Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Екінші деңгей бағдарламасының басым бағыттары туралы пікірім.


Екінші деңгей бағдарламасының басым бағыттары туралы пікірім.
Екінші деңгей бағдарламасының басым бағыттары туралы пікірім.

Жайықбаева Жібек Сырғабайқызы
информатика пәні мұғалімі
№103 жалпы орта мектебі
ОҚО, Шымкент қаласы

«Өзгеріс – өткінші оқиға емес, ол уақытты керек етеді.»

Болашақ еліміздің тұтқасы жас ұрпаққа білім беруде әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көптеген жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекетіміз білім беру жүйесін әлемдік үздік жүйеге сәйкес деңгейге көтеруді көздеп отыр.
Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету, жаңаша оқыту үлгісін қалыптастыруды оқу, білу, үйрену мақсатында биыл шілденің 22 –сінен бастап Шымкент қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымының Педагогикалық Шеберлік Орталығы Кембридж Университетінің Білім Беру фаультетімен бірлесіп әзірлеген Екінші / негізгі / деңгейлік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсына келдім.
Екінші деңгей бағдарламасы екі басым бағытта әзірленген:
Біріншісі - мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы замануи түсініктерге сай келетін бай білімді игеруі.
Екіншісі - мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара байланысты үдерістерге көңіл бөлу.
/ мұғ.арн.нұсқаулықтан/.
Облыстың әр аудандарынан жиналған ұстаздар үлкен жауакершілікпен, бар ынта-жігерімен осы бағдарламаны оқып үйренудеміз. Білім беру саласында болып жатқан бұл жаңалық әр ұстаздың өміріне үлкен өзгеріс болары анық.
Бірінші айдың, «Бетпе- бет» кезеңінде бағдарламаның түйінді идеяларына және оларды мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу болды. Бұл айда біз тек курс Бағдарламасымен ғана танысқан жоқпыз, жұмыс жасаудың жаңа тәсілі–бірлесіп топтық жұмыс жасауға машықтандық. Топтың маңыздылығын түсіндім. Апта сайын топтарды ауыстырудың арқасында курсқа келген мұғалімдер бірімізді- біріміз жете таныдық, әрқайсысымыздың бойымыздағы жақсы қабілеттерімізді танып ,үйрендік. Берілген тапсырма бойынша жоба жасаудың қыр-сырын меңгердік. Айтар ойымыздың ең мәйегін көрсету жолдарын түрліше етіп құрастыруымыз, оның маңыздылығын жан-жағынан, әр қырынан көрсетуіміз біздің де сыни ойлауымыздың нәтижесі ретінде кабинет қабырғаларынан көріне бастады. Күнделікті берілген дәрісті кері байланыс арқылы қорыту, сол күнгі жұмыстың нәтижесінің шағын хабарламасы болып жинала берді. Бағдарламада берілген модульдегі жаңа тәсілдерді оқи отырып, оны күнделікті жұмысымыздың өн бойында бірге қабаттаса жүргенін енді байқағандаймын. Оған дәлел: бірлескен топтық жұмыстағы диалогтік әдіс арқылы пікірлесу, талдауымыз, оны сын тұрғысынан талқылауымыз, әрине көп болып атқарған жұмыста дара шығып, сол топтың белсендісі , соңғы нүктесін қояр қабілетті, дарындысы да анықталып отырды. Курс аяқталғанға дейін қалай АКТ-ны тиімді пайдалануды игеріп шыққандығын өзіміз де сезбей қалдық. Өйткені, әр тапсырманы орындауда Интернет желісін пайдалану, таныстырылымдарды тек АКТ-ның көмегімен атқару, жеке сайттармен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы АКТ-ның тиімділігінің тағы бір дәлелі болды.
Осындай қызуы да қызықты жұмысымызды басқарып, қазіргі оқу үрдісінің жүрісін талдап ,сапалы оқытуды қалай ұйымдастыру қажеттігін ұғындыру барысында бізге жаңа құлшыныс пен тың идеяларды ұсынып тамаша көшбасшы бола білген тобымыздың тренері Есбосынов Наурызбек Мүрсаліұлына құрметіміз шексіз. Оқытудың жаңа тәсілдерімен жұмыс жүргізу мұғалімдер үшін өте қызықты. Әрине, оны қалай жүзеге асырамыз деген әрқайсымыздың көңілімізде күдік бар. Алайда бізде бар ынта-жігерімізді осы жолға салып, оңтайлы нәтиже көрсету үшін көп еңбектенуіміз қажет. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің, яғни ұстаздар қауымының міндеті. Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Эссе
КОУЧИНГ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ.
«Ақпараттық –коммуникациялық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру» коучинг сабағы жайында рефлексивті есебі.
ДЕҢГЕЙЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МЕНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫМА ЖӘНЕ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ КӨРСЕТУІМ ҮШІН ҚОСҚАН МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
"Желілік қоғамдастық - ұстаздар қауымын жетістікке бастайды"
Сапалы білім-Көшбасшылықта
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалардың бірінің топтық талдауын көрсететін бірлескен таныстырылым бойынша мұғалі
Мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы
Қазақ тілі пәнін оқытуда модульдердің кіріктірілуі
Бөлім: Статьи / Эссе | Көрсетілім: 3739 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз