Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Щ дыбысы мен әрпі


Щ дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
а)білімділігі: Щ дыбысының баспа жазба түрімен таныстыру. Щ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөз ішінен дыбыстарды ажыратып, оны дұрыс дыбыстату, көркем жазуға үйрету.
ә)тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылығы: Ой – еркін, ойлау қабілетін сөздік қорын, қиялын, зейінін дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Қөрнекіліктер: щ дыбысы мен әрпінің жазылуы, щеткалардың суреттері, схемалар.
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру.
- Оқушылармен амандасып, оқу – құралдарын түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.
Қуанамыз арайланған ақ таңға,
Қуанамыз жақсылық боп жатқанға,
Қош кепсіңдер, алғашқы ашық сабаққа,
Сәлем беріп, бас иеміз сіздерге.
- Қазір бізде қандай сабақ?
- Әліппе.
- Әліппе пәнінен біз не үйреніп жатырмыз?
- Әріптерді.
- Осы әріптердің ережесі бар еді, кім айтады?
- Әріп дегеніміз не?
- Әріпті көреміз, жазамыз.
- Осы әріптер не істейді?
- Дыбысталады.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстарды біз айтамыз, естиміз.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
- Өткен сабақта қандай әріппен  таныстық?
- Ээ.
- Э дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты.
- Бағандағы сөздерді, оқушыларға бір – бірден оқыту.
Сөздердің мағынасын түсіндіру.
- Электр – жарық көзі.
- Электр өлеңін 3 оқушыдан жатқа сұрау.
IV. Үй тапсырманы пысықтау.
Э дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі екен.
Экскаватор
Экспресс
Элеватор
Экипаж
экран
V. Жаңа сабақ
Сергіту  минуты
- Суретке назар аударайық?
- Күн тәртібінің суреттері.
- Бұны бір сөзбен қалай атайды?
- Күн тәртібі.
- Осы суреттің ішінде ерекше болып тұрған қай сурет?
- Бұдан нені байқап отырсыңдар?
- Жуынғанда нелерді пайдаланамыз?
- Сабын, орамал, щетка, тіс пастасы, сусабын.
- Осы сөздердің ішінен щетка  сөзіне назар аударайық.
- Щ әрпінің баспа және жазба түрін көрсету.
- Щ дыбысы орыс тілінен енген әріп.
- Щетка сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- Щетка.
щ е т к а
 
- Щетка сөзінде щ әрпі қай жерінде келіп тұр.
- Буынға бөлу.
- Қанша дауысты қанша дауыссыз дыбыс бар?
- Тағы қандай щетка түрлерін білеміз.
- Суреттерін көрсетіп тіс жуатын, киім тазалайтын, үй ақтайтын, үй сыпыратын.
- Бұлардың барлығы бізге күнделікті өмірде қажет.
- Балалар балабақшада болдыңдар, сонда щеткалар туралы өлеңдер жаттадыңдар ма?
( Оқушылардан сұрау)
VI. Оқулықпен жұмыс.
Бағандағы сөздерді оқып, мағыналарын түсіндіру.
Щетка   ащы    тұщы     борщ 
VII. Мәтінмен жұмыс.
Сен білесің бе?
Балқаш мәтінін оқып түсіндіру.
Біздің күнделікті пайдаланып жүрген суымыздың өзі ащы тұщы болып бөлінеді.
Ащы сулар Мұхит пен теңіздерде кездеседі.
Тұщы су өзен, көлдерде, жер асты суларында кездеседі.
- Міне, сондай көлдердің бірі – « Балқаш» көлі. ( Картадан көрсету)
- Біздің Қазақстанда үлкен көл бар екен?
- Ол қалай аталады?
- Балқаш көлі.
- Көл болғасын онда нелер болады?
- Балықтар, жәндіктер, бақа т.б.
- Судың неше түрі болады?
- Ащы, тұщы.
- Балқаш көлінде осы сулар кездесті ме?
- Иа.
- Көлдің өзі екіге бөлінеді.
- Ащы, тұщы.
- Жаңа айтып кеткендей ащы деген не, тұщы деген не?
- Осы көлдегі балықтар қай жағында болады?
- Тұщы.
- Балық аулайтын адамды кім дейміз?
- Балықшылар.
VIII. Сергіту минуты.
IX. Дәптермен жұмыс.
Енді дәптерімізге щ әрпін жазып үренейік.
Щ – әрпін ауада жазып үйрету.
X. Сергіту минуты.
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Бүгінгі өткен әріпті,
Көркем етім жазайық.
- Үлгі дәптермен жүмыс.
- Көкем жазу.
- Электрондық оқулықпен жұмыс.
- Плащ, щетка.
XI. Кім жылдам?
Щ дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты әрбір сөздің аквариумға салу.
Щ...      ...Щ...             ...Щ   
Щетка           ащы        борщ
                      тұщы      плащ
XII. Дымбілместің тапсырмасы.
Дымбілместің  қатесін   табу.
Щ – әрпі біз өтіп кетке қандай әріпке ұқсас.
Ш – әрпіне.
Ш – Щ
...ар,       а...ы,       ...етка,      тұ...ы,        ...ана
XIII. « Көршіңді тап!» ойыны.
XIV. Оқушылардың қолдарына геометриялық фигуралардың бөлшектері таратылады.   Сол бөлшектерден фигуралар  құрастырса сөздер шығады.
Бұр  -  шақ,    тұ  -  щы,   а -  щы, ә  -   теш,   тұ – щы.
XV. Қорытынды.
« Жарайсың» сөзін сұрақтарға жауап беру арқылы шешу.
1.Бүгін қандай әріппен таныстық?
2.Щ – қандай дыбыс?
3.Щ – дыбысы бар сөз ойла.
4.Щетка сөзін буынға бөл.
5.Балқаштың суы қандай?
6. Ащы тамақтарды ата?
7.Тұщы су қайда кездеседі.
8.Щетканың түрлерін ата.
9. Қышқыл болатын қандай жеміс?
10. Щ әрпі сөздің қай жерінде кездеседі?
11. Бүгінгі сабақ ұнады ма, несімен ұнады?
XVI. Үйге тапсырма.
Балқаш мәтінін оқу.
XVII. Мадақтау.  Жұлдызшалармен.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Г дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Үү дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
Г г дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
: “ Ю ” дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 12311 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык