Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қанатты достар


Қанатты достар

Тақырыбы: «Қанатты достар» (ұша алатындар туралы)

Мақсаты: балалалрды табиғатты сүйюге  баулу,табиғатқа қамқор бола білуге,үйрету.Құстар туралы түсінікткерін кеңейту,құстардың пайдасына тоқталу,сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрету,құстарға тән ерекшеліктерді ажырата білу  қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.

Қажетті құралдар:майлық,стакан,тәрелкелер,су бояқтар,

Көрнекіліктер: Құстардың суреттері,үлестірмелі суреттер,түрлі  - түсті  геометриялық  пішіндер

Қос тілділік: жыл  құстары-перелетные птицы,қарлығаш-ласточка,торғай-воробей,

Балалар алдымен өткен оқу іс-әрекеттерімізді еске түсірейік.Балалар алдымен ауа- райын бақылап алайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде ауа-райы қандай болады?

-Адамдар қалай киініп жүреді?

-Өте жақсы ,балалар,қане бәріміз орынымызға отырып алайық.

Д\о: Қыс пен  жаз

Күннің,қардың суреттері балаларға таратылады.Қыста қардың,жазда күннің суретін көрсетеді.

-Бәріміз аққала жасаймыз

-Далада әдемі гүлдер өсті

-Серуенге қалың киім киіп шықтық

-Суға түсіп,күнге күйеміз

-Аяз ата мерекеге келді

-Саябақта балмұздақ жедік

Балалар қане мұқият тыңдаңдаршы біреу есік қағып тұрған сияқты.Тық-Тық-Тық!

Кім болды екен?

Топқа қанаты жаралы қарылғаш ұшып келеді.

-Сәлеметсіздерме балалар!

Балаллар ,мен  жылы жаққа қанатты достарыммен  ұшып бара жатқанда жараланып қалдым,орман сиқыршысы сіздермен тапсырманы бірігіп орындасам тез  қанатың қатайып, жазылып  қанатты достарыңа қосыласың деп еді.

-Балалар маған көмектесуге қалай қарайсыңдар?

-Балалар қарылғашқа көмектесейік,қанатты достарын тауып алсын.

1)тапсырма:

-Қандай құстарды білесіңдер?

-Балалар құстар нешеге бөлінеді?

-Үй құстарын кім атап береді?

-Балалар құстар осы нені қорғайды?

-Ағаштар не үшін керек?Өте жақсы балалар құстар туралы тақпақтар көп біледі екенсіңдер!

3)тапсырма:

-құстар  қалай дыбыстайды?

Қаз:

Тауық:

Әтеш:

Үйрек:

Қарға:

Торғай:

Сауысқан:

Балларды орталықтарға пішіндер арқылы бөлу.

 

1-үстел: Д/О: «Түсі бойынша орналастыр»

Шарты :Пішіндер бойынша құстың бейнесін құрастырып жапсыру

Мақсаты:Балаларды пішіндерді сәйкестіріп таба алуға үйрету

2-үстел:«Не артық соны тап»  Шарты :Балаларға алдарындағы құстардың қайсы артық екенін сызып белгілеу.

Мақсаты:Балалардың зейінін,есте сақтау қабілетін дамыту.

3-үстел

«Құстардың балапандарын табу»

Шарты:Құстардың балапандарын дұрыс табу арқылы құрастыру.

Мақсаты:Балаларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

4 үстел

«Ғажайып  терек»

Шарты:Дәстүрден тыс тәсіл (саусақпен)қолдану арқылы  сурет салу

Мақсаты: Саусақпен салу тәсілін игеру және ұсақ маториканы дамыту

Сергіту сәті:

Торғай,торғай,тоқылдақ,

Жерден жемді шоқып ап.

Бөтекесі бұртиып,

Шиқ,шиқ десіп отырады.

Балалар өте жақсы ойын ойнап ,бойымыз сергіп,енді міне жаралы қанатым жазылған сияқты,Сау болыңдар!Құстарға қамқор болыңдар,оларға жем шашуды ұмытпаңдар.

Қарлығаш қоштасады

 

Қорытынды:Табиғат біздің байлығымыз,осы табиғаттың көркі сәні,әні болған құстарды қорғайық.Ал құстар өсімдік қорғаушысы.Сол құстарға қамқор бола білейік!

Балалар қағылған есіктің  дыбысына таңданады.

Қарылғашқа қарап,қандай құс екенін ойлап ,жауап іздейді.

Б:   Сәлеметсіз бе!

 

Б:Қарлығаштың сөзін зейін қойып тыңдайды.

 Ия,көмектесеміз!

Тапсырманы  мұқият тыңдап ,жауап қайтарады.

 

Торғай,қарға,сауысқан,көгершін

Екіге: Дала және Үй құстары.

Қаз,үйрек,тауық,әтеш.

Ағаштарды.

Таза ауаны шығару үшін.

 

Қанаты,құйрығы,тұмсығы,көзі,аяқтары

1.Айару (торғай):

Торғай,торғай,торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып, ал

Сонда аязға тонбайсың.

2.Әлия (қарға)

Сыртқа шықсам ала қарға,

Басып капты манайды,

Тал басынан қарғалар

Тамашалай қарайды.

3.Мерхат (сауысқан)

Ала қанат сауысқан,

Жауыр атқа жабысқан,

Ұзын құлақ сауысқанмын,

Құртты шұқып танысқанмын.

4.Аянат (тоқылдақ)

Тоқ,тоқ етіп ағашты,

Тұрған ол мен тоқылдақ,

Ешбір тыным таппаймын,

Тұмсығыммен шоқып ап.

5.Томирис (тырна)

Сирағы ұзын тырнамын,

Тырнағы ұзын тырнамын.

Балықты сүзбей

Ұстайтын шоқып,

Тұмсығы біздей тырнамын.

6.Ақерке (көгершін)

Көк көгершін,көгершін,

Көгершін келер жем үшін,

Балалар жем себейік,

Жем жесін де семірсін.

Қаңқ-,қаңқ-,қаңқылдайды.

Қыт-,қыт-,қыттайды.

Ку-ка-ре-ку.

Быт-,быт-,-быттайды.

Қарқылдайды.

Шықылдайды.

Сақылдайды.

Балалар қолдарын тоқылдатады,

Жерде отырып жерді шұқыйды.

Қолдарымен іштерін бұртыйтып көрсетеді,

Шиқ шиқ десіп жерге отырып қалады.

Балалар өз ойларын білдіріп ,қуанады

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Құстардың аттарын

Меңгеруі:Құстарды бір-бірінен айырмашылығын ажыратуды

Жасай   алуы:  құстардың  қимыл - қозғалысын 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Құстар келді өлкеге»
« Қыстап қалған құстар»
Қыстайтын құстар
Жыл құстары
Құстар
«Құстар - біздің досымыз»
Құстар әлемі!
Құстар біздің досымыз
Көрікті көктем
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7081 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык