Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ө дыбысы мен әрпі


Ө дыбысы мен әрпі

 Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ө дыбысы мен әрпін таныту. Ө дыбысын сөз ішінен ажырата білу,жуан-жіңішкелігін айыра білуге үйрету.

Дамытушылығы: Ө дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту,ұқыптылыққа,сауаттылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: Сөздік,көрнекілік,танымдық,практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық .

Қайырлы таң досым,

Қайырлы күн болсын.

Жеті күннің әр кезі,

Сәттіліккетолсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

¾   Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпекші, себебі бізге қонақтар келіп отыр.

¾   Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймызАлақай не деген керемет!

¾   (түрлі құстардың дауысы естіледі).

¾   Балалар, орманда адасып кетпей бірлесіп жұмыс істейік, әр тапсырмаларды мұқият тыңдап, білімімізді арттырайық.

¾   Орманда нелер өседі?

¾   Ағаштар,өсімдіктер,гүлдер өседі.

¾   Өте жақсы. Ағаш түрлерін айтып өтейік (қайын, қарағай, терек, емен суреті).

Сұрақтар:

  1. Дыбыс деген не?

¾   Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.

  1. Әріп деген не?

¾   Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.

  1. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

¾   Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады. Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?

¾   Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды.

¾   IIӨткенді қайталау.

Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-         З з дыбысы

-         Өте жақсы , тамаша! Орманда енді бізді аң патшасы – Арыстан күтіп тұр екен. Арыстанның тапсырмаларын орындайықшы

-         Ойын: тез ойла, сөз ойла
З дыбысы бар сөздерді айтып, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.

¾   Жақсы. (Орманда әліппе оқып отырған аңдар суретті). Ормандағы аңдардың балаларыда “Мектептеріне” жиналып “Орман әліппесін” оқымақшы екен. Ал, қане біз де әліппемізді ашайық.

Мұз айдыны мәтінін әңгімелеу.

III. Жаңа сабақ.

¾   Ал,енді аңдармен бірге тапсырмалар орындадық, әрі қарай орман  ішін аралайық. Орман емшісі не деп ойлайсындар? (Тоқылдақтын суретті).

Тоқылдақ бізге өзінін тапсырмасын дайындап келіпті. 
   ( Көйлек, бөрік, өшіргіш, өрік суреттері). Хормен суреттердін атын айтады. Бұл сөздерде бізге таныс емес қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? (Ө дыбысы)

¾   Ө дыбысы неге ұқсайды?

  1. Дыбыстық талдау жасайды, Өрік – Бөрік сөздері.

VI. Оқулықпен жұмыс

 

өзен         өріс       бөрік       өрнек        көрме

өлең         өрік       көрік      өрмек        көрпе

өнер         өмір       көмір     өркеш       көрші

Сегіту сәтті

Оқушыларға оқып беріп, мағынасын айтамын және хормен айтады.

Жақсы, әрі қарай жүрейік (Тырна суреті).

Балалар ұшып келе жатқан қандай құс екен?

Ол орман хабаршысы Тырна. Тырна бізге хат әкеліпті. Хатты оқып беремін.

Не қалай дыбыстайды?

Үй жануарларының дыбысын тыңдап, қандай жануар екенін табады.

Өркеш мәтінін оқып беріп, мазмұнын түсіндіремін. Ө дыбысының қай буында тұрғанын аңғарту.

Арқаңдағы шошайған не? – деді бұзау.

Өркеш қой, - деді бота.

Өркеш саған не керек? – деді бұзау.

Балалар мінсе, құлап қалмасын, - деді бота.

Ауада жазу. Ө әрпінің элементін салу, тақтаға жазу. VДәптермен жұмыс.

Жазу жолының ортаңғы жағына қолымызды солға қарай иіп, жазу  жолының төменгі сызығына түсіп, қолымызды жоғары қарай көтере отырып оңға қарай түзу сызық саламыз.

( Тік отыру үлгісі).

VI. Бекіту

Ө дыбысы сызба көрсетіледі.

VII. Сабақтың қортынды кезеңі:

-       Бүгінгі сабақта қайда бардық?

-       Ұнады ма?

-       Нелермен кездестік?

-       Бүгінгі сабаққа ризамыз ба?

-       Мен де ризамын.

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге,

Ризамын, Ризамын, Ризамын бүгінге.

Ризамын, Ризамын, Ризамын қазірге!

Келгендеріңізге рахмет! Сау болыңыздар! 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Қ қ дыбысы мен әрпі
Өө дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Х дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4568 | Қосты: Сарсенбаева Гүлмира | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык