Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Климаты



Климаты

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Оңтүстік Американың климатымен таныстыру және табиғатындағы ерекшеліктермен бірлесе отырып  талдау. Оқулық мәтінімен жұмыс жасау.

2.Дамытушылық Болжай білу, ауызша сипаттама жасауды дағдыландыру, тілін дамыту.

3. Тәрбиелік Басқа мемлекеттермен таныса отырып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ел байлығын дұрыс бағалауға, өздігінен ізденуге үйрету, дүниетанымдарын қалыптастыра тереңдете түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Климат қалыптастырушы факторлар. Географиялық орнына сәйкес, Оңтүстік Америка күн сәулесін өте мол алады. Бирақ ылғалдың көп болуы материкти шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Материк солтүстік субэкваторлық белдеуден оңтүстік қоңыржай белдеуге дейін созылып жатыр. Климаттың қалаптасуына географиялық ендікпен қатар, батыстағы биік Анд тау жүйесінің тигізетін әсері мол. Сондықтан әр бір климаттық белдей биік таулық және жазықтық климаттарға ажыратылады.

Материк клматына қоршап жатқан мұхит айдандары үстінде қалыптасатын экваторлық, тропиктік қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді. Сондықтан Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғаолды материк болып табылады.

Климаттық белдеулер. Материкти 6 климаттық белдеу кесіп өтеді. Экваторлық климаттық белдеу Амазонка ойпатының едәуір жері мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай жатқан жағалық бөлігін алып жатыр. Жыл бойын ауа температурасы t +25 0C дан төмен түспейді, жауын-шашын мөлшері Амазонкада 1500 мм-ден 3000 мм-ге дейін, ал Тынық мұхит жағалауында 3000 мм-ден артық түседі. Жауан-шашын жал бойы мол, әсіресе көктем мен күздегі күн мен түннің теңелуі кезінде айырықшы көбейеді.

Материкте екі субэкваторлық климаттық белдеу бар, олар Амазонканың шығысында бір-бірімен түйіседі. Бұл белдеулер жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан белдеулердің қысы құрғақ, жазы жаңбрлы болады. Мұндай климатты – ауыспалы ылғалды климат деп атайды. Ауаның орташа температурасы құрғақ кезеңнің соңына қарай +280С дейн жоғарлайды, қыс айларының өзінде орташа температура +20 0С-тан төмен түспейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-жен 1000мм-ге дейін кемиді. Ал Бризилия таулы үсмтіртінің солтүстік шығысындағы жылы ағыстар екиге айырылатын жағалау бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-ге дейін күрт азаяды.

Тропиктік климаттық белдеу. Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік шығыс жағалық бөлігінің, Ла-плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтарын алып жатыр. Бұл белдеудегі температура жыл маусымдаро бойынша өзгеріп жазда орташа температура +280С-қа дейн жоғарлайды. Гран-Чако жазығында метериктегі ең жағарғы температура (+470С) байқалған. Жылдық жауын-шанының мөлшері Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік шығыс жағалық бөлігінде жылы ағыс әсерінен  2000 мм-ге жетіп, тропиктик ылғылды климат қалыптасады. Мұхиттан қашықтаған сайын жауын-шанның мөлшері біртіндеп азайып, климат ауыспалы ылғалды сипатқа көшеді. Ал Анд тауларының Тынық мұхытның жағалауындағы Атакама шөлінде суық ағыстар әсерінен жағалық шөл климаты қалыптасады. Жаздың орташа температурасы +200С ал қыстың орташа температурасы +130С-тан жоғарламайды.

Субтропиктик климаттық белдеу. Материктің 300 және 40о.е. аралығын алып жатыр. Белдеудің шығысында климат ылғалды субтропиктік, мұнда орташа температура жазда +250С-тан қыста +150С—қа дейін ауытқып отырады. Жауын-шашын жыл бойы түседі. Ал Анд тауларының Тынық мұхиты жағалауында субтропиктік Жерорта теңіздік климат қалыптасады, мұнда жазы құрғақ, қысы жылы әрі ылғалды болады.

Қоңыржай климаттық беллдеу. Материктің оңтүсытігіндегі жіңішке бөлікті алып жатыр. Белдеудің шығысында Фолкленд суық ағысының әсерінен қоңыржай континетттік климат қалыптасады. Жазы құрғақ, қоңыр салқын. Қысы салқын кейде аязды күндер болып турады. Қар жауғанымен тез ерип кетеді. Матреиктегі ең томенгі температура (-330С) осында тіркелген. Анд тауының Тынық мұхиты жағалауы бүкіл жыл бойына батыс тасмалының ықпалында болатындақтан жауын-шашын мол болады, оның мөлшері әсіресе қысқа қарай артады. Жылдық температуранын айырмашылығы онша байқалмайды. Мұндай климат – қоңыржай теңіздік деп аталады.

Анд таулары биік таулы климатқа жатады. Ол биіктікке қарай ауа температурасы мен қысымның өзгеруіне байланысты айқындала түседі. Сондықтан экваторлық белдеу аймағындағы шыңдардың басында жыл бойы қар жатады. Тропиктік белдеу қамтитын таулы аудандарда климат аса құрғақ, температураның тәуліктік айырмашылығы жоғары келеді. Анд тау жүйесінде климаттық белдеулердің ауылуы геграфиялық ендікке де, теңіз деңгейінен биіктігіне де байланысты. Биік таулы климан жазық бөліктегі өзіне сәйкес келетін климаттық белдеуден климат көрсеткіштері бойынша айырмашылық жасайды.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Материктегі қоңыржай теңіздік климатты солтүстік жарты шар материктеріндегі осындай климатпен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.
  2. Жазық бөліктегі әрбір климаттық белдеудің басты белгілерін анықтап, белдеу ішіндегі климат айырмашылықтарының сипатын дәптерге жазыңдар.
  3. Анд тауларының қандай климаттық ерекшеліктері бар?

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың климатымен таныстық.

Үйге тапсырма: §39-оқу. Кескін картадан климатты көруге, қосымша деректер жинау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Географиялық белдеу және табиғат зоналары
Еуразия климаты
Ірі өзен жүйелері. Көлдер
Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер
Еуразия материгінің климаты
Солтүстік Американың климаты
Климаты
Климаты. Өзендері мен көлдері
Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері
Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5705 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык