Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер


Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер

Сабақтың тақырыбы: Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Хұсрау-Шырын» дастанымен және ондағы мақал-мәтелдермен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу 
2. Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
      «Хұсрау Шырын» жазба ескерткішінің түп нұсқасы Тінібек шаһзаданың тұсында 1341-42 жылдары жазылған. Авторы – Құтып. Бұл түпнұсқа Париждің ұлттық кітапханасында сақатаулы. Дастанның бізге келіп жеткен бір ғана көшірмесі бар.  «Хұсрау-Шырын» дастаны – негізінде әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазылған «Хусрау уа Ширин» деп аталатын поэмасынан жасалған еркін аударма. Бірақ Құтыптың бұл дастаны Низамиден түркі тіліне жолма-жол, сөзбе-сөз аударылмаған. Низамидің композициясы мен сюжетін толық сақтай отырып, еркін және шығармашылық жолмен, өз елінің өмір жолына сәйкестеп, өз халқының түсінігі мен дағды-дәстүріне лайықтап барып жасалған аударма. 
  XIV ғасырда өмір сүрген түркілік дана ойшыл Құтып өзінің "Хұсрау-Шырын" атты жазба 
ескерткіші әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низамидің парсы тілінде жазған "Хусрау уа 
Ширин" атты поэмасының еркін аудармасы болып табылады. Бұндай стильдің назира 
әдісі деп аталғаны белгілі. Құтыптың бұл дастаны Низамиден түркі тіліне жолма-жол, 
сөзбе-сөз аударылмағанын мамандар кезінде атап көрсеткен болатын  Яғни 
шығармашылық еркіндікті көрсету арқылы ойшыл өзінің философиялық ойларын 
тұжырымдап отырған. Қазақ тіліне аударма жасаудағы Әрсен Ибатовтың еңбегін атап 
өтуіміз керек. 
  Жалпы қай халықта мақал-мәтелдерге үлкен мән беріп, күнделікті өмірде оларды 
даналықтың белгісі ретінде қарастырып келгені белгілі. Осы мағынада Құтып 
шығармасында келтірілген даналыққа толы тұжырымдар халқымыз үшін ғасырлар тезінен 
өтіп келген руханилыққа тәрбиелеуші этикалық нормалар болары анық. Міне, сондықтан 
олардың философиялық сипаттағы мәдени мұра ретіндегі маңызы қазіргі заманда да зор. 
Жалпы түркілік әлем үшін моральдік бағдарларды, тағылымдық ұстанымдарды жоғары 
бағалау, оларды өмірде басшылыққа алу дәстүрі терең тамырлары бар құбылыстар. 
Мүмкін, бұл біздің ділдік ерекшелігімізді айқындайтын бірден-бір қасиетіміз болып 
табылады. 
  Парсылық тілде жазылған дүниені өз елінің діліне, тіліне, түсініктеріне жеткізу өнері 
сонау әл-Фараби заманында араб елдерінде кең тарағаны белгілі. Авторлардың негізгі 
мақсаты даналық үлгілерінің халық арасында кеңірек таралуына үлес қосу, жалпы 
ағартушылық үрдісіне ат салысу болып табылады. Ағартушылықтың осындай өте нәзік те, 
өтімді формасы түркілік дәуірде кең тарағаны байқалады. 
Құтып әлемнің бір-біріне қарама-қарсы тұратын екі күшінің байланысы бар екенін, 
олардың бір-бірімен оңайшылықпен ымыраға келмейтінін "Жараспас барша жерде от 
пенен су" деген мәтелі арқылы жеткізеді. Яғни осы екі қарсыластық белгілі бір 
үйлесімділікті, табиғи тепе-теңдікті ұстап тұрғандай. Шынымен де су көбейіп кетсе от 
сөнеді, от қатты жанса су буға айналады. Міне, осы жерде әр нәрсенің белгілі бір шамасы, 
қалпы, парқы бар екені туралы тұжырым келері анық. Ол мәселеге екінші бір мәтел сөзден 
жауап тапқандаймыз: 
Қазан астында от болса, қайнамас па, 
Егер де көп қайнаса, ас айнымас па. 
Әрине, ретсіз көп қайнаған астың дәмі қайдан болсын. Сол сияқты әр нәрсенің өзіндік 
ішкі шамасы болғанын білгенге не жетсін. Бұл түбінде мұсылман елдеріндегі халықтық 
ділде үлкен маңызға ие болған "сабырлылық" ұғымына әкеледі. Мәселен, ойшыл өзінің 
бұл құбылысты төмендегідей бейнелеуі әркімге де үлкен ескертпе сияқты: 
Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас, 
Ақырын жүрген күндіз-түні жүрсе де талмас. 
Адамның бойындағы жасырын күштерді, ашылмаған дарынды паш ету үшін пенденің 
шыдамдылығы, еңбекқорлығы, сабырлылығы және соған деген ниеті болу керек 
екендігіне меңзейді. Адамның өмірдегі көптеген жеңісі өзінің жеке басының еңбегі
 
 
 
«Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер
 
 
Көгершін ұшса үйренген жерінен,
Есен болса, келер сағынып ұясын.
 
Асыққан тез арыр, жүгіріп жол алмас,
Ақырын жүрген күнді-түні жүрсе де талмас.
 
Тұзы аз болса астың татымы болмас.
 
Кілеміңе қара көсіл аяқты,
Жоқ болса, жерсің аңсызда табақты.
 
Мың болса да, достарыңды аз деп біл,
Біреу болса да дұшпаның, одан сақтан.
 
Арыстан түлкілік қылса жараспас.
 
Сөз сөйлесең, байқап сөйле.
 
Көңілде жасыр сырыңды, елге жайма. 
 
«Мағынасын ашу»
«Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер
Менің түсінігім
 
                   
ІV Сабақты пысықтау
1. Хұсрау Шырын» жазба ескерткішінің түп нұсқасы қай кезде жазылған ?
2. Дастанды кім аударған?
V Сабақты қорытындылау
VІ Үйге тапсырма: мақал-мәтелдерді жаттау.
1. Орхон жазба ескерткіштерінің кейіпкерлері:
А) Алып Ер Тұлға.
В) Домруыл, Баяндүр.
С) Оғыз-қаған, Төбекөз.
Д) Білге қаған, Күлтегін.
Е) Бисат батыр, Тұмар патшайым.
2. «Қорқыт ата» кітабының 12 жырдан тұратын нұсқасы:
А) Дрезден нұсқасы.
В) Ватикан нұсқасы.
С) Арестолика нұсқасы.
Д) Александрия нұсқасы.
Е) Вена нұсқасы.
3. «Қорқыт ата» кітабындағы 8-жырды ең алғаш кім қай тілге аударды?
А) В.Бартольд, орыс тіліне.
В) А.Н.Кононов, орыс тіліне.
С) Г.Ф.Дип, неміс тіліне.
Д) Ә.Қоңыратпаев, қазақ тіліне.
Е) В.Радлов, орыс тіліне.
4. «Оғыз-наме» дастанының бір нұсқасының авторы:
А) А.Қашқари.
В) Ж.Баласағұн.
С) Хорезми
Д) Әбілғазы.
Е) Қадырғали Жалайыри.
5. Әл-Фараби өлеңдерін қазақ тіліне аударған ақын:
А) Ә.Тәжібаев.
В) Б.Ысқақов
С) А.Нысаналин.
Д) С.Жиенбаев.
Е) Қ.Аманжолов.
6. Ахмет Яссауи туған жер:
А) Түркістан.
В) Исфиджаб.
С) Мерв.
Д) Отырар.
Е) Янгикент.
7. «Құтты білік» дастанының кейіпкері:
А) Күнтуды.
В) Алып Бамсы.
С) Бану-шешек.
Д) Дерсе хан.
Е) Жүсіп-Зылиха.
8. «Құтты білік» туралы тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар берген кім?
А) Жауберт Амадес.
В) Герман Вамбери.
С) В.В.Радлов.
Д) С.Е.Малов.
Е) Ш.Уәлиханов.
9. «Қыс пен жаздың айтысы» қай әдеби ескерткіштен орын алған?
А) «Құтты білік».
В) Диуани лұғат-ат түрік
С) «Оғыз-наме».
Д) «Қорқыт ата» кітабы.
Е) «Махаббат-нама».
10. Б.Кенжебаев ежелгі дәуір әдебиетін неше кезеңге бөлді?
А) 3
В) 5
С) 4
Д) 2
Е) 6
11. Қаңлылар қай жерде мекендеген?
А) Каспий маңы.
В) Жетісу өңірі
С) Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласы
Д) Арқа жері
Е) Ыстықкөл
12. Алтын адам қайдан табылды?
А) Алматы облысы
В) Есік қаласы
С) Тянь-Шань тауы
Д) Қаратау өңірі
Е) Сырдария өзенінің бойы.
13. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында кімнің мазары орналасқан?
А) Қорқыттың
В) Асан Қайғының
С) А.Иүгінекидің
Д) А.Яссауидің
Е) М.Қашқаридің
14. Ақындарды үш топқа бөліп қарастырған
А) Әл-Фараби
В) М.Қашқари
С) Ж.Баласағұн
Д) А.Иүгінеки
Е) С.Бақырғани
15. Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер.
Әлде қайда ғайыптан ынтызар ғып,
Өміріме бір ғажап сәуле берер. 
А) Әл-Фараби
В) Хорезми
С) Иүгінеки
Д) Рабғұзи
Е) Бабыр
16. Көне түрік жазуы тіл тарихында қалай аталады?
А) Санскритт
В) Иероглиф
С) Руна
Д) Араб
 
Е) Түрік
17. Көне түрік жазуының сырын кім ашты?
А) В.Радлов
В) В.Томсен
С) Ш.Уәлиханов
Д) В.Виноградов
Е) Н.М.Ядринцев
18. Қай жылы көне түрік жазуының сыры ашылды?
А) 1895 ж.
В) 1774 ж.
С) 1893 ж.
Д) 1890 ж.
Е) 1897 ж.
19. Ежелгі түріктердің қоғамдық, әдеби мәдени өмірін жыр еткен дастандарды ата:
А) «Алпамыс»
В) «Бабыр-нама», «Оғыз-наме»
С) «Білге қаған», «Тоныкөк»
Д) Кітаби дедем Коркуд
Е) «Кодекус-куманикус»
20. Көне түркі ескерткіштерді кім тапты?
А) В.Радлов
В) Н.М.Ядринцев
С) С.Ремезов
Д) Ш.Уәлиханов
Е) В.Томсен
21. ҮІІ ғ. тасқа қашап жазылған ескерткіштерді әдебиеттану тұрғысынан зерттеген ғалым?
А) И.В.Стеблева
В) В.Радлов
С) З.Ахметов
Д) З.Қабдолов
Е) С.Е.Малов
22. Нұх пайғамбар туралы хикая кімнің шығармасында айтылады?
А) Құтып
В) Рабғұзи
С) Дүрбек
Д) Хорезми
Е) Иүгінеки
23. «Қорқыт ата кітабының» неше қолжазба нұсқасы сақталған?
А) 4
В) 1
С) сақталмаған
Д) 2
Е) 3
24. «Қорқыт ата кітабының» Дрезден нұсқасы неше жырдан тұрады?
А) 12
В) 7
С) 14
 
Д) 21
Е) 24
25. «Қорқыт ата кітабының» бір тарауын неміс тіліне аударған:
А) А.Н.Кононов
В) Т.Ф.Диц
С) В.В.Бартольд
Д) К.А.Иностранцев
Е) Теодар Нельдеке
26. «Оғыз-наме» жырының неше нұсқасы бар?
А) 3
В) 4 
С) 2
Д) 6
Е) 5
27. «Оғыз-наме» неше циклдан тұрады?
А) 25
В) 40
С) 30
Д) 10
Е) 20
28. Әл-Фарабидің туған қаласы:
А) Бағдад
В) Қорасан
С) Дамаск
Д) Отырар
Е) Каир
29. Әл-Фараби еңбектерін қай тілде жазған:
А) түрік тілі
В) араб тілі
С) парсы
Д) грек
Е) санскрит
30. Әл-Фарабидің әдебиет теориясына қатысты еңбектерін тап.
А) «Ғылымдардың шығуы», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме»
В) «Бақыт жолына сілтеу»
С) «Азаматтық саясат»
Д) «Өлең ырғағы туралы», «Ырғақ пен өлең туралы сөз»
Е) «Ақылдың мәні туралы трактат»

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту
Қорқыт ата кітабы
Ежелгі мұралар
Қорқыт ата
Қорқыттың нақыл сөздері
Әбу Насыр әл-Фараби
Хорезми. Махаббатнама
Құтып. «Хұсрау-Шырындағы» мақал-мәтелдер
Хорезми. Махаббатнама
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5843 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык