Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Берілгендер типі туралы түсінік Программалау тілінің қарапайым объектілері


Берілгендер типі туралы түсінік Программалау тілінің қарапайым объектілері

Берілгендер типі  туралы түсінік Программалау тілінің қарапайым объектілері

Мақсаты:

Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;

Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;

Көпсалалық, жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе.(2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
  • Журнал толтыру;
  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ.  Үй тапсырмасымен жұмыс. (10мин)

1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс – 1ұп, жоқ – 0; дұрыс емес – 0,5ұп)

2.  Қысқаша сұрақ-жауап;

  • Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
  • Түйінді сөз деген не? Бірнеше мысал келтір.
  • Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
  • Математикадағыдан басқа Паскаль тілінде тағы қандай амалдар қолданылады? Мысал.
  • :=  ‘   ;  таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?

ІІІ. Жаңа сабақ(15мин)

Белгілі бір ортадағы сан-алуан нәрселердің әрқайсысын жеке атап жүрмес үшін оны объекті деп атайды. Олай болса Паскаль ортасында қандай обектілер бар деп ойлайысыңдар? Паскаль ортасындағы объектілерге мыналар жатады: «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция», «процедура» және «өрнек»

  1. Сандар.  Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болады.

Бүтін сандар: 1, 2, -9, 100, 65535, 0 т.б. (integer)

16-лық бүтін сандар: $F, $8B2,…

Нақты сандар: 1, 2, 2.65, 0, -6.0, 512, 12052500... кез-келген санды нақты санға жатқызуға болады. (real);

  1. Атау-идентификатор.  Айнмалыларды, файлдарды т.б объектілерді белгілеуге арналған таңбалар тізбегі. Мысалы:

х:=15.5;  a:=512; mektep:=’Жібек жолы’ … Мұндағы х,a,mektep идентификаторлар ал, 15.5,  512,  ’Жібек жолы’ – бұлар айнмалылардың мәндері. Паскалдың қызметші сөздері немесе операторларын белгілейтін сөздерді (var, integer…)атау ретінде алуға болмайды. Кез-келген қазақша сөзді ағылшын әрпімен жазып, атау ретінде алуға болады.

  1. Тұрақты немесе константа  деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріссіз қалатын шаманы айтады. Мыс: g:=9.81 k:=9E9 e:=1.6e-19…
  2. Айнымалылар  деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріп отыратын шамаларды айтады. Ондай шамалар шексіз көп. Мысалы: ауа райы, уақыт, жыл мезгілдері...Айнымалыларды екіге бөліп қарау керек.

Қарапайым айнымалылар – бұлар өз атауларымен ғана жазылады.

Индексті айнымалылар – бұларда айнымалының атымен бірге индексі де жазылады. Оған кестелік шамаларды жатқызуға болады. Мысалы: сабақ кестесі – баған (сыныптар) және жол нөмірі (күндер) арқылы көрсетіледі.

5.  Түсіндірмелер  программаның әр жолының тұсына {} фигуралы жақша ішіне жазылады. Олардың көмегімен программаны талдау, түсіну оңай.

ІІІ. Сабақты бекіту: (10мин)

1.  Қатарда жазылған сандардың қандай ортақ қасиеттері бар?

-10, -5,  0,  5,  10,  ...,  ...,  бүтін сандар,

-1,5,  -1,  ...,   0,   ...,  ...,   1,5,   ...      нақты сандар.

2.  Осы сандар қатарында қандай заңдылық бар?

Бүтін сандар 5-ке артып отырады. Арифметикалық прегрессия заңдылығы бар.

Нақты сандар қатары 0,5-ке артып отырады, АФ заңдылғы бар.

3. Мына айнымалыларға қандай мәндер берілуі мүмкін?

Типі сөз болса  mektep, vuz,      (кез-келген сөз)

Типі нақты болса dd, x, y2,       (кез-келген сан)

Типі бүтін болса  ddч, xч, y23,             (тек бүтін сандар)

4.  Тұрақтылар мен айнмалыларды көрсет, басқа мысалдар келтір?

5,5,  600, m6, aaa, mektep, 1.6e-19, 9.81, ауа райы, уақыт, мемлекет атауы, планета атауы, жастық шақ, масса, удеу, хим.элем.аты...

IV. Оқушыларды бағалау: (5мин)

V. Үйге (3мин)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Паскаль тіліндегі жиымдар
Берілгендерді сипаттау, егізу-шығару, сызықтық программалар
Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері
Паскаль – программалау тілі. Тілдің алфавиті
Информатика пәнінен 9-сыныпқа арналған тест сұрақтары
Мәлімет типтері. Өрнектер және олардың жазылуы. Айнымалы ұғымы
Паскаль
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Массив (жиым)
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 3482 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык