Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Заманға сай педагогикалық технологияларды қолдану негізінде оқытудың тиімділігін арттыру


Заманға сай педагогикалық технологияларды қолдану негізінде оқытудың тиімділігін арттыру

Заманға сай педагогикалық технологияларды қолдану негізінде оқытудың тиімділігін арттыру

Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашуда

Елбасы өз Жолдауында «ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп атап өтті. Өйткені, соңғы жылдары пайда болған «ілімге негізделген экономиканы» ескермесе болмайды. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім санасын, қабілеттік деңгейін іскерлік мүмкінділігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.

Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – бүгінгі мектеп, ұстаздар қауымының міндеті.

Шәкәрім «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді. Құнды қасиеттерге адамды баулу – туған кезден басталса керек. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің орны зор. Ендеше ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.

Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып жаңа көзқарас  пайда болуына байланысты даму бағытын қамтитын 50-ден астам оқыту технологиялары өмірге келді. Мысалы, саралап деңдейлеп оқыту технологиясы, тұлғаны жекелей дамытуға бағытталған технология, модульдік оқыту технологиясы, жеделдетіп оқыту технологиясы және тағыда басқа оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор.

Педагогикалық технология – қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс – амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы. Ж. Қараевтың педагогикалық технологиясы – оқытуды диференциялауға негізделген. Оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрлерінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның маңызды ерекшелігі оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырады. Яғни деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы, ынтасы, ойлау қабілеті, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі.

Педагогикалық технологияның басты мәселесі 1-ден оқушының оқу танымдық  әрекеттерінің құрылымы мен мазмұны, яғни сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі, 2-ден технологияландырудың түбегейлі проблемасы ретінде мақсат құрудың әдіснамасы алынады, ал мақсат - кез келген технологияның оқу процесін басқаруының негізі болып табылады. Педагогикалық  технологияның  басты мәні алға қойған мақсатқа толықтай жету, міне осыдан педагогикалық технологяның тиімділігі шығады.

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім беру технологияларының алдына қоятын мақсаты - білім алушының жеке басының дара және дербес  ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық технологиялардың оқыту үрдісінегі жүйесі – мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал - жол  екендігін ұмытпаған жөн. Себебі, жаңа педагогикалық технология ұстаз  шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің  ойлау қабілетінің ұштала түсуіне әсерін тигізеді, сонымен бірге әлеуметтік рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді. Сонымен қатар білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, оқу тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияны қолдануды басты назарда ұстау керек. Әрбір ұстаз күнделікті сабақта компьютер, интерактивті тақтаны тұрақты пайдаланумен қатар, электронды оқулық және интернет материалдары арқылы оқушының пәнге деген ынтасын арттыра түсуге міндетті.

Бүгінгі таңда танымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі болып, оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпайтыны белгілі. Олай болса оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін - өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға тілектеспін


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияны қолдану
«Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі»
ЖАҢАША БАҒЫТПЕН
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Инновациялық технологиямен оқыту – заман талабы
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ
Оқыту тиімділігі – озық технологияларда
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. «Адам ұрпағымен мың жасайды »дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен
Балабақшада сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану тәсілі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 4223 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз