Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі


Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі

Сабақтың мақсаты:
-  Сабақ барысында оқушыларды Қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен таныстыру, қазақ, билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету, үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайырдың рөлі және халықтың тәуелсіздік үшін күресінің маңызын әңгімелеу;
-   Оқушы ларға Отанымыздың тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрбие беру.
Негізгі түсініктер: жұт, азаттық үшін күрес, агрессия, аманат, сардарбек, кұрылтай, патриотизм.
Жаңа тапсырманы жақсы түсіну үшін оқушылар алдында өткен материалдарды жете меңгеруі керек. Сондықтан сабақты өткен тақырыпты қайталаудан бастаған жөн.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайының ерекшеліктеріне тоқталыңдар.
2.   XVIII ғасырдың 1-ширегінде Ресей мемлекетінің Қазақ хандығына қызығушылығының артуына не себеп болды?
1. Үй тапсырмасын тексергеннен кейін оқулық пен сабак жоспарын пайдалана отырып, жаңа тақырыпты (мүғалімнің қалауымен) дәстүрлі түрде немесе басқа да әдістермен оқытуға болады.
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
1.  Жоңғарияның күшеюі және оның қазақ халқына қарсы шапқыншылығы.
2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі.
3. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығының салдары.
I нұсқа
Сабақты түсіндіру үшін сыныпты 3 топқа бөліп, оқу-шылардың шығармашылық қабілетін арттыру, карточкалармен жұмыс жасау машықтарын жетілдіру мақсатында өзіндік жұмыс ұйымдастыру. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, әр мүғалім басты деректерді бейнелей жет-кізіп, оқушылардың ой-өрістерін жетілдіре алады.
1-топқа тапсырма:
Қазақстан тарихы оқулығы мен хрестоматиядағы құжаттарды пайдалана отырып, төмендегі тақырыпқа хабарлама дайындау: «Жоңғар хандығы және оның көрші мемлекеттермен саяси қарым-қатынасы» (мақсаты, соғысқа да-йындығы, кару-жарақтары).
- «1635 ж.- Жоңғарияда қалған ойрат тайпалары XVII ғасырдың 30-жылдарының ортасында біртұтас мемлекеттік құрылымы Жоңғар хандығына бірікті. Хандықтың құрылуына Батыр қонтайшының жеке бас қасиеттері мен монғол қоғамында жүріп жатқан феодалдану үрдістерінің үлкен әсері болды. Жоңғар хандығының бір орталыққа бағынған күшті мемлекетке айналуы қазақ-жоңғар қатынастарына үлкен әсер етті. Бұл қатынастар казақ және жоңғар хандықтарының өскери күш-қуатына тікелей байланысты болды. Қалданның (Халдан) билікке келуі мен Шығыс Түркістанды басып алуына байланысты жоңғар феодалдарының Қазақстан мен Орта Азия жөніндегі саясаты өзгерді: жоңғар билеушілері енді Жетісу мен Сырдария бойындағы аймақтарды жаулап алуға тырысты. Олар 1717-1722 жылдары Цинь империясымен соғыста айрылып қалған жерлерінің орнын Қазақстанның  оңтүстігі мен
Орта Азияны басып алу есебінен толтыруға тырысты және 1723-1725 жылдары қазақ жеріне басып кірді. Жоңғарияның сыртқы саясаты екі жақты болды: бір жағынан олар өздерінің шығыс шекараларында 100 жыл бойы Орталық Азияны Цинь империясының шапқыншылығынан қорғап тұрды, екінші жағынан ойраттар өздерінің батыс көршілері  Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан аумағына басқыншылық саясат жүргізді. Бұл халықтардың жоңғарларға қарсы соғысы азаттық сипат алды. Осы соғыста негізгі күш казақ жүздеріне түсті. Олар ойрат шапқыншылығынан тек Орта Азияны ғана емес, Сібірді де корғады».
2-топқа тапсырма:
- Қазакстан тарихы хрестоматиясындағы қүжаттарды және окулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, төмендегі тақырыпқа хабарлама дайындау: «Ресей мемлекеті: оның Қазақ хандығы мен Жоңғария арасындағы карым-қатынастарға байланысты саясаты».
«Қырғыз-қазақтар орыс үкіметінің тынышын көп алған жоқ. Орыстардың бақытына қарай XVIII ғасырдың бас кезінен бастап қырғыздар өз іщінде жікке бөлінді. Қырғыздардың көршілері олардың жікке бөлінтенін пайдаланып, барлық жағынан қыса бастады: оңтүстік-батыстан қалмақтар, солтүстіктен башқұрттар мен Сібір казактары шабуыл жасады, ал шығыста қырғыздардың басты жауы жоңғарлар болды».
3-топқа тапсырма:
Оқулық мәтінін пайдалана отырып, төмендегі кестені толтырыңдар:
2. «XVIII ғасырдың 1-жартысындағы Қазақ хандығы»
 
(Тапсырма окушылардың есте сақтау қабілетін арттыру және материалды жүйелі түрде игеру максатында беріледі.)
Сыныптан тыс оқу үшін қосымша материалдар:
1. «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Iтом, 84-85- беттер.
1723-1725 жылдар казақ халқының есінде ең ауыр кезең есебінде сақталып, «Ақтабан шұбырынды» деген ат алды. Осы бір азалы жылдары «Сауран айналған», «Алқакөл сұлама», т.б. сөз тіркестері пайда болып, халықтың мұң-шерін, жаппай кырылуын бейнеледі. А.И. Левшин атап көрсеткендей, Орта Азияға және тағы басқа жерлерге адам айтқысыз «кедейшілік пен қырғын алып келді».Егер қазақ жерінен жауға тойтарыс беретін күш шықпағанда, Орта Азия халықтарының тағдыры қайғыға  душар болатын еді. Ел қорғау ісін халық өз колына алып, ұйымдастырушылық-басшылық  қабілеті бар Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Өтеген, т.б. сынды батырларды шығарды. Тарихнамада жоңғарлармен соғыстың бетбұрыс кезеңі 1727 жыл деп есептеледі, ал белсенді ұрыс салу кезеңі 1729 ж. басталған. Шын мәнінде, дұшпанға қарсыласу қозғалысының 1724 жылы-ақ басталғанын байқау қиын емес. Оған дәлел: Флорно Беневени өзінің 1725 ж. 15 қаңтарында Мәскеуден алған хабарында Әбілқайыр ханның қазақтардың басын қосып, Түркістанды қайта алып қойғаны туралы айтқан. 1726 жылы Түркістанның оңтүстікшығысындағы Ордабасы деген жерде үш жүздің өкілдері бас қосты. Жиналыстың шақырылуын батырлардың қысымымен аға хан Болат жариялады деген жорамал бар. Бұл басқосуда ортақ әскер жинау жөнінде шешім кабылданып, оған Кіші жүз ханы Әбілқайыр басшы болсын деп ұйғарылды. «Сыртқы жаудың қауіп төндіруі руаралық тартыстарды тоқтатып, жалпы келісімге келуге  барлығын бір мақсатқа жүмылдырылды», деп жаздыбұл оқиға туралы А.И. Левшин. Осыдан соң үш жу;Ідіц біріккен қолы Сарысу өзенінің батысындағы Бүланты  жағасында жоңғарларға үлкен соккы берді. Бұл орын  болғанжер тарихта «Қалмаққырылған» деген ат алды. Бұл жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге итермеледі. Осыдан бастап қазақ қолы ұрыс жүргізу белсенділігін қолына алып, қарсы шабуылға шықты.
Қазақ әскерлерінің жеңісіне әсерін тигізген елеулі нәрсе   Жоңғарияның өзінде өзара тартыстың кұшеюі болды. Хан тағына Сыбан Раштан балаларының таласуы, одан соң үшінші Жоңғар-Цин соғысының басталуы сол тартыстардың көрінісі еді. Осыған байланысты жоңғарлардың Цин империясынан өзінің батыс шекарасын қорғауына тура келді.
2. «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдыц анықтамалық. Ітом, 85-87-беттер.1726 ж. Бұланты бойындағы шайқас. XVIII ғасырдың бірінші ширегі қазақ  халқының тарихында ең бір кайғылы да драмалы кезеңдердің бірі. Әсіресе ауыр соққаны «Ақтабан шұбырынды» деп аталған жылдар болды. 1723-1725 ж. Ойрат аудандары күш-жігер біріктіріп, Қазақстан мен Орта Азияға кең көлемде басып кіруді жүзеге асырды. Қазақ тайпалары мен руларының басына тігерге тұяқ қалмай құрып біту қаупінің өте қатерлі күні туды. Осындай жағдайда үш жүздің бастаушылары даналық танытып, ішкі күштерді шоқтай үйіре, шоғырландыруға кайрат салып бақты. 1726 жылы Түрікменстаннан оңтүстік-шығыстағы Ордабасы мекенінде қазақ рулары мен тайпаларының жиыны болды. Онда біртұтас халықтық қарсыласу жасағын құрып, бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық етуді Кіші жүз ханы Әбілқайырға жүктеген шешім кабылданды. Сөйтіп, жұдырықтай жұмылған қазаққолы жоңғарларға жойқын соққы берді. Ұрыс Бұланты өзені маңындағы Қара сиыр деген жерде өтті. Қазақтар жауды кенеттен жалт бұрылып кеп, оң қанаттан да, сол қанаттан да ойсырата тиді. Сосын ту сыртынан енді кайтып тұрмастай соқты. Нәтижесінде жоңғарлар жеңілді. Қазақтар үшін табысты тамамдалған шайқас олардың жігерін тасытып, бұрынғы жеңілістердің ащы өкініштерін ұмыттырып жібергендей еді. Бұланты бойындағы шайқас болған жер кейін «Қалмаққырылған» атанды, бұл «Ақтабан шұбырындының» ауыр жылдарынан соң алғашқы жеңісте қалмақ колы қырылған орынды бейнелейтін.
3. «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Ітом, 87-88- беттер.
1729 ж. Аңыракай шайқасы. XVIIIғасырдың аяғын-дағы казактардың жоңгарларды талқандаган тамаша жеңіс-теріне 1727 жылы Жоңгарияның өз ішінде бұрқ ете қалған қырқыстар мен жоңғарцин соғысының басталуы аз дәрежеде әсер еткен жок. Хан тағынан үміткерлер мемлекет мүддесін естен шығарып, жоғары өкімет билігін мұралану үшін қолдарына қару алып жанжалдасып жатты. Алайда осы кезде, 1729 жылы Жоңғар хандығы Цин империясы тарапынан кенеттен жасалған шабуылға ұшырады да, ойрат нояндарына өз әскери дружиналарын батыстағы шептен шығысқа кауырт жеткізуге тура келді.
Баяғыдан атысып-шабысып жүрген ата жауына ақырғы рет күйрете соққы беруді көздеген қазақтар Жоңғарияда басталып кеткен өзара қырқыс-таласты пайдаланып қалуға бекінді. 1729 жылы Балқаштың оңтүстік жағында 120 шакырымдағы Аңырақай деген жерде нағыз ең ірі және соғды шайқас болды.
Қазақ жасақтарын ұрысқа Бөгенбай, Қабанбай мен Райымбек батырлар бастап кірді. Алдыңғы айқастардағы сияқты, қазақтар бұл жолы да ұрыс қимылдарын жүргізудің дәстүрлі далалық тактикасын қолданды. Жауынгерлердің шағын тобы жоңғарларға қарсы алдынан шыға келіп, қазақ қолының қатары аз сияқты әсер тигізуге тырысты. Сосын кейін карай қаша жөнеліп,  сол кезде қазақ жасақтарының  басты бөлімшелері қос қанаттан кеп қансырата соқты. Аңырақай шайқасы жоңғарлар үшін жеңілістің басы болды. Ұрыс болған жер «Алакөл» атанды.
Қазақтардың жеңіліске үшырауы да мүмкін еді, өйткені Әбілмәмбет, Сәмеке мен Әбілқайыр арасында қайсысы үш жүздің ханы болуы керектігі жөнінде алауыздық туа қалды. Сонда да қазақ халқы үлкен күш-жігер арқасында саяси тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғап қала алды. Аңырақай шайқасынан кейін жоңғарлар едәуір әлсіреп, қазақ-жоңғар текетіресі бәсеңсуге айналды.
«Егер қазақ жерінен жауға тойтарыс беретін күш шықпағанда, Орта Азия халықтарының тағдыры қайғыға душар болатын еді. Ел қорғау ісін халық өз колына алып, ұйымдастырушылық-басшылық кабілеті бар Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Өтеген, т.б. сынды батырларды шығарды».
Оқушылардың жұмысының нәтижелері шығарылғаннан кейін оларға қазақтардың негізгі шайқастарда жеңіске жеткеніне қарамастан, Жоңғария тарапынан төнген қауіптің әлі де сейілмегені баса көрсетіледі, осыдан кейін казактардың жеңілу себептері талданады.
Сабақты бекіту:
1. Қазақстан тарихы хрестоматиясынан алынған кұжаттар: «қазақтардың қару-жарақтары, әскери тулары, ұрандары», «Қазақтардың әскери өнері туралы».
№1 тапсырма. Құжаттармен жұмыс.
1. Құжаттарды оқи отырып, қазақ жасақтары мен жоңғар әскерінің қарулары жөнінде салыстырмалы кесте құраңдар.
 
2. Әскери іске үйрету калай жүрді?
№2 тапсырма:
Құжаттарды оқи отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
1.  Әскери ту қандай міндет атқарды?
2.  Әскери ұрандар жөнінде сендер не білдіңдер?
3. Қазақтар әскери өнерге қалай карады?
4. Әскерге жасақ жинау қалай жүрді?
5. Сендердің ойларыңша Қазақ хандығында неге тұрақты әскер болмады?
Сабақ өткізудің II нұсқасы: аралас сабақ түрінде өткізу.
I кезең. Өзіндік жұмыс.
1) Мына терминдердің мағынасын калай түсінесіңдер?
-  азаттық соғысы
-   басқыншылық, шапқыншылығы
-   батыр
-    батырлык, каһармандық
-     шын берілгендік
-                                                                                                             Окушылардың жеке шығармашылық жұмысы, нәтижесін ұжым болып талқылау.
II кезең - сабақтың негізгі бөлімі (проблемалық мәселелерді талқылау)
Сабақ тақырыбымен жұмыс, онан кейін оқушылар XVIII ғасырдың 1-ширегіндегі Қазақ хандығы тарихының төмендегі саяси аспектілерін анықтаулары кажет.
(жауап беру үлгілері):
№1 тапсырма:
Қазақ хандығыныңҚазақ хандығы төңірегінде
ішкіжай-күйіқалыптасқан саяси жағдай
  
№2 тапсырма:
-    Материалдарды пайдалана отырып, анықтаңдар:
1. Жоңғар шапқыншылығының мақсаты.
2. Қазақ халқының жоңғарларға  карсы азаттық  күресін ұйымдастыру.
3. Құрылтайдың қазақ халқының саяси өміріндегі рөлі. Батырлары.
№3 тапсырма:
1. Мына такырыпта жоспар кұру:
«Жоңғар шапқыншылығы және жоңғарларға қарсы халық күресін ұйымдастыру».
2. «Халық кұрылтайы».
-  Қайда өтті?
- Қандай мәселелер көтерілді?
-   Немен аяқталды?
-   Тарихи маңызы.
 
III кезең. Сабақты бекіту:
Сұрақ: Қазақ хандығының саяси тарихында бұл кезеңдегі оқиғалардың баскаша сипат алуы (нәтижелері, дамуы) мүмкінбеді?
«Қазақ хандығындағы орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар шапқыншылықтары үшін қолайлы жағдай туғызды. XVIII ғасырдағы жоңғар-қазақ қарым-қатынасының шиеленісуінің басты себебі жер мәселесі болды. Жетісуды, Түркістан арқылы өтетін керуен жолдарын түпкілікті ойраттар қалдыруды көздеді. Олар экономикалық және саяси дамуда болды, жер өңдеу бұрын болмаған жетістіктерге жетті, көрші мемлекеттермен сауда бай-ланыстары жан-жақты дамыды, темір өндіру технологиясы жетілдіріліп, швед офицері Ренат оларға зеңбірек құю өндірісін, қару мен оқдәрі дайындауды үйретті. Кейбір жеңістеріне қарамастан, қазақтар үнемі жеңілумен болды. Оның себептері Қазақ хандығының ішкі әлсіздігі мен көрші мемлекеттерге тәуелділігінен еді. Ұлы жүздің жетекші билері Жоңғарияға тәуелділікті мойындады, Кіші жүз ханы Әбілқайыр өзінің жеке билігін күшейтумен айналысты, сондықтан ол 1741 жылы жоңғарлар басып кіргенде, ойрат басқыншылығына қарсы түруға қатысудан бас тартты»

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан және Ресей
ХҮІІ ғ. соңы –ХҮІІІ ғ. бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар соғысы
Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Қазақ батырларының жоңғарларға қарсы. Отан соғысы
Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері. Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы
Абылай хандығы
Қазақстан тарихы
XVIII ғасырдағы қазақ батырлары
Қазақстан және Ресей
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 7299 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык