Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әбділда Тәжібаев «Сырдария»


Әбділда Тәжібаев «Сырдария»

Әбділда Тәжібаев «Сырдария»

Сабақтың жоспары:

Сабақтың мақсаты: Білімділік – Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру,өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін таныту, өлеңді түсініп оқуға , туған жерін сүйуге баулу;

Дамытушылық – Оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны дамыту,өлеңді құрылысына талдай білуге машықтандыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік – Адам өміріне қажет өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға баулу,өз елін,  жерін сүюге қастерлеуге тәрбиелеу

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ – жауап,ой қозғау,талдау

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, География

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту

Ү. Сабақты қорытындылау

ҮІ.Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ.Оқушылармен қоштасу

І. Ұйымдастыру бөлімі: 1. Сәлемдесу.  2. Түгендеу.   3. Сабаққа даярлықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту:

Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз » поэмасы

1.Поэмадан үзінді оқу

2. Жырдан Абдоллаға тән бейнелі сөздерді табу

ІІІ. Жаңа сабақ:

Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, құдіретті күйшілерді, данышпан, ақылгөй билерді, ақиық ақындарды, отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді. Солардың бірі бүгінгі таөырыбымызға өзек болған. Әбділда Тәжібаев ағамыздың өміріне, «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.

Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру.

Жоспар:

І. Білім: «Сыр елі – жыр елі»

ІІ. Түсіну:      Өлеңнің тақырыбын ашу

ІІІ. Қолдану: Өлең идеясын ашу

ІҮ. Талдау:    Өлеңді құрылысына көркем талдау

Ү.Жинақтау: Өлеңнің маңыздылығы.

І.Кіріспе сөз:

1. Әбділда Тәжібаевтың өмірі, шығармалары туралы қысқаша мәлімет.

2. Картамен жұмыс.Сырдария өлеңі туралы әңгімелеу.

Гейне – неміс ақыны, Рейн – Германиядағы өзен, Тарас – Украин ақыны, Днепр – Украинадағы өзен, Пушкин – орыс ақыны, Еділ (Волга) – Ресейдегі өзен.

5.Оқушыларға өлеңді мәнерлетіп оқытып, жалқы есімдерді тапқызу

Гейне, Рейн, Тарас, Днепр, Пушкин, Еділ.

ІІІ.Сұрақ – жауап әдісімен өлеңнің идеясын ашу

1.Өлең тақырыбы не жайында?

2.Өлеңнің Сырдарияға арналуы қай жерден байқалады?

3.Ақын еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдіреді? Оны қай жолдан байқауға болады?

4.Ел анасы менің анам деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?

5.Анаға ұқсас ұғымды қалай білдірген?

6.Лирика дегеніміз не?

7.Бұл өлең лириканың қай түріне жатады?

ІҮ. Өлеңнің құрылысына, көркем тіліне талдау.

1.Параллелизм сөзіне түсінік беру

2. Өлеңді сатылай кешенді талдау.

1.Параллелизм – көркем  әдебиетте автор өзінің көңіл күйіне ұқсас жайларды, сол сияқты табиғат құбылыстарын қатар алып қолдану.Сол арқылы ой сезімін көрсетеді.

2.Сатылай кешенді талдау.        

ІҮ.Өлеңнің маңыздылығы:

Ақын өзінің туған жеріне, өзеніне, еліне деген сүйіспеншілігін бейнелеген.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Ой толғау: «Су – тіршілік көзі»

Ү. Сабақты қорытындылау:

1. Әбділда Тәжібаев кім? (ассоциялық әдіс)

ҮІ. Үйге тапсырма:

1.Әбділда Тәжібаев «Сырдария» өлеңін жаттау.Өзен су туралы мақал – мәтел, ырым – тыйым сөздер жазып келу.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау: Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалап, бағасын күнделіктеріне қою.

ҮІІІ. Оқушылармен қоштасу: Сауболыңыздар!!!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құнанбаев Әбдірахман өлігенде
Жұмабаев Батыр Баян
Өзен Ы. Алтынсарин
Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта» өлеңі
Әбділда Тәжібаев. «Толағай»
М.Мақатаевтың шығармаларын қорытындылау
М.Мақатаевтың шығармаларын қорытындылау
М.Мақатаевтың шығармаларын қорытындылау
Әбділда Тәжібаев. «Сырдария» өлеңі
Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 12784 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык