Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М. Мақатаев Фантазия


М. Мақатаев Фантазия

Сабақтың тақырыбы:  М. Мақатаев Фантазия

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:  М. Мақатаев  өмірімен танысу, өлеңін  меңгере  отырып, ақын  идеясын  ашу, өлең  арқылы  қазақ  халқының  тарихымен  жете  танысу;
2. Тәрбиелік:  өз елін, Отанын сүюге, қазақ  елінің біртуар  ғұламаларының елге  жасаған  істерін  қадірлей  білуге  тәрбиелеу. 
3. Дамытушылық:  оқушыны  өзіндік талдау, жинақтау  жасауға, ойлана  біліп, сөз  мәдениетін, сөз  қоры  қолданысын  дағдыландыруға, ойлылық пен  тапқырлық арқылы сөз  өрнектей  білуге  төселдіру.   
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі  сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі:  Ақын портреті,  шығармалар жинағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық треннинг
 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Класты топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қ. Шаңғытбаев  «Сабалақ» мазмұндау
  2.Өзіне ұнаған бөлімін жаттау
ІІІ. Білім  тексеру:
Сабалақтың жауға шапқан жерін тауып оқу.
             «Қар атыспақ»  ойыны Екі топ өздерінің қарсы топтарына қағазға жазылған сұрақтарды лақтыру арқылы сұрақтар қойып жауап береді.
 
 ІVЖаңа  сабаққа  дайындық. Тақырыпты ашу кезеңі
1. Ол 1931 жылы дүниеге келген, 1976 жылы қайтыс болған
2. Әкесі ерте соғысқа кеткендіктен алғаш өлеңі  сағыныштан туған.
3. «Күнделік» жанрында өзі жазған ой толғамдары жарық көрген
4. «Есіңе мені алғайсың» әнінің авторы
5. Біз оның туған күнін жылда 9 ақпанда мектепте кең көлемде тойлаймыз. 
6. «Майгүл», «Үш бақытым», «Отан деген немене?» өлеңдерінің авторы
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Ол- Мұқағали Мақатаев
1. Мұқағали  Мақатаевтың өмірі  мен шығармашылығы туралы  әдеби білім  беру.
(1931-1976)
    ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді. 
    Мұқағали – жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.
М.Мақатаев өзінің естелігінде былай деп жазыпты: «Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:
- Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. 14 ақпан, 1976 ж».
2. Ой  шақыру стратегиясы бойынша  ақын  өмірі  жайлы  әңгімелесу.
 
 Ақын         1931-1976
Поэмалары бар,
                  күнделік жазған ақын
 
          «Барлығы да    Сүлеймен, 
 сендердікі»   Нағиман. 
 
 
 
«Мен  таулықпын»  «Үш бақытым»
 
Әкесі соғысқа кетіп оралмаған, 
алғашқы өлеңдерін сағыныштан туған
 
1. «Фантазия» өлеңін  мәнерлеп оқу. Өлең құрлысына талдау
Үлгі: неше буынды? неше бунақты? Неше тармақты? Өлең ұйқасы?
Же/ті қат// же/рің мы/на// төң/ке/ріл/ген, 
Жеті қат аспанменен көмкерілген.
Адамзат оның бәрін ерте білген
Ертегіде табысқан ертеңімен,
Ғаламаттар туылған ертегіден 
2. Сөздікпен жұмыс:
Галилей, Коперник – жер мен  жұлдыздарды  зерттеген  Еуропа  ғалымы.
VІ. Қорытынды:
Ақын  ертегідегі  қиял мен  бүгінгі  шындықты  қалай  байланыстырған?
       Өздерің  бұрын  оқыған  қиял – ғажайып  ертегілерді  естеріңе  түсіріңдер.
VІІ.Сабақты  қорыту:
1.Бағалау «Алтын медаль», «Күміс медаль», «Қола медаль» арқылы оқушыларды бағалау
 2.Үй тапсырмасы:
 1.  М. Мақатаев өміріне шолу
 2. « Фантазия » өлеңін  жаттау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Мұқағали Мақатаев - ХХІ ғасыр ақыны »
Бүгін менің туған күнім!
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
Мақатаев «Махаббат диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері
М. Мақатаев. Үш бақытым
Қазақ поэзиясының Хантәңірі
Жырлайды жүрек
Мұқағали Мақатаев. «Фантазия» өлеңі
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Мұқағали Мақатаев - ХХІ ғасыр ақыны
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3920 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык