Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сен тірісің жан аға халқың барда


Сен тірісің жан аға халқың барда

Сен тірісің жан аға халқың барда  

Әдеби монтажды кеш:

                                « Сен тірісің жан аға халқың барда»

Кеш мақсаты: Ақын өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.Өлеңдерін

                          жатқа оқу, ақын поэзиясын құрметтеу.

(Кешті кіріспе сөзбен пән мұғалімі ашып, өзінің ақынға арнауын оқиды).

Кеш барысы:  «Менің анкетам» өлеңін орындаумен басталады.

(Екі жүргізуші кезекпен жүргізеді)

Жүргізуші:

                  Қайырымсыз қазаға елің бас ұрмайды

                  Саған деген сағыныш  басылмайды.

                  Табытыңды жасырса, жер жасырар,

                   Ал уақыт өзіңді жасырмайды.

Жүргізуші: Өнер – өлең, өлең – дерт, оны туа біткен дарын иесі , шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді.

                  Аузын ашса жүрегі көрінетін

                  Көмейінен отты жыр төгілетін.

                  Қайран Мұқа, аруақты ақынсың ғой,

                  Қас тұлпардай жер тарпып тебінетін.

Жүргізуші: М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өмірде тұңғыш колхоз құрылысын жолға қойып, шаңдақта шаңырақ көтерген шағын шаруашылықты басқарғандардың бірі болған. Зеңгір көк тіреген көгілдір шыңдар, шірәт шалғынды Шалкөденің бау-райы бота көзіндей мөлдіреп, жалбызды жағасына күміс шашқан тұма суының сыңғыры бала Мұқағалидың ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді.

          «Туған жер», Қайран, Қарасазым-ай!», «Елім барда» өлеңдері оқылады.

Ән: «Саржайлауым»

Жүргізуші: Мұқағали бір естелік жазбасында : « Поэзия – ғылым, оны зерттеу керек.Адам өмірінің адам жанының зерттелмеген қалам тербемеген несі қалды?Ал адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет болса, ол тек поэзия»,-

деген. Шындығында да өмірдің сансыз сауалдарына жауап табу ешкімнің қолынан келмеген.

                    Өмір жайлы сұрай берме сен менен

                    Өмірді мен әлі зерттеп көрмегем.

                    Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,

                    Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.

Жүргізуші: Мұқағали өзге біреулердей тиіп –қашып, анда-санда бір соғып емес, поэзияға бар ғұмырын арнаған дам. Өлеңді пірім деп санаған. Оны өзі де өлеңінде жасырмайды.

       Мұқағали поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы. Жырлары тіршілік тамырындай өмірмен мәңгі бірге жырлар.

                  «Поэзия», «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңдері

Жүргізуші: Мұқағали шығармалары Абайдың «Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдерінен өзгеше.

Жүргізуші:

                   Мендағы өлең жазбаймын ермек үшін

                   Ермек үшін немесе өлмек үшін, -  дей келе құдіретті қарапайымдылықпен күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған ақын.

                 «Қара өлең» , «Үш бақытым» өлеңдері

Ән:  «Сәби болғым келеді»

Жүргізуші: Ақиық ақын Мұқағали ағамыздың қай өлеңін алмайық, оны тебіренбей оқу мүмкін емес. Дәл солай оның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқығанда да,жүрегің зар еңіреп, ана махаббаты мен пәк сезім символының ортасында дал боласың. Шарасыз күй кешесің.

Жүргізуші:  Ақын поэмасынан үзінді көріңіздер.

                    Эпилог

                   «Аққулар, қош болыңдар» өлеңі

Жүргізуші:  Ақынның өмірдегі бақыты бала десек, Мұқағалидың өмірден ерте кеткен сүйікті қызы Майгүлге арнаған бірнеше өлеңдерін тілге тиек етер едік.

Жүргізуші:  Бұдан адам баласына тән сезімдердің бәрінің жат еместігін , перзентіне деген махаббатын, үзілген арманы мен күрсінген қайғысын сезінеміз. Ал, Лашынға арнаған өлеңдерінде бірнеше баланың анасы, ширек ғасыр бірге отасқан жұбайына күрсінбеші деп өлеңмен жұбату айтады, басу айтады.

                   «Майгүлге» , «Күрсінбеші»  өлеңдері

Ән:  «Есіңе мені алғайсың»

Жүргізуші:  «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дегендей, ақын айналасындағылардың өзін түсінбеушілігіне налыған, табиғатпен сырласқан.

                 « Өмір сүрейік алмасып»  өлеңі

Көрініс:  Қараңғы зал, үстел үстінде май шам,  қалам, дәптер,жанында екі орынды.Музыка ойнап тұрады. Үстел жанында отырған Мұқағали жаңа туған өлеңі «Өзімнің есебімше» өлеңін дауыстап оқи жөнеледі.

Жүргізуші:  Мұқағали - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің дәуірлеу кезеңін ғана емес, қазақ поэзиясының ірі тұлғаларының бірі, бірегейі. Ол өмірге құштар еді, сол құмарына тояттамай-ақ кетті...

Жүргізуші: 

                         Қуалап тіршіліктің көбелегін

                         Қап қойды,қап елінде көп өлеңім.

                         Жалғызым, жаным менің, жырым менің,

                         Қалдырып неге артыма неге өлемін?!

     «Наурыз» өлеңі жай әуенмен оқылып , кеш аяқталғаны жарияланады.

 

Құрметті редакция алқасы! Мен осының алдында Сүйінбай ақын туралы ашық сабақ жіберіп едім, сол жерде ХХ –ғасыр деп рим санымен жазылған жазу ортасына артынан бір санын қосам деп ұмытып кетіппін.Мүмкін болса соны түзеп жарияласаңыздар екен. Әріптестерім қате түсініп қалмасын. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған " Жырлайды жүрек" әдеби- сазды кеш
Қарасаздан ұшқан қарлығаш
Әр өлеңі – бір әлем
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін атты әдеби сазды кеш
Мақатаев «Махаббат диалогі», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдері
Қазақ поэзиясының Хантәңірі
Жырлайды жүрек
М.Мақатаев "Қайырлы түн"
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 2749 | Қосты: Садвакасова Сауле Адилхановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык