Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мамандығым – мақтанышым


Мамандығым – мақтанышым

БҚО, Бөкей ордасы ауданы
Б.Жаникешев атындағы ЖОББМ
Утарбаева Жанылсын Курамисовна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Эссе
Мамандығым – мақтанышым

Ұстаз...
Осынау сөзді айтқанда көкірегіме жылылық ұялайтын. Ұстаздық мамандыққа деген құмарлық мені бүгінгі мамандығыма алып келген жол болды. Сонау бала кезімнен бастап алғаш қолыма қалам ұстатып, әліппедегі қырық екі әріпті танытқан, мейірім мен шуағын төккен алғашқы мұғалімнің тұлғасына еліктеуші едім. Оны құдіретті күштің иесіндей сезініп, сол мұғалімнің орнында болғым келетін. Оның тұлғасы мен үшін қол жетпес армандай болатын. Енді, міне, араға бірнеше жыл салып, сол құрметті де қасиетті мамандық иесі атандым.
Бейтаныс біріне айтсам кісілердің,
Мендегі қуанышты түсінер кім?!
Мен кеше шәкірті едім ұстазымның,
Ал бүгін ұстазымын кішілердің,-
деп Ақжайықтың ақ шағаласы Ақұштап апамыз айтқандай, көзбен көріп, қолмен ұстағанда ұстаздық менің қиялымдағыдай әдемілік пен әдептіліктен ғана тұрмайды екен.

Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан, - деген дана Абайдың сөзін бойтұмардай қасиеттеп жаныма түйгем. Бұл сөзден мен өмірде адаспай өз орныңды тауып және елге, халыққа мінсіз қызмет ету керектігін түсіндім де соны орындауға тырыстым.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың білімі сапалы, жан-жақты дамыған болуы керек. Соған байланысты ұстазға қойылатын басты талап – жан-жақты ақпараттандырылған, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдау.
Басқа пәндер сынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің де өзіндік ерекшелігі, артықшылығы бар. Ол – оның тәрбиелік мақсатының айқын болуы. Жалпы, оқытуда тәрбие мәселесінің басты орын алуы тиіс екенін естен шығармау қажет екені аян. Әрбір өтетін сабағымда оқушыларымды әдептілік, ұлтжандылық, ерлік, отаншылдық қасиеттерге тәрбиелеу керектігі басты қағидама айналды. Әсіресе, қазіргі жаһандану заманында ұлттық тәрбие беруді күшейту қажеттігіне байланысты сабақтың тәрбиелік мақсатын айқындай түсуге күш салып келемін. Ел қорғаған, туған жерін шексіз сүйе білген ата-бабаларымыз жайында жазбалар жеткілікті. Осы ата-бабамыздан дарыған адами қасиеттерден үлгі алып, солардай болмасам да, ұқсап бағу керек екенін шәкірттерімнің санасына құюдан еш жалыққан емеспін.
Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек деп ойлаймын. Жаңа технологияларды меңгеру – мұғалімнің кәсіби, адамгершілік, рухани, азаматтық қасиеттерінің қалыптасуына әсер ете отырып, мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады. Заман ағымынан қалмай жұмыс істеу, жаңалықты игеру – мұғалім жұмысының басты нысаны. Мен де жаңашыл ұстаздардың іс-тәжірибесінен үйреніп, өз сабақтарымда қолдануды көздеп, дамыта оқыту, сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологияларын, не олардың элементтерін сабақтың мазмұнына сай пайдаланып жүрмін. Сөзі шешен, ойы орамды, қиялы жүйрік тұлғаны тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің салмағы ерекше деп білемін.
Ертеңгі күні ауыл мектебін бітірген жас шәкірт қоғам алдында дәрменсіз болмасы үшін шаруашылықтың кез келген саласына қажетті ортақ білік, дағдыны мектептен алып шығуы тиіс. Өз ұлтымыздың, мектебіміздің өркендеп, болашақ білімді шәкірттер дайындау үшін бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, ойын, тілін дамытуды қолға алған жөн деп ойлаймын.
Еккен дәннің жемісін көру үшін алдыма келген әр баланың жүрегін жаулап алып, өмірден өз орнын таба алатын, дүниенің бір кірпіші боп қаланатындай азамат тәрбиелеу керектігін парызым деп білемін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазіргі таңдағы ұстаз қандай болу керек?
Эссе
"Қазіргі заман мұғалімі" тақырыбындағы эссе
Мен-ұстазбын
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Менің педагогикалық ұстанымым
Менің педагогикалық философиям
Менің педагогикалық философиям
Ұстаз-ұлы тұлға
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 9923 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз