|
|
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер бейнесін ашады, өз пікірін қорғайды, салт-дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды;
Дамытушылық мақсаты: Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы мысалдар келтіріп, қосымша мәліметтер іздестіреді, танымдық қабілеттерін дамытады, ойлану нәтижесінде өз ойын тиянақтайды, оны дәлелді түрде жеткізеді, басқалардың пікірін сыйлап, онымен санасады, бірнеше ойды салыстырады, қарама-қарсы қояды;
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, халықтық салт-дәстүрді білуге баулу;
Сабақтың түрі: Практикалық оқуға негізделген ізденіс.
Типі: іскерлік пен біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, этнография.
Құрал-жабдықтар: парақшалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесіп, сабақ әзірлігін бақылау.
- Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың ерекшелігі стратегиялық бағытта жүргізіледі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: мазмұнын айту, сұрақ-жауап ұйымдастыру, бірін-бірі толықтыру.
- «Еркін жауап» стратегиясы.
Берілетін сұрақтар:
- Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
- Әңгімеге арқау болған қандай оқиға?
- Әңгімеге сендер қандай атау берер едіңдер?
- Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр болды?
- Мәселені басқаша жолмен шешуге болмас па еді?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
- 2. «Түсіну» стратегиясы
Сабағымызды жазушы өмірімен байланыстырамыз. Ол үшін интербелсенді тақтадағы мына хронологиялық кестені толтырамыз.
Ғ. Мүсіреповтың өмірінен хронологиялық кесте
Мерзімі |
Болған оқиғалар |
1902 жыл |
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келді |
1923-1926 жыл |
Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түсті |
1926-1927 жыл |
Омбыдағы ауылшаруашылық институтында білім алады |
1958 жыл |
КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болады |
1974 жыл |
Социалистік Еңбек Ері құрметті атағын алады |
2. Жазушы өмірінен, елеулі оқиғалары мен кезеңдерінен мәлімет алдық, ендеше жазушы Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығына кезек берейік
Шығармалары |
Поэма |
Қара сөз |
Роман |
Әңгіме |
Өлең |
Проза |
Пьеса |
Повесть |
Аударма |
Баллада |
«Ананың анасы» |
|
|
|
P |
|
|
|
|
|
|
«Қазақ солдаты» |
|
|
P |
|
|
|
|
|
|
|
«Боранды түнде» |
|
|
|
P |
|
|
|
|
|
|
«Аманкелді» |
|
|
|
|
|
|
P |
|
|
|
«Ақлима» |
|
|
|
P |
|
|
|
|
|
|
«Өлімді жеңген ана» |
|
|
|
P |
|
|
|
|
|
|
«Қыз Жібек» |
|
|
|
|
|
|
P |
|
|
|
«Ашынған ана» |
|
|
|
P |
|
|
|
|
|
|
«Оянған өлке» |
|
|
P |
|
|
|
|
|
|
|
«Кездеспей кеткен бір бейне» |
P |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Жапон балладасы» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
P |
«Ақан сері-Ақтоқты» |
|
|
|
|
|
|
P |
|
|
|
«Ұлпан» |
|
|
P |
|
|
|
|
|
|
|
ІҮ. Ал, балалар, біз үй тапсырмасын бекітіп, бүгінгі сабағымызға арқау болған Ғ.Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесін сатылай кешенді талдау жасайық.
Ендігі кезекті 3. «Танып білу стратегиясына» берейік. Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. («Семантикалық карта»)
4.«Талдап білу» стратегиясы. (Сатылай кешенді талдау).
Сатылай кешенді талдау:
1.Шығарманың авторы: Ғабит Мүсірепов
2.Тақырыбы: Екі жастың сүйіспеншілігі. Қыз алып қашу дәстүрі.
3.Идеясы: Адам бақыты жаны қалаған адаммен өмір сүру
4. Жанрлық түрі: Әңгіме
Компазициялық құрылым:
- Оқиғаның басталуы: Ашуға мінген Қайсар;
- Оқиғаның дамуы (Сюжеттік байланыс): Қыз алып қашуға аттану;
- Оқиғаның шиеленісуі: баланың адасуы. Бейтаныс үй;
- Оқиғаның шарықтау шегі: Кәменді балаға ілестіру;
- Оқиғаның шешімі (аяқталуы): Бала мен Кәменнің үйге келу
5.«Түсініктеме күнделігі» стратегиясы. Салт-дәстүрге, әдет-ғұрыптарға байланысты ұғымдарды түсіну. Мәтіннен іздестіріп, жауап жазады.
1. Баланы сүндетке отырғызу;
2. Балаға сүндет ат беру;
3. Қыз айттыру;
4. Қалың мал беру;
5. Қыз алып қашу;
6. Ұзатылар қыздың қоштасуы;
7. Бата беру;
8. Келіншектің қайын інісіне ат қоюы;
9. Аңшылық;
6.«Пәнаралық байланыс» стратегиясы. Келесі тапсырма қазақ тіліне қатысты болмақ. Дисфемизм деген не? Атын тікелей айтуға тыйым салынған сөздерді «дисфемизмдер» деп атаймыз. Мәтіннен осы сөздерді табайық:
1. Боқмұрын
2. Оттамасын
3. Иттің ғана баласы
4. Қатын
5. Өсекші.
Оларды қандай сөздермен алмастыруға болады? Оларға антонимдес, сыпайы сөздерді қалай атаймыз?
Тапсырма: Графикалық диктант. Дисфемизм сөздерді эфемизм сөздермен алмастырып жазыңдар.
1. Боқмұрын
2. Оттамасын
3. Иттің ғана баласы
4. Қатын
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
- Әңгіменің авторы кім?
- Қайсардың қалыңдығы
- Қыз алып қашу операциясы кімнің кесірінен сәтсіз аяқталды?
- Қасқырдың терілері қайда үйіліп жатыр?
- Қайсардың қимасы
- Жеті қазынаның бірі, Қайсардың сенімді серігі
Сонымен, балалар «табу» сөз дегеніміз не? Ол қай жағдайда айтылады екен? Неліктен Кәмен баланы атымен атамай, «Інішек» деп атады?
7.«Кейіпкерлер» стратегиясы. Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.
1. Қайсар, Бала, Асылхан. (Ер балалар осы кейіпкерлерге сипаттама береді).
Іс-әрекеті |
Мінезі |
Кейіпкер мінезін толықтыру |
|
|
|
2.Кәмен, Бәден апайдың, Кәменнің сіңлісі кішкентай шошақай қызға. (Қыз балалар осы кейіпкерлерге сипаттама береді).
Ү. Қорытындылау: 8. «Пікір алысу» стратегиясы.
Шығарма несімен ұнады? |
Сүйікті кейіпкерлерің |
Кейіпкерге хат |
Жасалған қорытынды |
Қызықты, оқырман таңдамайтын, тілі жеңіл, юморлық шығарма |
Бала, Кәмен, Қайсар |
Бала, бастысы жеңгелі болдың, соның арқасында ат міндің ол да |
Шығармадан түсінгенім кез келген адам өзі қалаған адаммен өмір сүру |
ҮІ. Үйге тапсырма беру:
- Үйлену салтына байланысты мәлімет дайындау.
- Өзіңнің басыңнан өткен қызықты бір оқиғаны жазып кел.
Бағалау парағы:
Девушки по вызову проститутки Саратова Интим досуг для мужчинСоңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |