Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дерт жинаған деректер


Дерт жинаған деректер

Дерт жинаған деректер

Қазір 40 жастан асқандардың 10 пайызы күйзеліске түссе, оның үштен екісі әйелдер екен. Ал күйзеліс 65 жас-тан асқандар арасында анағұрлым көп. Балалардың 5 пайызы, жасөспірімдердің 15 пайызы осындай жағдайды басынан өткереді. Дамыған мемлекеттер халқының 20 пайызы депрессияға ұшыраса, ал қазақстандықтардың 30 пайызға жуығы жабығуға бейім. Әсіресе, бұлардың ішінде кішігірім қала тұрғындары мен жалғызбастылардың үлесі басым.

    Айта кетерлік жайт, наркологиялық диспансерлер мен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың басым бөлігі белгілі дәрежеде жүйке жүйесінің қызметі ауытқығандар. Демек, күйзелістің қауіптілігі біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Оның үстіне, суицид деген қасірет адамзатты қынадай қырып жатыр. Бұл қасіреттен Қазақстан дүние жүзі бойынша тізім басында көш бастап, үшінші орынға тоқтайды. Бұл жерде де күйзелістен басталатын психикалық ауруларды  жоққа шығара алмаймыз. Оған дәлел, өз-өзіне қол жұмсайтындардың 25 пайызы – психикалық дертке шалдыққандар.

Депрессияның униполярлы, биполяры, үлкен және мерзімдік, рекурентті, дистимия сияқты түрлері жетерлік. Медицина мен психологияда терминдік атаулары бекітіліп, ерекшеліктері мен сипаттары сараланып қойылған. Ал, негізінен депрессия пайда болуының реактивті және эндогенді түрлерін атаймыз. Реактивті депрессия өмірдегі белгілі бір жағдайларға байланысты туындайды. Мәселен, жақындарын жоғалту, апатқа ұшырау немесе қызметтік ауыс-түйістегі сәтсіздіктер, адамдар арасындағы қатынастан туындайтын кикілжіңдер сияқты жалғаса береді. Ал егер осы аталған сыртқы факторлардың әсерінсіз-ақ адам алжаса бастаса– эндогенді депрессияның бой көрсеткені. Адамның ішкі ойындағы «жегі құрттар» оны құлдырауға итермелейді. Бұл адам белсенділігінің, өмірге құштарлығының жоғалуы, қорғансыздық, үмітсіздік, күдік пен күмән, өзін-өзі немесе өзгелерді кінәлау, тағы да басқа толып жатқан жағымсыз эмоционалдық күй. Мұның соңы адамды психикалық тұрғыдан да, физиологиялық тұрғыдан да шаршатып, тамаққа тәбеті тартпай, ұйқысыздыққа ұрындырып, күйгелектікке әкелуі мүмкін. Тіпті айналасындағылардың бар-жоғын ескермейтін делқұлыға айналдыруы да ғажап емес. Сана-сезіміне, ақыл-есіне әсер етіп, нәтижесінде адам өз ішінен, өз әлемімен тұйықталып, терең ойдың тұңғиығынан шыға алмай қалады. Әрі-беріден соң өз-өзін, тұлғалығын, болмысын тани алмай азапқа түседі. Қиялындағы идеалын іздеумен болады. Кейбір зерттеушілер: «Күйзеліске ұшыраған адамдар сүю, жақсы көру деген сезімдерден мақұрым», – дейді.

 Жалпы психикалық аурулар невроз және психоз деп бөлінеді. Невроз кез келген адамда, өмірінің кез келген кезеңінде болуы мүмкін. Оның стресс, депрессия, дистимия сияқты толып жатқан түрі бар. Ал психоз – тұқым қуалаудан немесе бір апатқа ұшырағанда, денесіне дерт жабысқанда болады. Бүгінде айдың күннің аманында күйзеліске түсіп, стресс алып ауру атанып жатқандар көп.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бала психологиясы
Стресс және оны жеңу тәсілдері
Ақпарат әлемінде
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану, оның генетикалық маңызы
Күйзелісті қалай жеңуге болады?
Бейнелеу терапиясы
Күйзелістен айығу жолы
Күйзеліс жағдайында психологиялық көмек көрсету түрлері
Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері және оның алдын алу жолдары
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2134 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык