна

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебі

Бөлім: Материалы / Математикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 7324 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар