Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Диалогтік оқу– оқу сапасын арттыратын әдіс


Диалогтік оқу– оқу сапасын арттыратын әдіс

                Диалогтік оқу– оқу сапасын арттыратын әдіс

    «Өмір өз табиғаты бойынша диалогтік құбылыс. Өмір сүру дегеніміз диалогқа қатысу: сқрау,тыөдау,жауап беру,келісу және т,с,с... Болу дегеніміз диалог арқылы қарым-қатынас құру... барлығы да құрал, ал диалог ­­­-мақсат.»      (М.М.Бахтин )

    Мақсаты: Диалогт ік оқыту арқылы оқушылардың топ ішінде өз ойын еркін айта білуге , бір-бірінің ойын тыңдауға, пікір алмасуға дағдыландыру, әлеуметтік қарым-қатынасын жетілдіру.

    Міндеті: Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасында еркін қарым-қатынас қалыптастыру, сұрақ-жауап түрлерін пайдалану арқылы түрлерін жетілдіру, тапсырмаларды т үрлендіре отырып, оқушыыларды жаңа әдіс-тәсілдерге ынталандыру.

    Диалог ­­­­­–адамгершілікке үйренудіің негізгі құралы.

 « Неліктен бүгінгі күні білім жүйесінде диалогқа аса көтеріңкі көңіл бөлініп отыр?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, қазіргі дәуірде адамгершіліксіз барлық білімнің қажетсіз, ада болып қалатындығы дәлелденген секілді. Адамгершілік қағидаларын ұстанбайтын білім адамзатты қатерлі нәтижелерге әкеліп соқтырады. Дәстүрлі оқыту жүйесі тұлғаның дамуын оның зияткерлік (интеллектуалдық ) деңгейімен өлшесе, («Бұл адам қандай ақылды?» деген мағынада), бүгінде бұл мәселе тұлғаның  өзіндік рефлексиясымен (яғни қоршаған, зерттеліп жатқан  болмысқа деген адамның өзіндік көзқарасы, оның құндылықтарын, себептері мен салдарын, мағынасын түсінуі, өзіне-өзі есеп беруі мен бағалауы) байланыстырылады. Ал бүкіл Әлемді және басқаны түсінуге, адам болуға, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытуға тек диалог арқылы жетуге болады. 1998 жылы өткен Әлемдік философиялық  конгресте  диалог – тұлғаның адамгершілік қасиеттерді иемденудің ең басты тәсілі деп аталғаны бекерден бекер жәйт емес болар. Сонымен, білімнің басты мақсатын  «Үйрету!» деп жұпыны, таяз түрде түсінбей, «Адами қасиеттерді басқа адам ды түсіну арқылы бойға сіңіру үшін қажетті жағдайлар жасау» немесе, басқаша айтқанда, «Диалогтік қарым-қатынасқа үйрету/үйрену» деп қабылдап, «Диалог−оқу/оқыту процесінің басты құралы» деген қағиданы ұстанған абзал . Осыған сәйкес әрбір сабақты қарым-қатынас әрекеті, қатысушылардың бірін-бірі сыйлау тұрғысындағы қоян-қолтық араласы деп түсінген орынды.

   Диалог−адам өмірінің мәні мен мақсаты.

    Өмірде ең керекті білім(білік, дағды, машық, құзырлылық) – қоғамда өарым-қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу. Таным мен білім – адамдардың өзара әрекеттердің нәтижесі деп есептеген, тіпті қарым-қатынас, диалог – өміріміздің мәні деп түсінген. Философияда диалог тек  қана қарым-қатынас құралы болмай, сонымен бірге өмірлік мақсат ретінде танылып отыр. Бұқ тұжырым өмірге деген көзқарасты түбегейлі өзгертуі мүмкін. Ол « Өмірдің мәні−қарым-қатынас пен диалог, өмірдің өзі де қарым-қатынас пен диалог» деген өмірлік қағиданың үстемдігіне бастайды. Ал бұл дегеніміз әр адамға басқаға деген ынта мен ықыластың пайда болуына алып келеді, адам өз өмірінің мәнділігі мен толыққандығын тек басқалармен байланыс пен өарым-қатынас арқылы ғана өлшейтін болады.

    Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
                                                                                               К.Д.Ушинский
    Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты.
Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.
Оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады.
    Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
    Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр.
Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.
    Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастардың түсінікті болуы керек. Егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады. 
Оқуды белсендіруге және диалог түрінде оқытуды белсендіруге ықпал ететін кез келген тәсілді қолдау мектептің басынан бастап құқықтар тең бөлінген орын екенін білдіретін фактіні растайды; сабақ беру мен оқыту талқылау үдерісінде жүзеге асырылуға және ынтымақтастық қолдануға тиіс, сондықтан мұғалімдер оқушыларға өз бетінше орындау құқығын беретін, сыныпта аса демократиялық атмосферасын қалыптастыратын тәсілмен оқыту үдерісін көңіл бөле ұйымдастыруы керек.
    Бағдарламаға сай, сабақ барысында «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді»- қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы:талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім.
    Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнативті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Выготский когнетиві дамудың оқушылар өздерінің«Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.
    Орыс тілі сабақт арында, мысалы 7-і сынып  оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында, әр сабақтың тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақтар, сұрақ - жауап, тексеру сұрақтарын дайындадым. Орыс тілі сабағында– тілдік қарым-қатынас, өз ойларын емін –еркін жеткізе алу. Орыс  тілде сөйлеуге дағдыландыру,ереже түрлерін дұрыс қолдана алу, мәдениетті сөйлеу .

    Білімді бере салу оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет. Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Бұл ұсыныстар менің сабақтарымда да болғанын айтқым келеді, әрбір сабақ соңында жауаптарына қарай оқушы білімін бағаладым. Оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жеткен жетістігін талқылап бағалау өзара әрекеттесуіне әсер еткенін бақыладым. Әр сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырды. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беру керек екенін ескердім.
     Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді.
Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті үшін ынталандыру болып табылады.
Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
–оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
– оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
–білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру ынталандырады.
– оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
– оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
–оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
– оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41 - бет.)
    Оқушылар өз сабақтарымда тақырыпта не оқылатынын, нені білу керектігін, ненің маңыздылығын түсініп сезінді.
Оқушылар тақырып бойынша мұғалімге оқушылардың білім деңгейінің қандай екенін түсінуіне ықпал ететінін сабақ барысында бақыладым.
Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде оларды өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан. Ендеше, оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі - топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды. Мысалы,  орыс тілінде сурет бойынша әңгіме құрастыру кезінде, тапсырмаларды орындауда оқушылар ұжыммен өзара кеңесіп, талдап,мәтін құрастыра отырып,  талқылап ортақ шешімге келіп, түсіндірді.Кластерге түсіріп, тақырыптарын қорғады.
Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы.Сабақ соңында бір-бірлерін бағалау.
    Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі - төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады.Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады. Ол үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынамалау, қайта бағыттау сияқты әр түрлі технологияларды пайдаландым.

    Орыс тілі мен әдебиет сабағында диалогтің маңыздылығы неде ?- деген сұраққа жауап іздей келе, оқыту мен оқудың түйінді тоғыз ұстанымы сипатталады: оқушыны бүкіл өміріне жеткілікт і біліммен жабдықтайды- білімді арттырады- алдын ала зерттеу мен тәжірибеге негізделеді- оқытуды қолдайды – оқыту үшін бағаалау мен оқуды бағалауды қолданады ­ ­­­оқушының іскерлікпен белсенді қатысуына ықпал етеді - әлеуметтік және жеке үдеріске ықпал етеді - мазмұндық оқытуды жүзеге асырады – кәсіби дайындық  деңгейін  жетілдіреді.

    Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін, қалай оқу керектігін түсінетін жеке тқлға екендігіне ерекшк мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дам ыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман талабы. Көштен қалуға болмайтындығын бәріміз де түсінеміз.

    Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болсақ:

−барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады;

−барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді;

−олар бір нәрсені қате айтамыз деп қорұаұтайды;

−жауапты бірлесе іздеп, жолдастық көмек, бір-біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады;

− ең бастысы олар бір-біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі үйретеді.

Білім беруде жақсы істер жалғасын тапса оқушы қалай оқу керектігін түсініп, өзін-өзі реттеп, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйде болары анық. Мен үшін ең тиімді сабақ ол – нәтижелі сабақ. Ал, сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекеттерінен көрінеді.

    Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. Оқушыда сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алды. Өз ойын, пікірін айтып атсалысты. Онда оқушының ойын ұштаудағы, тиімді білім берудегі және құзыретті тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсіл. Себебі диалог мынадай қарым-қатынасты негіздейді: «мұғалім мен оқушы» және «оқушы мен оқушы». Бұл үрдіс менің бұрынғы сабақтарымда да орын алған. Алайда өткізген дәстүрлі сабақтарымда үстіртін ғана сұра-жауап ретінде  жүріп отырғанына көзім жетті. Өйткені оқушылар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы қысқа жауап беріп отырды. Себебі диалогті бұлай қолдану оқушының терең ойлауына,  алған білімін талдап, сараптауына мүмкіндік бермегенін түсіндім.  Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды.  Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек.

Осы мақсатта диалогті жаңаша қырынан қарап, алғашқы  бетпе- бетте алған білімімді жинақтап, талдай отырып түрлендіре отырып сабақтарымда қолдандым.

    Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай  Александер `(2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш- жігер жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады,  ол бірлескен зерттеу барысында анықталады.

    Мерсердің зерттеуіне  сәйкес әңгімелесу оқушының оқуының ажырамас бөлігі болып табылады. Сол әңгімелесудің бірнеше түрі бар. Олар:  Топтық әңгіме оқушыларға топтық тапсырма беру барысында жүзеге асты. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы ақылдаса отырып талқылап, ортақ шешімге келді. Бұл тәсіл сыныптағы баяу, енжер оқушының сабаққа қатысуына жол ашты. Себебі ол достарымен бір топта жұмыс істеп, сұхбаттасты. Тапсырмаларды орындап белсенділік танытты. Топ жұмысына үлес қосып, бір қырынан көрінді.

Зерттеушілік әңгімеде оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып, талқылай алды.

Жалпы алғанда сыни тұрғыда ойлау жаңа әдіс- тәсілдермен тығыз байланыста. Ал сыни ойлау мен диалогтік оқу әдістерін қатар қолданғанда оқушының сабақтағы белсенділігі артады. Себебі диалог барысында сабақтарда сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтарды пайдалану арқылы оқушы пікірін білдіріп, сұрақ қойып диалогқа түсуге жетеледім.

Өз сабақтарымда диалогтік оқытудың тиімді жақтары мынада болғанын байқадым:

 

– Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалануға тырыстым. Ал диалогтік әңгіме құру уақыт үнемдеуге тиімді болды.

 – Оқушылар бір- бірін тыңдай білуге үйренді. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы басқаларды мұқият тыңдайды.

 – Оқушылар сыни ойлауға көмектеседі, пікір алмасады.

 – Оқушы бір- бірін оқытады.

   Сабақ барысында мынадай кедергілер кездесті:

    Іс – тәжірибенің, уақыттың аздығы. Бір-бірін тыңдай білмеуі, топта жұмыс істеуге дағдыланбағаны. Үлгерімі жақсы оқушылардың мен- мендігі. Өздерін бағалауда машықтанбағаны.

Жетістіктер:

    Қызықты, тартымды әрі әсерлі тапсырмалар үстінде оқушылардың сабақққа деген белсенділігі артуы. Орташа және мотивациясы төмен оқушылардың өзіне деген сенімділігінің пайда болуы.

Болашақта:  Әр жоспарда әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, оқушының қабілетіне қарай құру. Шығармашылықпен жұмыс істей алатын белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, адамгершілігіі жоғары, денсаулығы мықты, рухани бай, мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

  Бұл бағдарламада оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру менің басты мақсатым болып табылады.

Әрине дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға болмайды. Оның да алар орны бар. Бірақ, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланы өмірге бейімдеп дайындаймыз,– десем артық айтқандық болмас.

Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.

 

                          Қолданылған  әдебиеттер.

  1. «Білімдегі жаңалықтар». Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана,2009 ж.
  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгері) деңгей.
  3. Интербелсенді әдістемені ЖОО – да қолдану мәселелері.

     Асхат Әлімов. Алматы-2013

  1. Өз тәжірибеммен бөлістім.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика сабағында жеті модуль идеяларын қолданудың тиімділігі
Диалогтік оқыту-оқушыларды оқу үрдісіне ынталандырудың және танымдық қабілетін дамытудың негізі
Заманауи әдіс – тәсілдер арқылы мемлекеттік тілді меңгертудің жолдары
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның диалогтік оқыту модулін қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивті есеп
Оқушы белсінділігін арттыруда диалогтік оқытудың тиімділігі
Оқытудағы жаңа тәсілдер
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МОДУЛЬІ БОЙЫНША ДИОЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП
Диалогтық оқыту
Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағына толық талдау туралы рефлексивтік есебі
Физика сабағында диалогтік оқытудың маңыздылығы
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 8471 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 12 августа 2015 12:01
о статьеҚызықты, тартымды әрі әсерлі тапсырмалар үстінде оқушылардың сабақққа деген белсенділігі артуы. Орташа және мотивациясы төмен оқушылардың өзіне деген сенімділігінің пайда болуы.

Болашақта: Әр жоспарда әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, оқушының қабілетіне қарай құру. Шығармашылықпен жұмыс істей алатын белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, адамгершілігіі жоғары, денсаулығы мықты, рухани бай, мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Бұл бағдарламада оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру менің басты мақсатым болып табылады.

Әрине дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға болмайды. Оның да алар орны бар. Бірақ, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланы өмірге бейімдеп дайындаймыз,– десем артық айтқандық болмас.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз