Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Стресс және оны жеңу тәсілдері


Стресс және оны жеңу тәсілдері
Каражигитова Гульнар Адилбековна
(Педагог-психолог, Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі,
Атырау облысы, құрманғазы ауданы)

Стресс (ағыл. stress) қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше куйі. Ғылымға ең алғаш ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады.
Стресс үш кезеңнен тұрады:
1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3) әлсіреу – бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды.
Стрессті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Стестің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.
Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі қанат жаяды.
Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну, құндылықтарды жоғалту, оқуды жеккөру және т.б.
Уолтер Рассел «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз» деген пікір айтқан екен. Әр адам өзінің дене және психикалық саулығыңызға назар аудару керек. Психологтар дерттен айығу үшін адам ең алдымен ішкі жан дүниесінің мәнін ашып, өзінің сүйікті ісімен айналысу керек дейді. Стрестік күйде жүрген адам «барлығы жақсы» деп, жайма-шуақ өмір кешетін адамнан гөрі шешімді тез әрі дұрыс қабылдайды екен. Зерттеушілердің пайымдауынша, күйзелістегі адам ақпаратты тез сараптап, шешім қабылдағанда тосылмайды. Бірақ бұл тек біржақты пікір. Психологтар стрестік кезеңде жүрген адамның кез келген тапсырманы орындай алмайтынын айтады. Өйткені стреске тап болған жан жауапкершіліктен гөрі өз проблемаларына көбірек мән береді. Сондықтан жұмысты да, басқасын да кейінге ысырады.
Қарапайым адамдардан гөрі, ұлы адамдар күйзелістік күйге жиі ұшырайды. Тіпті психологиялық күйзелісті қолдан жасап, шабыт шақыратын дарындылар да бар екен. Ал кей дарындылар күйзелістен шығудың өзіндік әдісін ойлап тапқан.
Ұлыбританияның тақ мұрагерін дүниеге әкелген әйгілі ханшайым Диана босанғаннан соң ауыр күйзеліске тап болады. Дертті еңсере алмаған ханшайым өз- өзіне қол салып та әрекеттенген. Әйтсе де уақыт өте келе ол дертінен айығудың жолын тапты. Диана қайырымдылық жұмыстарын толықтай қолға алып, өзге адамдарға бақыт сыйлауды жөн көрген.
Лев Толстой әлемге әйгілі «Анна Каренина» атты романын жарыққа шығарғаннан соң, бірер уақыт депрессиялық күйзеліске ұшырайды. «Өмірде бақыт жоқ, тек оның ұсақ-түйек бөлшектері бар» деп шағымданыпты жазушы. Талант иесінің өмірден баз кешкені соншалық, тіпті өмірімен қош айтысуға да бел буған. Бірақ Толстой түбегейлі дінге бет бұрып, дертінен айығады. Осылайша сенім дерттің бетін қайтарған.
Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?
Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры. әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймау керек. Барлығы орнымен болғаны жөн.
Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барып, жаттығу жасап, билелеп, ән айту керек.Таза ауада серуендеп, бассейнге, моншаға барыңыз.
Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыкатаңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.
Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?
Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары бар. Олардың бірі – эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі – жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу. Үшінші жол – қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер.
Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-күй тек біздің теріс ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.
Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар сяиқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау.
Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз.
Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған.
«Сау дененің рухы да сау!» – деп айтылады. Дұрыс үйлестірілген тағам, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден бас тарту сіздің стрессті жеңудің тағы бір әдісі болады. Диета сияқты, артық ішіп-жеу стресске әкіліп соқтырады, зорланудың салдарынан организм тез толып кетуі мүмкін. Тамаққа көп жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, дәнділерді және теңіз өнімдерін қолданыңыз. Көбірек қозғалыңыз, жүзіңіз, теннис ойнаңыз, бимен немесе йогамен айналысыңыз, конькимен немесе шаңғымен сырғанаңыз – ең бастысы өз жаныңызға жағатын істі таңдаңыз! Уақыт сайын массажға, спа-салонға, шаштаразға барып, жақсы көретін көйлегіңізді немесе костюміңізді киіп кешке румба билейтін, әлде караоке өлендерін айтатын жақсы көретін барға барып келіңіз. Демалыс күндерінде ұйқыңызды қандырыңыз. Орташа статистикалық адамға қалыпты тiршiлiк әрекетiн және сергектік рухты сақтау үшін күнделікті 7-9 сағат ұйқы қажет!
Енді сіз тамаша қаруландырудасыз және стресстік ситуацияларға түспеуіңізге, өз денсаулығызбен жастық шағыңызды ұзақ жылдарға сақтауыңызға үміттенеміз!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бала психологиясы
ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау
ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы
Күйзелісті қалай жеңуге болады?
Күйзелістен айығу жолы
Дерт жинаған деректер
Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету түрлері
Эксперимент жаттығуы
Стресспен қалай күресуге болады?
Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері және оның алдын алу жолдары
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 18056 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз