Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Аустралияның табиғат зоналары


Аустралияның табиғат зоналары

Аустралияның табиғат зоналары

Тақырыбы: §55 Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары: 
                Білімділік: Оқушыларға Аустралияның табиғат зоналарының қалыптасуы, органикалық дүниесінің таралу ерекшеліктері мен себептері туралы түсінік беру.

               Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге және қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру.

               Тәрбиелік: Оқушылар басқа мемлекеттердің табиғат зоналарымен таныса отырып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:«Ой шақыру» әдісі, «Ашық-жабық» сұрақтар әдісі,  «Номенклатурамен жұмыс» әдісі, «Бинго» әдісі, «Зообақ» «Миға шабуыл», «Басбармақ»сұрақ – жауап, картамен жұмыс.

Сабақ көрнекілігі:жер шарының физикалық картасы, дүниежүзінің табиғат зоналар картасы, қосымша әдебиет көздері, суреттер, интерактивті тақта

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту

ІҮ. Ой толғаныс

VІ кезең. Кері байланыс

ҮІІ.Бағалау.

ҮІІІ.Үй тапсырмасын беру

Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу.

Ә)Сыныпты үш топқа бөлу, топ басшысын сайлау (смайликтер арқылы).

Б)Бағалау парағын тарату

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

І кезең – «Ой шақыру» әдісі

1. Аустралияның ең үлкен өзені? (Муррей Дарлинг сағасымен)

2. Кеуіп қалған өзен арнасы қалай аталады?  (Крик)

3. Аустралиядағы жаз айындағы ең жоғарғы температура? (+ 52,8ºС)

4.Аустралияның ең суық айы? (шілде)

5.Аустралияның ең көп бөлігін қандай климаттық белдеу алып жатыр? (тропиктік белдеу)

6. Аустралияның ең ірі көлі? (Эйр)

7. Қандай портты қала ағылшын жаратылыстанушысының есімімен аталады? (Чарльз Дарвин)

8. Ағылшындық ақынның  есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон)

9. Аустралияны ашқан голландтық  теңізші? (В.Янсзон)

10. Материкте қанша артезиан алабы бар? (33)

 

2 кезең «Кезектескен интервью» әдісі

Оқушылар кезектесіп интервью әдісі арқыл сөздерін жалғастыра отырып, сабақ айтады.

 

3  кезең. «Ашық-жабық» сұрақтар әдісі

І топ.

1.Аустралияның солтүстік және шығыс жағалық бөлігінде ғана жылы ағыстар әсерінен мол жауын шашын болады (иә)

2.Муррей өзені Атлант  мұхиты алабына жататын өзен (жоқ)

  1. Аустралияда қалдық көлдер аз (иә)

4.Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқуларына муссондық желдер әсер етеді (жоқ)

ІІ топ.

5.Аустралия материгінде субэкваторлық, тропиктік, қоңыржай климаттық белдеу бар (иә)

6.­Өзендері жаңбыр және жер асты суларымен  қоректенеді (иә)

  1. Аустралияда 43 артезиан алабы бар (жоқ)

8.Климаттың құрғақ болуына байланысты Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз. (иә)

 ІІІ топ

9. Аустралияның ең ірі өзені Виктория (жоқ)

10.Материк оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетіндіктен күн сәулесі аз түседі (жоқ)

11.Аустралиядағы ірі шөлдің бірі Намиб деп аталады (жоқ).

12.Тасман аралының оңтүстік бөлігі қоңыржай климаттық белдеу (иә)

 

4 кезең. «Номенклатурамен жұмыс» әдісі (берілген өзен көлдерге сипаттама бере отырып картамен жұмыс жасайды)

І топ. Эйр

ІІ топ.Муррей

ІІІ топ. Дарлинг

 

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту

«Бинго» әдісі

 

       IV.Жаңа сабақ

А)«Миға шабуыл»

Ә) Қызығушылықты ояту

vАборигендер тілінде коала «су ішпейді» Оған эвкалипттің жас жапырақтарындағы ылғал жеткілікті болғандықтан, су ішпейді.

vАустралияның табиғат зоналары орналасу жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас.

vТабиғат зоналары ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды.

vЕш жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді 

 

Б)Мағынаны тану кезеңі

             а) интерактивті тақтадан қысқfif мәліметтер көрсетіледі.

В)Топтық жұмыс

І топ тропиктік шөл мен шөлейт зонасы

ІІ топ саванналар мен сирек ормандар

ІІІ топ. Ылғалды субтропиктік ормандар

(Берілген 3 сұрақ бойынша 3 топ әр түсті маркерлермен плакатқа жауап жазады. Белгілі бір уақыт ішінде топ мүшелері орындарын ауыстырады.Орындарын ауыстыра отырып, әр топтың жазған жауаптарын тексереді және өз пікірлерін қосады. Кейін әр топтан бір оқушы шығып қорғайды).

Г)«Зообақ» Оқушыларға жануарлар мен өсімдіктердің суреттері тарпатылады. Суреттегі жануар мен өсімдіктің атын айтып, қосымша мәліметтер беріледі. Мәлімет берген оқушыға  1 ұпай беріледі.   

І топ. Үйректұмсық, Ехидна, кенгуру, шөп ағашы.

ІІ топ. Коала, Динго, қара какаду, тотықұс,бөтелке ағашы

ІІІ топ. Лирақұйрық, вомбат, эвкалипт, коала

ІҮ. Ой толғаныс.

 

Бекіту сұрақтарына  жауап беру.

1.Скрэб дегеніміз не?

                                 Скрэб – тікенекті акация мен эвкалипттен құралған ну бұта.

                                     2.Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген?

 

                                 Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйеқұсы мен

                                 кенгуру бейнеленген.

 

3. Үлкен суайрық жотасындағы  табиғат  зоналары?

                                                                                     Үлкен суайрық жотасындағы  табиғат  

                                                                                     зоналары: ылғалды тропиктік ормандар 

                                                                                     және ылғалды субтропиктік ормандар эвкалипт, акация ағаштары басым?                        

 

VІ кезең. Кері байланыс

«Стикерлер таратып беру       

Стикерлер арқылы смайликке өздерінің көңіл-күйлерін көрсетеді. Келесі сабақтан не күтетіндерін айтады

ҮІ.Бағалау. Бағалау парағын толтыру

 

 

Оқушының

аты-жөні

«Ой шақыру» әдісі

 

«Кезектескен интервью» әдісі

Картамен жұмыс

Зообақ

Ой толғаныс Бекіту сұрақтары

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзін – өзі бағалау.

Әрбір тапсырмаға толық жауап -1 ұпай

 

ҮІІ. Үйге тапсырма:

§55 -оқуға.

Кескін картаға түсіру

Аустралия мен Африканың табиғат зоналары және органикалық дүниесінің ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жасау.

Қорытынды

1. Ізденуге ұмтылды.

2.Сабаққа деген қызушылығы байқалды

3.Сабаққа барлық оқушы жұмыла кірісті.

4. Оқушы тақырыпты өздігінен түсінді.

5.Өз өздерін бағалай алды


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Географиялық белдеу және табиғат зоналары
Австралияның табиғат зоналары
Климаты
Табиғат зоналары
Климаты. Өзендері мен көлдері
Табиғат зоналары
Африканың табиғат зоналары
Африканың табиғат зоналары
Табиғат зоналары
Аустралияның табиғат зоналары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3237 | Қосты: Сүйенғали Жарқынай Сүйенғалиқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык