Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қожа Ахмет Йассауи «Диуани хикмет» кітабы


Қожа Ахмет Йассауи «Диуани хикмет» кітабы

Қожа Ахмет Йассауи «Диуани хикмет» кітабы

Сабақтың атауы Қожа Ахмет Йассауи «Диуани хикмет» кітабы

Сілтеме Оқулық 8-сынып қазақ әдебиеті Қ.Әбдезұлы, Г.Д.Рыскелдиева, С.Ч.Тұрсынғалиева. Интерактивті тақта. MicrosoftPowerPoint

Жалпы мақсаты Йассауи туралы түсінік бере отырып, «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды анықтау.

Оқыту нәтижесі Йассауидің өмірлік мақсат-мұратын танып, имандылық туралы ойларын қазіргі заманғы тәрбиемен ұштастыра біледі. Діни ұғымдардың мағынасын ұғынады.

Негізгі идеясы «Даналық кітабындағы» хикметтерінің мазмұны мен мағынасын аша отырып, болашақ ұрпаққа айтар насихаты

Дереккөздер «Диуани хикмет» кітабынан алынған хикметтерден үзінді

Тапсырмалар

1. Жигсо әдісі

2. «Жазу семинары» стратегиясы

3. Поэтикалық талдау

4. Сәйкестендіру кестесі

5. «Ой қозғау» стратегиясы

6. «Йассауи тану» картасы

7. Тест сұрақтары

Кейінгі тапсырмалар

1. Қожа Ахмет Йассауи өмірі мен шығармашылығын оқу

2. Хикметтерінен үзінді жаттау

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

1. Ұйымдастыру (2 минут)

Сабақты бастамастан бұрын оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін тренинг өткіземін. Тренинг «Ризамын». Сосын топқа бөлемін. Ризамын оңға, Ризамын солға, Ризамын күнге Ризамын өзіме.

2. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут) Оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын анықтау үшін «Ыстық орындық» стратегиясын қолданамын. Бір оқушы ортаға шығып, орындыққа отырады да сол оқушыға оқушылар сұрақ қояды.

1. Әл-Фарабидің өміріне шолу жасаңыз.

2. Ол ғылымның қай салаларымен айналысқан?

3. Қандай еңбектерін білесіз?

4. Трактат дегеніміз не?

5. Өлеңдерінде қандай ой айтылған?

3. Жаңа сабақ. (12 минут)

Мұғалім сөзі: Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымызды бастамастан бұрын интерактивті тақтадағы суретке назар аударып, ребус шешеді. , , , ,,масса у, Осындай ребустарды шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтап аламын. Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы Қожа Ахмет Йассауидің өмірі және «Диуани хикмет» кітабы екендігін оқушыларға айтып өтемін. Сабақты мынандай дәйексөзді негізге ала отырып бастаймыз:

«Ең алдымен, өзіңді өзің таны!»-дейді грек ғалымы. «Өзіңді танығаның-хақты танығаның»-дейді ұлы бабамыз Қожа Ахмет Йассауи. Хақ деп отырғаны-ақиқат, дүниенің мәні. Демек, әрбір адам, ең алдымен, өз елінің өткенін, тарихын, ата-бабаларын білуі керек. Ендеше, біз баба жайлы не білуіміз? «Жигсо» әдісі (7 минут) Оқушылар жаңа тақырыпты бір-біріне «Жигсо» әдісі арқылы түсіндіреді.

1-топ. Қожа Ахмет Йассауидің өмірі мен шығармашылығы

2-топ. «Диуани хикмет» кітабына жалпы сипаттама

3-топ. Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің тарихы туралы Міне, осындай тақырыптарға оқушылар өз беттерінше дайындалып, келесі топқа барып түсіндіреді. (Ресурс таратылады) «Жазу семинары» стратегиясы Постер қорғау (5 минут) Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани хикмет» кітабының мұқабасын қалай жасар едіңіздер деген сауалға оқушылар постер қорғау арқылы жауап береді. 4. Тапсырмалармен жұмыс. (15 минут) 1-тапсырма. Қожа Ахмет Йассауи хикметтеріне поэтикалық талдау жасау. (3 минут) Хикметтеріндегі негізгі ой Поэтикалық талдау (теңеу, эпитет) табу Сөздікпен жұмыс

2-тапсырма «Сәйкестендіру кестесі» (3 минут) Қожа Ахмет Йассауи сақтандырған 5 нәрсемен оқушыларды таныстыра отырып, кімнің даналық ойымен сәйкес келетіндігін анықтау мақсатында, кестені толтыру. Йассауи: Абай: 1.Алланың ақ жолын мойында 1.Өсек 2.Менмен,тәкәппар болма 2.өтірік 3.Арыңды сатпа 3.мақтаншақ 4.Арамдықтан аулақ бол. 4.еріншек. 5.Еріншек болма. 5.бекер мал шашпақ Сергіту сәті (1 минут) Оқушыларды сергіту мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырамын. Тренинг «Көңілді сәт» 3-тапсырма «Ойқозғау» (5 минут) «Диуани хикмет» кітабы туралы оқушылар өз көзқарастарын, пікірлерін жинақтап төмендегі кестеге толтырады. Оқушылардың пікірі «Диуани хикмет» кітабы Оқушылардың пікірлері алынған соң, түрлі ғалымдардың пікірлерімен салыстырып қараймыз.

Ғалымдардың пікірі

1. Ерлан Арын (ҚР білім, экономика ғылымының докторы) Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. Иманжүзділік оқулығы әділетті болар. Ол тұтқиыл тығырықтар тұсында тұйықтан шығарар жол көрсетіп, инабатшыл көңілге Иланым ұялатады».

2. А.Қыраубаева. «Суфизм көзқарасындағы ақындық дәстүрдің қазақ поэзиясындағы қалыптасуына түркілік әдебиет даму кезеңіндегі шығармаларда негізгі қаланған мәселелердің кейінгі ақындар арқылы жалғасатындығы табиғи заңдылық. Аллаға ғашықтық Йасауи және оның дәстүріндегі ақындар поэзиясында орныққан құбылыс. Жаратушыға арналған махаббат, ғашықтық ұғымдардың әлеуметтік сырлары жалпы азаматтық, гуманистік ойлармен де ұштасады » «Ғасырлар мұрасы» А., 1987, 360-б

5.Қорытындылау (5 минут) Алған білімімізді жинақтап, «Йассауиды тану»картасын толтырамыз: Мұғалім: Оқушы: 1.Ахмет Йасауи кім? Ғалым,ақын,ойшыл 2.Қайда туған,қай жерде тұрған Сайрамда туып,Түркістанда тұрған 3.Қанша жыл өмір сүрген? 73 жасында қайтыс болған 4.Қандай еңбегін білесің? «Диуани хикмет»атты кітабы

5. «Диуани хикмет»нені уағыздайды?

Алланың ақ жолын уағыздайтын кітап

«Тест сұрақтары»

1. Қожа Ахмет Йассауидің туған жерін көрсетіңіз. А) Сыр бойында Ә) Отырар қаласында Б) Йасы қаласында

2. Қожа Ахмет Йассауидің ата-анасын белгілеңіз.

А) Құнанбай мен Ұлжан Ә) Ибраһим мен Қарашаш Б) Ибраһим мен Қарлығаш

3. Алғаш ұстаздық еткен қала А) Түркістан Ә) Испиджаб Б) Мерке

4. Қожа Ахмет Йассауидің рухани ұстазы кім?

А) Арыстан баб Ә) Әл-Фараби Б) Баласағұни

5. 27 жасында Бұхараға барып кімнен білім алады?

А) Арыстан баб Ә) Юсуф Хамадани Б) Әл-Фараби

6. Не себептен өмірін қылуетте өткізеді?

А) Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүру Ә) Әкесінің жасынан артық өмір сүру Б) Дүниеден безінеді

7. Бүгінгі заманға жеткен көлемді шығармасы қалай аталады?

А) «Пақырнама» Ә) «Құтты білік» дастаны Б) «Диуани хикмет» кітабы

8. Бұл кітап қай тілде жазылған.

А) түрік Ә) араб Б) латын

9. Кітаптың негізгі идеясы

А) Алланың ақ жолын мойындамаудан сақтанға үндеу Ә) Кішіпейілдікке, адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақыру Б) Дүние-мүлік үшін арыңды сатпауға негіздеу

10.Қай жылы алғаш жеке ктап болып басылып шықты?

А) 1901жылы Ә) 1878 жылы Б) 1879 жылы

11. Қожа Ахмет Йассауидің кесенесі қай жылдары тұрғызылған?

А) 1396-1399 жылдары Ә) 1396-1400 жылдары Б) 1399-1405 жылдары

12. Кесенені салуға кім негіз болды?

А) Жәңгір хан Ә) Абылай хан Б) Ақсақ Темір

13. Қожа Ахмет Йассауидің қанша шәкірті болған?

А) 90 мың шәкірт Ә) 80 мың шәкірт Б) 70 мың шәкірт

14. «Машқар күні» деген сөздің мағынасын табыңыз.

А) табыт Ә) о дүниедегі сұрақ күні Б) Әр адамның тағдыры

15. Қожа Ахмет Йассауи қай жылы қайтыс болған?

А) 1150 жылы Ә) 1199 жылы Б) 1166 жылы

Тест жауаптарын бағалау критерийі:

1. 13-15 дұрыс жауапқа бағасы «5» 2. 12-9 дұрыс жауапқа бағасы «4» 3. 8-5 дұрыс жауапқа бағасы «3» 6.

Бағалау (3 минут) № Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақты бекіту «Жигсо» әдісі Жазу семинары (постер қорғау)

Поэтикалық талдау

Сәйкестендіру кестесі

Суретпен жұмыс

Ой толғау «Йассауи тану» картасы

Тест сұрақтары

Оқушы ұпайы

Бағалары 7. Үйге тапсырма (2 минут) 1.Қожа Ахмет Йассауи өмірі мен шығармашылығын оқу 2. Хикметтерінен үзінді жаттау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ахмет Йассауи хикметтері 8-сынып қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар.
Ш. Айтматов «Найман-Ана»
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту
Ахмет Иассауи хикметтері
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Қожа Ахмет Йассауи
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 26965 | Қосты: Жандалиева Нұргүл Даукенқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык