Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Тарих |
Көрсетілім: 2712 |
|
|
|
Қола дәуіріндегі Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қола дәуірі адамдарының қоғамдық құрылымы, әдет-ғұрыпы, өнері жайлы баяндау арқылы сол кездегі адамдар жасаған материалдық, рухани байлықтармен, ізгілікті істермен оқушыларды таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, олардың қабілетін жан-жақты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың тарихқа, өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту, оларды өз елінің, бүкіл адамзаттың мәдениетін толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Өзара белсенділікті арттыру сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,интерактивті тақта,сызбалар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
а/ сәлемдесу,түгелдеу
ә/ оқу құралдарын тексеру
б/ бағалау критерийімен таныстыру.
Топтық бағалау.
Критерилер 1-топ 2-топ 3-топ
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Тұлғаны таны
Салыстырып көр
Тиісті орынға сөйлемді қой
“Дұрыс немесе бұрыс” тапсырмасы
Жалпы ұпайы
0-6 – “3”
7-12– “4”
13-18 – “5”
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Бейнесұрақ.
1.Мустье кезеңіндегі адамды қалай атайды: Неандерталь
2.Неандертальдықтардан кейін,мөлшерімен бұдан 40-30 мың жыл бұрын қандай адамдар қалыптасты: Саналы адам.
3.Суреттегі адамдар қандай әрекет жасап жатыр: Найзағайдан түскен отты өшермеу үстінде.
4. Мына суретте алғашқы адамдар тобыры қандай іс-әрекет жасап жатыр? Аңдарды өздеріне азық қылу үшін жардан құлатып жатыр.
5.Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді.Бұрынғы найзаларға қарағанда садақ аңшылықты арттырды. Бұл қай дәуір? Мезолит
6.Мына суретте қандай діни түсінік қалыптасқан? Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыру тотемизм деп аталады.
7.Ежелгі суретшілер көбіне нені бейнелеген? Жабайы аңдардың суреттерін бейнелеген.
8.Бұл дәуірдің үлкен жаңалығы қыш құмыра жасау еді.Бұл дәуірді кейде қыш құмыралар заманы деп атайды.Бұл қай дәуір? Неолит
Кім жылдам.
(Ауызша сұрақтарға жауап алу )
1.Бифас дегеніміз не?
2.Неандертальдықтан кейін 40-35 мың жыл бұрын пайда болған?
3.Ерте палеолит неше кезеңнен тұрады?
4.Ең бірінші қолданылған металл?
5.Матриархат дегеніміз не?
6.Патриархат дегеніміз не?
7.Бұл дәуірді кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды?
Кім тапқыр.
ауызша дұрыс таңдау тесті)
1.Ғалымдар Кения жерінен табылған алғашқы адамды қалай деп атады?
Саналы адам
Епті адам
Тік жүретін адам
2. Жер беті күрт суи бастады
40 мың жыл бұрын
10 мың жыл бұрын
100 мың жыл бұрын
3.Туысқан адамдар ұжымының атауы
Адамдар тобыры
Рулық қауым
Отбасы
4.Мезолит заманының үлкен жаңалығы?
Бифас
Қырғыш
Микролиттер
Жаңа тақырыпты меңгеру жоспары:
1.Өндіріске металл құрал-саймандардың енуі..
2.Андронов және Беғазы – Дәндібай мәдениетінің зерттелуі.
3.Қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу.
4.Андрондықтардың кәсібі мен тұрмысы.
5.Анрондықтардың баспаналары.
6.Беғазы-Дәндібай тұрғындарының кәсібі.
7.Тұрғын үйлері.
8.Климаттың өзгеруі.
9.Қоғамдық құрлысы.
10.Діни көзқарастары
11.Зергерлік өнері
Топтық жұмыс.
/Тақырып бойынша таныстырылым/
Салыстырып көр.
Металдардың ерекшелігі:
Сөйлемді тиісті орынына қой.
Б.з.б........мыңжылдықта Еуразия далалық аймақтарында.......... тәсілі ойлап табылып,тас құралдарды кұнделікті өмірден ығыстырып шығарды.
Өзгерістер: Рулық қатынастар ыдырап,орнына....... бірлестіктер құрыла бастады.
Түсті металдар мен....... өндірістік жолмен игерілді .......... шаруашылығы қалыптасты.
Біртіндеп көшпелі........ шаруашылығына ауыса бастады.Бұл екі бағыт мал шаруашылығы мен металургияның тез дамуы.......... еңбегіне қажеттілікті арттырып,аталық отбасылық рулық қатынас орнады.
Дұрыс па? Бұрыс па?
Дұрыс Бұрыс
1.Қола негізінен мыс пен алтының қосындысынан алынады.
2.Беғазы-Дәнді мәдениеті Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
3.Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып жоғары дін басылары молдалар пайда болды.
4.Б.з.б. 2мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді.
5.Өздерінің дене құрлысы жағынан Андрондықтар моңғолойдықтарға ұқсаған.
6.Андрондықтардың басты кәсібі мал бағу,кетпенді-теселі егіншілік пен балық аулау болған.
Чайнворд.
Берілген тапсырмадан тақырыпқа байланысты 6 сөзді тап.
Дұрыс жауаптары
Сабақты бекіту:
1.Қазақстанда қола дәуірінің басталған мерзімі.
2.Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған жер.
3.Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі.
4.Ғалымдар қазақтың киіз үйлерін кімдердің баспаналарына ұқсатады.
5.Рудың ежелгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалағандар.
6.Андрондықтар құдайлар қайда жүреді деп сенген.
Бағалау-білім нәтижесі
1.Өзіңді-өзің бағала.
2.Топ ұжымын бағала.
Үйге тапсырма:
1. & 8.9.10
2. Қола дәуіріндегі Қазақстан тақырыбына реферат жазып келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |