Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәрбие – жанұядан басталады


Тәрбие – жанұядан басталады

Тәрбие – жанұядан басталады

Көкпекті жалпы білім беретін орта мектебі

Дайындаған: Казимова Н. А.

Тақырыбы: Тәрбие – жанұядан басталады

Бала – ұлт болашағы. Олай болса бала тәрбиесіне қырандай қарау керек. Ешкімде де ұлттық салт – санадан тыс өмір сүре алмайды. Ата – ана парызы – баланы ұлт тірегі мен талабына сай тәрбиелеу.

Халқымызда тәрбиеге қатысты көптеген дана пікірлер бар. Соның бірі: “Ұлыңа беске дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала.” Мұндай, баланың жасына сай рухани қарым  - қатынаста болудың өсиеті қандай тамаша айтылған.

Отбасымызда өсіп, ержетіп келе жатқан балаға адамгершілікке негізделген жағдайда өмір сүруге мүмкіндік жасалуы керек. “Ойсыз думан жас адамды қор етер”, “Өскің келсе, өзімшіл болма” деген сөздер әрбір жастың жадында болуы шарт.

Бала тәрбиесіне тек мектеп мұғалімдері емес, ең алдымен мемлекетіміздің болашағына бей-жай қарай алмайтын әрбір ата – ана жауапты.

Ата – ана үшін айтарым:

Әр баланың мінез –құлқы, іс - әрекеті, болмыс парасаты әр түрлі,сондықтан бала тәрбиесінде қателіктер жібермес үшін мына қағидаларды еске сақтаңыздар.

  • Егер бала меншіл болса – жек көруді үйренеді;
  • Егер бала алакөз ортада өссе – жауығуды үйренеді;
  • Егербаланы мадақтай берсе – тұйық болып өседі;
  • Егер баланы жазғыра берсе – жасқаншақ болып өседі;
  • Егер бала кешірімшіл ортада өссе - өзгелерді түсінуді үйренеді;
  • Егер баланы орайы келгенде көтермелей қойса - өз күшіне сеніп өседі;
  • Егер бала адал ортада өссе - әділетті болуды үйренеді;

Қазақ елінің болашағы, қазақтың өз төл таланттарының өсіп жетілуіне байланысты. Сондықтан ата – аналар ешкімге есесін бермейтін жаңа толқын тәрбиелеуге қажет.

Қазіргі ата – аналардың оған білімі мен билігі жетеді.

Тілімізді алтын таққа отырғызатын өжетте, білімді ұрпақ деген жастарды тәрбиелеу ата – ананың парызы. Кез келген қиындықтан тек өрелі білім арқылы шыға алатынымызды ұмытпайық.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Рухани-өнегелі тәрбие
Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі.
Бала жанұя айнасы
Отбасындағы бала тәрбиесі
Отбасы, мектеп және қоғамның ынтымақтастығы
Тәрбие көзі-отбасы мен балабақша біртұтастығы
Бала тәрбиесі баршаға ортақ.
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана
«Тәрбие-ортақ іс» атты ашық микрофон.
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 2341 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз