Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстанның қалалары


Қазақстанның қалалары

Қазақстанның қалалары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары

Мақсаты: Қазақстанның қалалары туралы жан-жақты білім беру, мағлұматтарын кеңейту. Сөздік қорын молайту, жаңа білімді, түрлі тапсырмалар арқылы меңгерту. Өз ойларын еркін және жүйелі жеткізуге баулу, дәлелдеуге үйрету.Отанды сүюге, елді құрметтеуге баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды қалыптастыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап әдісі,электрондық әдіс,жеке жұмыс түрлері.

Сабақтың көрнекілігі: Электрондық, интерактивтік тақта, видео материал Абай- ұлы тұлға (слайд)

Сабақтың барысы:

I-Ұйымдастыру

II-Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген Отан сөзін септету,тәуелдеу Отан туралы мақал-

мәтелдерді жатқа сұрау.

III-Жаңа сабақтың барысы.

Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымыз Қазақстанның қалалары туралы және қазақтың бас ақыны Абайдың 165 жылдығы туралы оқып танысамыз.

-Абай кім? Абай қазақтың бас ақыны 1845жылы қазіргі Семей қаласында дүниеге келген

Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдері бар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі. Олай болса, Абайдың қыс өлеңін кім оқиды?

Абайдың “Қыс” өлеңін жатқа айту.

Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі сабақ электрондық оқулықпен  өткізіледі. Әр қалаларға мәліметтерді оқылым және тыңдалым арқылы оқып танысамыз. Оқушылардың назары интерактивті тақтаға аудара отырып, Қазақстанның қалалары мәтінін оқи отырып тыңдалады.

Мәтінмен жұмыс.

1 Оқушылар женке-жеке мәтіннің әр сөйлемін оқып шығады.

2 Сұрақ арқылы мәтіннің мазмұны ашылады. Мәтінге сүйеніп,сұрақтар бойынша жауап беріңіз. Ескерту. Көп нүктенің орнына басып,пайда болған сөйлемдерден дұрыс жауабына басыңыз.

1. Қазақстан Республиксының бас қаласы қай қала?

Астана

2. Қазақстанда қанша қала бар?

184

3.Алматы қандай орталыққа жатады?

Ірі ғылыми,мәдени-қаржы орталығына жатады.

4.Алматы қай таудың баурайында орналасқан?

Алатаудың баурайында

5.Семей қай өзеннің жағалауында орналасқан?

Ертіс өзенінің жағалауында

6.Ертіс өзені арқылы не салынған?

Аспалы көпір

7.Шымкент қаласында қандай кәсіпорындар бар?

Мақта өңдеу,жеміс консервілеу

8.Атырау қай теңіздің жағасында орналасқан?

Каспий теңізінің жағасында

9.Байқоңыр қаласында не орналасқан?

Ғарыш айлағы

10.Ақтауда не қызмет  етеді?

Мұнай таситын танкерлер

Сұраққа толық жауап алынып,оқушылардан мәтіннің мазмұны сұралады.

Тапсырмалар. №1 Керекті сөздерді пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыз.

Қазақстанда 184 қала және 193 қала тектес мекендер-----------------

Алматы Республиканың ірі ғылыми, мәдени-қаржы-------------------

Ертіс өзені арқылы аспалы көпір----------------------

Атырауда мұнай мен газ---------------------------------

Тараз – Республикадағы ең көне-----------------------

Керекті сөздер: орталығы,бар,өндіріледі,салынған,қала.

№2  Сәйкес ұяшыққа қалалрдың атын қойыңыз.

Ескерту: Дұрыс емес болса ұяшық қаланы қабылдамайды.

Семей,Астана,Талдықорған,Тараз,Шымкент,Алматы,Павлодар. Оқушылар

тышқанның көмегімен ұяшықтарға қалаларды орналастырады.

Тақтамен жұмыс.  Астана - Қазақстанның бас қаласы. Астана сөзін септеу,тәуелдеу,фонетикалық

талдау. Тақтаға үш оқушы шығып орындайды.

Сергіту сәті. Абай - ұлы тұлға слайд шоу көру.

№3   сөйлемдердің немесе бұрыс екенін анықтау.

Қазақстанда 184 қалаға жетпейді Бұрыс

Алматы қаласы Алатаудың баурайында орналасқан  Дұрыс

Семейде аспалы көпір салынған жоқ. Бұрыс

№4  Берілген сөйлемдерді қатысты ұяшықтарға орналастыр.

Мақта өңдеу,Шымкент қаласында,жеміс консервілеу,бар,кәсіпорындары.

Шымкент қаласында мақта өңдеу,жеміс консервілеу кәсіпорындары бар.

Орналасқан,Каспий теңізі,Атырау қаласы,жағасында.

Атырау қаласы Каспий теңізі жағасында орналасқан.

Ең көне қала ,Тараз,Республикадағы

Тараз-Республикадағы ең көне қала.

-Тыңдаңыз. Тірек сөздер арқылы сөйлесейік.

-Азамат, саған Қазақстанның қандай қалалары ұнайды?

-Маған Қазақстанның барлық қалалары ұнайды

-Соның ішінде қайсысы ерекше ұнайды?

-Соның ішінде,әсіресе жаңадан бой көтеріп келе жатқан әсем Астана ұнайды.

-Барып көрдің бе?

-Әрине, жаңа жобамен  салынған зәулім үйлері, әсем де сәнді ғимаратттары көздің жауын алады.

Оқушылар осы диалогты пайдалана отырып,өздері құрастырады.

Бекіту: Тест

Алматы қай таудың баурайында орналасқан?

А. Тарбағатай     Ә. Қаратау      Б.  Гималай    В.Алатау

2.  Семей қай өзеннің жағалауында орналасқан?

А. Ертіс    Ә. Есіл      Б. Іле     В. Шу

3. Атырау қаласы қай теңіздің жағасында орналасқан?

А. Каспий теңізі     Ә. Арал теңізі   Б. Жерорта теңізі     В. Қара теңіз

4. Ғарыш аймағы қай қалада шоғырланған?

А. Қызылорда     Ә. Ақтөбе      Б. Байқоңыр        В. Шымкент

5. Көмір шахталары қай қалада шоғырланған?

А. Семей     Ә. Ақтөбе    Б. Ақтау     В. Қарағанды

Сабақ қорыту. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

Шымкентте қандай өндіріс орындары бар?

Абай қай қалада туған?

Сабақтан алған әсерлерің қандай?

Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушылардың білім деңгейі мен тест жауаптарын бағалау.

Үйге тапсырма. Мәтінді оқып,мазмұнын айту. Семей, Ақтау, Шымкент, Ертіс сөздерін фонетикалық талдау,  септеу, тәуелдеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Машина жасау кешеніне тақырыптық тест сұрақтары
Қазақстан облыстары
«Атажұрт» этногеографиялық ойын сабағы
Қазақстанның көне қалалары
Кең байтақ – Қазақстаным
Қазақстан қалалары
Тәуелдік жалғау
Семей қаласы
Сөйлем мүшелері
Елорда ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 6594 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык