Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің педагогикалық ұстанымым


Менің педагогикалық ұстанымым

Менің  педагогикалық  ұстанымым

О,  ұстаз,  өміріме  болдың  негіз

Қашанда  қиындықпен  тудың  егіз

Сусындар  барлық  ұрпақ  бір  өзіңнен

Ортаймас  сен  бір  мұхит,  түпсіз  теңіз

       «Орта  білім  берудің  мақсаты – терең  білім, кәсіби  дағдылар  негізінде  еркін   бағдарлай  білуге,  өзін- өзі  іске  асыруға,  өзін - өзі   дамыту  және  өз  бетінше  дұрыс  адамгершілік  тұрғысынан  шешім  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру», - делінген  Қазақстан  Республикасының  2015 жылға  дейінгі  білімді  дамыту  тұжырымдамасында.  Солай  екен,  ұстаздың  міндеті   жеке  тұлғаның  өзіне,  қоғамға  қажетті  қабілеттерін  қалыптастыру,  дамыту  және   өз  бетімен  білім  алуына   жағдай  туғызу.

        Иә,  ұстаз  бола   білу,  оны  қадір   тұту,  қастерлеу,  арындай  таза  ұстау – мұғалімнің  азаматтық  борышы.  Ол – өз  мамандығын,  өз  пәнін,  барлық  шәкіртін,  мектебін  шексіз  сүйетін  адам  болуға  тиіс. Өз  ісіне    болған  сүйіспеншілік   ғана   оны  қиын  әрекетке  қызықтырады,  іске  батыл  кірісуге  септігін  тигізеді.  Сондай  болғанда  ғана,  бірнеше  жас  жүректе   мәңгі  ұстаз  болып  қалады. Ұстаздардың  ондай  қадір – қасиет,  құрметке  бөленуі  өзін  қоршаған  ортамен  әрбір  шәкіртіне  сезімталдықпен,  жауапкершілікпен  қарым – қатынас  жасауында. Өйткені,  ұстаздың  қарапайымдылығы,  мәдениеттілігі,  сыпайылығы,  жан – жақты  білімі  шәкіртке  де,  ата  - анаға,  жұртшылыққа  үлгі  өнеге.  Қай  уақытта  болсын  ұстаздың  бар  уақыты  ізденіс  үстінде  өтеді.  Ол  білімін  үздіксіз  толықтырып  отырады,  шеберлігін  шыңдайды,  оқушының  білімге  деген  ынтасымен  өзіне  деген  сеніміне  дақ  түсірмеу  үшін  өмір  бойы  атсалысады.

      Әл – Фарабидің   мына  сөздері  әр  ұстаздың  шығармашылық  ісіне  берілген  жоспары  сияқты: «Ұстаз  өзі  түсінген,  көрген,   естіген  және    аңғарған  нәрселердің  бәрін  жадында  жақсы  сақтайтын,  бұлардан  еш  нәрсені  ұмытпайтын  болуы  керек...  Ол  алғыр  да  аңғарымпаз   ақыл  иесі,  өткір  сөз  иесі  және  ойына  түйгеннің  бәрін   айтып  бере  алатын  мейлінше  шешен,  білімге  құштар  жаратылысына  әділеттілік  пен  әділеттілерді  сүйіп,  жақындарына  да,   жат   адамдарға  да  әділ  болуы  қажет.  Қорқыныш  пен  жасқануды  білмейтін  батыл,  ер  жүрек  болуға  тиіс.  Мұғалім,  бір  жағынан,  бойындағы  бар  білгенін  балаға   береді,  ал   екінші  жағынан,  халықтың  өміріндегі  таңдаулы  атаулыны  өз  бойына  дарытып,  осы  таңдаулыны  қайтадан  балаға  береді».

       Мұғалім  адам  тәрбиелеуші,  жас  ұрпақтың  санасына   білім  нәрін  құйып,  мінез - құлқына  ірі   адамгершілікті  дарытушы.  « Ұстаздың  әр  ісінің  жемісті  болып  келуін  одан  шығатын  нәтиже  ғана  шешеді. Ал  нәтиже  дегеннің  өзі  баланың  тәрбиеленуіндегі    ұстазының  сөзіне  әсерленіп,  соны  ұғынуы», - дейді  М.Мұқанов.

       Халық  даналығында: « Ұстаз  талапты   болса,  шәкірт  талантты   болады» деген  сөз  бар.  Қазіргі  педагогика  ғылымында  оқушы  шығармашылығына  бағыт - бағдар  беру  мәселесі  кеңінен  көтерілуде.

       Шығармашылық – бүкіл  болмыстың,   қозғалыстың,  дамудың  көзі. Өз  бетімен  орындалатын  ізденіс  жұмыстары  оқушылардың   танымдық  қызығушылықтарын  арттырады.  Өз  бетімен  жұмыс  жасауға  дағдыланып,  шеберлігі  шыңдалады,  жауапкершілігі  артып,  өзіне - өзі  баға  береді,  жаңалыққа  ұмтылады. Оқушылардың  қиялдары  жүйрік,  жан  дүниесі  нәзік,  қабілетті  болып  келеді.  Сол  қабілетті  дамытудың  негізгі  шарты – табандылық. Табанды  болмай  тұрып,  ізденістің  болуы  мүмкін   емес. Оқушы   бойында  да  осы  қасиетті  дамыту  қажет. Сонда  ғана   еңбекке  шығармашылықпен  қарау  ойдағыдай   қалыптасады. Балаға  сеніммен  қарау,  оның  кішкентай  жетістігі  болса да  жоғары   бағалап,   мадақтау  оқушыға  жігер  сыйлайды.   

         Жақсылыққа   бастайтын  сара   жол – білім.  «Надан  жұрттың  күні – қараң,  келешегі  тұман»,- деп,  М.Дулатов  айтқандай,  егеменді  ел  тірегі -  білімді  ұрпақ    қолында.   Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқуға, үйренуге деген ықыласын, сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу,  оқушы бойына жауапкершілік сезімін қалыптастыру – біздің  міндетіміз. Педагогикалық  ұстаным – бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез – құлқында басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары,  қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолында  үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, биік мақсатқа жетелеу  болып  табылады.

 

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Досжанова  Р.К. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Эссе
"Қазіргі заман мұғалімі" тақырыбындағы эссе
Жеке тұлғаны оқыту, дамыту және тәрбиелеу тұтастығы
Мен-ұстазбын
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Ұстаз болу- жүректің батырлығы
Мамандығым – мақтанышым
Ұстаз- мектептің жүрегі
Ұстаз шәкіртімен әйгілі
«Шығармашыл ұстаз-жаңашыл ұстаз».
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 10867 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз