Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тілді сүйсең менше сүй


Тілді сүйсең менше сүй
Адырбекова Ләззат Нұрғалиқызы . ОҚО Шымкент қаласы . №3 Ұлықбек атындағы . жалпы орта мектебінің . қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Тілді сүйсең менше сүй»
Сабақтың мақсаты: а) Мақал-мәтелдер арқылы қазақ тілінің байлығын көрсету, сабаққа қызықтыру. ә) Оқушыларды мақал – мәтелдерді дұрыс қолдануға, еркін, сауатты сөйлеуге үйрету. б) Патриоттық тәрбие беру, ойлау қабілетін дамыту, қазақ тілін құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: плакатқа жазыпған тіл туралы ойлар.
1 – жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, жас өркендер!
2 – жүргізуші: Зерделі де, білімді мектеп оқушыларының « Тілді сүйсең ,менше сүй» танымдық сайысқа қош келдіңіздер! Сіздердің алдарыңызда 5-сынып оқушылары өнер көрсетеді.
1 – жүргізуші:Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атада балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.
2 – жүргізуші: Қазақ тілі – дүние жүзінденгі ең бай, беделді тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас- деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен осы қасиетті – қазақ тілі.
---ХОР---
«Достық» әні орындалады
1 – жүргізуші: Ал келіңдер келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер

2 – жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып, . Тәрбие білім табар ма?
Бұл бәйге сөздің бәйгесі . Кім жүйрік сөзге – сол алда!

1 – жүргізуші: Бүгінгі 5-сыныптар арасындағы өтетін сайысымыз IV- кезеңнен тұрады.
I - кезең «Таныстыру»
II - кезең « Мақал-мәтелдер сайысы

III - кезең Көрініс
IV - кезең Өнер сайысы
V – кезең «Ғажайып қоржын»

Ортада 5 – сынып оқушылары кезекпен шығып, өз топтарын таныстырады.
I топ. « Зерде »
Зерделі ойды тіл айтады зейінмен
Танытар тіл – отаныңды еліңмен
Тіл тағдыры – ел тағдыры білсеңіз
«Зерде» деп қойдық тобымызды сеніммен

II топ. «Топжарған »

Шығарар намыс топты алдан
Дуалы ауыз тілге арман
Сайысқа келдік біліммен
Тобымыз біздің « Топжарған »

III топ. « Ақ желкен »

Тілімен елге бақ келген
Сара бір жолды сап берген
Құрметтеген ана тілдерін
Тобымыз біздің « Ақ желкен »

IV топ. « Жас ұлан »

Қалықтап көкте жас қыран
Халықпыз сөзге тоқтаған
Тілімен топты жаратын
Тобымыз біздің « Жас ұлан! »

2 – жүргізуші:
Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр
Елдің сәні сақталар жақсы сөзбен
Қай жұрт болсын толассыз осыған құл.

1 – жүргізуші:
Ойлы,шешен болғың келсе қазақтың мақалдарына үңіл дегендей, сайысымыздың келесі кезеңі « Мақал – мәтелдер » сайысы « Зерде » тобы мен « Топжарған » тобы, « Ақжелкен » тобы мен « Жас ұлан » тобы мақал – мәтел айтудан жарысады және жаңылтпаштар айтады.

2 – жүргізуші:
Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім. Түйе мінгеннің төрт ауыз, атқа мінгеннің алты ауыз өлеңі бар демекші, кез – келген сөзге, ән мен күйге шешен. Халық өзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жарған әділ билік айтатын шешен билерін қадірлеп, сыйлап, айтқан сөздерін жадында сақтап келген.

1 – жүргізуші: Енді әр топ өздері дайындап келген рөлдік көріністерін көрсетеді. I - топ III – топ II – топ IV - топ

2 – жүргізуші:

Озады деп түбінде,
Бәрін оқып тауысқан
Шөлі қанбай білімге, . Өткен талай данышпан.

1 – жүргізуші:
Іздегенде табады,
Ғылым жұмбақ, тау сындас
Білім өмір сабағы,
Ғұмыр бойы таусылмас.

2 – жүргізуші:

Енді қоржынға қол сала отырып, « Ғажайып қоржынның » сұрақтарына жауап береміз.
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
3. Елтаңба сөзінің аудармасы қалай?
4. Мемлекет сөзі қалай аталады?

1 – жүргізуші:

Жас көңілдер жайнасын
Шешен тілдер сайрасын
Айтып жібер бір әнді
Әнші жігіт қайдасың ?

Ән.

2 – жүргізуші

Би болады әрқашанда қыз барда
Жылуынан жібіп тіпті мұздар да,
Мың бұралып билегенде басқа кім
Жетер біздің әсем сұлу қыздарға. – деп

келесі кезегімізді өнер сайысына береміз.Әр топтың өнерлерін ортаға салып көрсетеді.

1 – жүргізуші:
Ана тілім – қазақ тілім, туған тіл,
Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

Осымен бүгінгі сайыс сабағымыз өз мәресіне жетіп қалыпты.Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз. ( Қатысушыларды марапаттау ).
Хор. «Алтын күн аспаны»

2 – жүргізуші:

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет ! Сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
"Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
Ел рәміздері – ұлттық мақтаныш
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тіл талапкері атты сыныптан тыс жұмыс
Қазақшаңыз қалай?
Ана тілім – асыл қазынам!
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 1832 | Қосты: Адырбекова Ляззат Нұрғалиқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык