Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тамыр . Тамыр жүйесі.


Тамыр . Тамыр жүйесі.

Сабақтың тақырыбы: Тамыр . Тамыр жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға тамырдың өсімдіктің вегетативті мүшесі екендігі , тамырдың дамуы , тамыр жүйелерінің типтері ,олардың құрылысының ерекшеліктері , тамыр қызметі туралы түсінік беру.

2.Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі , табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа , еңбек сүйгіштікке , өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

3.Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр жүйелерін дамыту туралы білімнің маңызын ашу , зертханалық жұмысты сауатты орындау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Құрал – жабдықтар:  интерактивтік тақта ,электрондық оқулық,   флипчарттар.

Әдіс:сұрақ-жауап,биологиялық диктант,зертханалық жұмыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың  сабаққа дайындығын бақылай отырып , зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Ұлпа дегеніміз не? Қандай ұлпаларды білесің?

2.Түзуші ұлпа өсімдіктің қай жерінде болады және қандай қызмет атқарады?

3.Жабын ұлпа нешеге бөлінеді , әрқайсысына жеке сипаттама бер.

4.Негізгі ұлпалар нешеге бөлінеді?

5.Өткізгіш ұлпа деп неліктен аталады және қандай қызмет атқарады?

6.Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдіктің қай жерінде кездеседі?

7.Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесіне жеткізетін ұлпа.

8.өңді құрайтын ұлпа.

ІІІ.Оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:

Биологиялық диктант.

    Тек ... 2 жасушалары ғана бөлінуге қабілетті.2.Өңнің кейбір жасушалары ұзарып өсіп ... айналады.3.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы өте жақсы дамыған ... болуы.4.Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып ... деп атайды.5. ... жасуша қабықшасы жұқа бір-бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады.6.Шайыр жолы , эфир майы кканалы , сүт жолдары , жабысқақ түктер , шірнеліктер ... ұлпаға жатады.7.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне ... жеткізеді.8.Өсімдіктерде тірек ұлпасы ... болып саналады. 9.Жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ... .10.Жабын ұлпа  ... деп аталады.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру:

1.Жасуша –ұлпа-мүше –ағза. Мүше  ағзаның бір бөлігі , себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі қызмет атқарады.Өсімдік мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді.Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін , жеке тіршілік етуін қамтамасыз етсе , көбею  мүшелері әрбір дарақтың санын көбейтіп , ұрпақ қалдыру үшін керек , төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген.

Гүлді  өсімдіктердің  мүшелері

 

 

2.Тамыр туралы не білесіңдер?

Кластер құру.

3.Тамыр-топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі.Оның атқаратын қызметі:

1.өсімдікті топыраққа мықтап бекіту;

2.қоректік заттарды қорға жинау;

3.топырақтан сіңірілген суды,минералды заттарды сабаққа жеткізеді;

4.көбеюге қатысады.

4.Тамыр шығу тегіне қарай негізгі , жанама , қосалқы болып бөлінеді.

Негізгі тамыр  тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.Төмен қарай бағытталып , топыраққа тереңдей береді.

Жанама тамыр  негізгі тамырдың жан-жағынан таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.

Қосалқы тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтеді.

5.Тамыр жүйесі –бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі,жанама,қосалқы) жиынтығы.Кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді.Кіндік тамыр жүйесінде білеуленген жуан негізгі тамыры бар,оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады.Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер:сәбіз , картоп ,қызанақ , орамжапырақ т.б.

Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды.Қосалқы тамырлардың  қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі,көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде  (бидай ,жүгері ,күріш ,тары ,пияз ,т.б.) болады.

V.Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру:

1.Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады?

2.Вегетативті мүшелерді ата. Вегетативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет?

3.Тмырдың қызметін ата.

4.Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? Олардың айырмашылықтарын ата.

5.Тамыр жүйесі дегеніміз не?

6.Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің тамырларын салыстырыңдар.

VI.Жаңа сабақты бекіту:

Зертханалық  жұмыс.

Көрнекілігі: Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктердің кеппешөптері.Алдын ала өсірілген тұқымдар.

Орындалатын тапсырмалар:

1.Өсімдік кеппешөбінен тамырларын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратыңдар;

2.Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар;

3.Шашақ тамыр жүйесін кеппешөптерден қарап анықтандар;

4.Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне  көңіл аударып,оқулықтың суреттерімен салыстырыңдар;

VII.

Рефлексия

Бүгін біз не білдік

 1. Тамыр- өсімдіктің  вегетативті мүшесі

 2.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

 3. Өсімдік   тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады,

 4.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

 5. Өсімдік тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады,

 6.Тамырға қандай жүктеме түсетінін  елестету үшін, күшті жел кезінде

  қолшатырды ашып, ұстап тұру керек.

 7.Бүкіл тіршілік бойы өсімдіктерде жаңа тамырлары түзіліп, ескілері өсіп

   отырады.

 8.Өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын тамыр жүйесі

   деп атайды.

               Жағдаят кезеңінің тапсырмалары

1.“Қыстағы қар жерге ырыс, жердегі ылғал елге ырыс” мақалының мазмұнын түсіндіріңіз.

2.Халық  даналығы  Бұхар жырауға кедей «Тарыны қай жерге еккенде мол түсім аламын» деп ақыл сұрай барса, ол құрт-құмырсқа жәндіктер қаптап жүрген жазық жерді нұсқап жүріп кетіпті. Сол жерге тары егіп, «шаш етектен келетін» мол түсім алған кедей Бұхарға келіп, неліктен солай нұсқағанын сұрапты. Мұны сіз қалай түсіндіресіз?

3. Құмды топырақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі қос жарнақты өсімдіктерге кіндік тамыр болады. Сонымен қатар оның тамыры ылғалға жету үшін топыраққа терең орналасады. Ал батпақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі шашақ тамырға ұқсайды. Оның тамырлары үлкен ауданды алып жатады, бірақ топыраққа терең орналаспайды. Себебі неде деп ойлайсыңдар?

Жағдаят тапсырмаларының жауабы:

1. Мол топырақта тұқым тез өнеді, тамыр тез өседі.

2. Жәндіктер бар жерде құнарлы, қопсытылған топырақ болады.

3. Құмда ылғал тереңде жатқандықтан, тамыр ұзын болады, батпақта жайылып өседі. 

VIII.Оқушылардың білімдерін бағалау.Үйге тапсырма:пар.7


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ең үздік топ
Тамырдың түрөзгерістері
Тамыр бөлімдері
Тамыр . Тамыр жүйесі
Тамыр-өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар
Жапырақ
Өсімдік жасушасының құрылысы
Тамыр. Тамыр түрлері. Тамыр жүйелері
Тамыр бөлімдері
Өсімдік ұлпаларының жалпы ерекшіліктері, қызметтері және орналасқан жері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 18182 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык