Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ш. Айтматов «Найман-Ана»


Ш. Айтматов «Найман-Ана»

Ш. Айтматов «Найман-Ана»

16.05.2013ж

4-күн

4-сабақ

Сабақтың атауы

Ш. Айтматов «Найман-Ана»

(«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)

Сілтеме

Оқулық 8-сынып қазақ әдебиеті Қ.Әбдезұлы, Г.Д.Рыскелдиева, С.Ч.Тұрсынғалиева. Интерактивті тақта. MicrosoftPowerPoint

 

Жалпымақсаты

 

Ш.Айтматовтың  романынан алынған үзіндініңмазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.

Оқыту нәтижесі

 Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу. Кейіпкерлерге, жазушы тіліне талдау алады. Шығармадағы негізгі ойды бүгінгі қоғаммен байланыстыра алады.

Негізгі идеясы

«Найман-Ана» шығармасының мазмұны мен мағынасын аша отырып, болашақ ұрпаққа айтар насихаты

Дереккөздер

«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді,

Тапсырмалар

 

 

  1. Ұйымдастыру 2 минут
  2. Үй тапсырмасын тексеру 5 минут
  3. Жаңа сабақ. 13 минут

А) Автор туралы түсінік беру.

Ә) Көрініс көрсету.

4. Мағынаны тану 5 минут

5. Сергіту сәті 3 минут

6. Ғылыми ізденіс бөлімі 7 минут

7. Қорытындылау. 5 минут

  1. Үйге тапсырма 3 минут

9. Бағалау 2 минут

 

Кейінгі тапсырмалар

  1. Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармашылығын оқу
  2. «Найман-Ана» шығармасын мазмұндау

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

 

  1. Ұйымдастыру  (2 минут)

Сабақты бастамастан бұрын оқушылармен амандасып аламын. Сосын оқушыларды түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлемін.

Тренинг

Әрқашанда таза болсын ар-ожданың, жүрегің,

Өзгелерде саған адал, әділ болар білемін.

Зорлық қылсақ өзгелерге - өзің жәбір көресің,

Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің

  1. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

      Оқушылардың үй тапсырмасы ретінде Әбілхасан Рудакидің «Өлеңдерін» жаттау берілген болатын. Осы мақсатта жаттаған өлеңдері сұралады.

 

  1. Жаңа сабақ. (13 минут)

Мұғалім сөзі: Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымызды бастамастан бұрын адамға ең жақын, ақылшы, жанашыр жан кім? Екендігі жөнінде постер қорғасақ.  (Постер дайындалып, қорғалады) Демек, бүгінгі біздің сабағымыз ана атымен байланысты. Олай болса Шыңғыс Айтматовтың «Найман - Ана» шығармасы.

 

Автор туралы түсінік беріледі. (5 минут)

              Шыңғыс Айтматов (қыр. Чыңгыз Төрөкулович Айтматов, орыс. Чингиз Торекулович Айтматов; 1928 ж. желтоқсанның 12 Шекер, Қырғыз АКСР — 2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания) — ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты. Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді. Жазушының өзі де қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы «халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген шәкірті болған.  Қырғыз а. ш. институтын бітірген (1953) 1953-56ж. Қазақ зоотех.-малдәрігерлік ғыл.зет.институтының эксперименттік фермасында (Жамбыл облысының Талас ауд.) зоотехник. 1955-1958 ж. Мәскеудегі Жоғары әдебиет курсында тыңдаушы, 1959-1960 ж. "Литературный Киргизстан" журналының редакторы, 1960-1965 ж. "Правда" газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі, 1965-1986ж. Қырғыстан Кинематографистер Одағының төрағасы, 1966 жылдан Қырғызстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы. 1988 жылдан "Ииостранная литература" журналының бас редакторы.

             Шыңғыс Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушы. Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс шығармалары - әр елдің тілінде аударылып, оқырманын көбейтуде. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, азаматтық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды. Шыңғыс Айтматовтың ұстазы – Мұхтар Әуезов.  

Әдеби шығармалары да достығы да тұтас дүние бола білген Мұхтар мен     Шыңғысты бүкіл ел біледі. Осындай достықта туған шығармалары мәңгілік болмақ.

IV. Ой-толғаныс бөлімі: «Адамдықтың қасиеті – елдігінен көрінер»

1) Көрініс көрсету. (7 минут)

Қатысушылар: Найман Ана, Мәңгүрт, Маңғолдар.

Музыка жәймен ойналып тұрады.

Ана:

-         Отыр, сөйлесейік. Сенің атың кім?

Мәңгүрт:

-Мәңгүрт.

Ана:

-                     Мәңгүрт деп сені қазір атайды. Ал бұрынғы атың есіңде ме? Есіңе түсірші шын атыңды.

-                     Әкеңнің атын білесің бе? Әкеңнің аты кім? Өзіңнің елің қайда, руың кім? Тым құрыса, туған жеріңді білесің бе?

-                     Жо. Мен ештеңе білмеймін.

-                     Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені!

-                     Ау, жерді, суды тартып алса, мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да, мейлі.

-                     Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай-ау?! О, Құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдық жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді?

-                     Сенің атың – Жоламан. Естимісің сен? Сен – Жоламансың. Әкеңнің аты – Дөненбай. Әкеңді ұмытып қалдың ба, құлыным? Ол саған титтейіңнен садақ атуды үйретіп еді ғой. Мен сенің анаңмын. Сен менің баламсың. Сен найман руынан боласың, ұқтың ба? Наймансың сен ...

Ана:

-Сен мұнда келгенге дейін не болды, білесің бе?

Мәңгүрт:

-                     Ештеңе де болған жоқ.

Ана:

-                     Мұнда келгеніңеде күндіз бе еді, түн бе еді?

Мәңгүрт:

-                     Ештеңе де.

Ана:

-                     Кіммен сөйлескің келеді?

Мәңгүрт:

-                     Аймен. Бірақ біз бір-бірімізді естімейміз. Айда біреу отыр.

Ана:

-                     Тағы не қалар едің?

Мәңгүрт:

-                     Басымда қожаның басындағыдай бұрым болса.

Ана:

-                     Келші бері, басыңа олар не істеді екен, көрейін.

-                     Анау кім?

Мәңгүрт:

-                     Маған ауқат алып келе жатыр.

Ана:

-                     Сен ештеңе айтпа. Мен кешікпей келемін.

Маңғол:

-                     Келген кім?

Мәңгүрт:

-                     Ол маған шешеңмін дейді.

Маңғол:

-                     Қайдағы шешең ол сенің! Шешең жоқ сенің! Теріңді сыпырып тастамақшы! Ені келгенде мына садақпен ат!

Ана:

-                     Жоламан! Құлыным менің, Жоламан, қайдасың? Жоламан!  Қайдасың құлыным?

Анасын Мәңгүрт ұлы атып құлатады.

 «Мағынаны тану» (5 минут)

  1. Осы көріністен нені байқадың?
  2. Жауыздық – адамзатқа тән бе?
  3. Ана-Бейітті халық неге соншама қадір тұтады?
  4. Найман-Ана ерлігін қалай қабылдадың?
  5. Найман-Ана баласын не үшін жау қолынан алып қашпақ болған?

(мәтіннен тауып оқу)

Сергіту сәті. (3 минут)

 

 

 

  Ғылыми ізденіс бөлімі: «Ертеңін ойлаған ұрпақ азбас!»

Сөздікпен жұмыс

Мәңгүрт – есінен ауысқан, ойлау қабілетінен айырылған адам.

Баялыш – шөлді, құмды жерде тырбиып өсетін бозғыл түсті, тікенді өсімдік.

Кепеш – түйенің терісінен жасалған бас киім

Зілмәуір – зіл батпан, ауыр

 

Оқушылар сөздікпен жұмыс жасағаннан кейін төмендегідей сұрақтарға жауап іздейді.

  1. Ерікті мәңгүрт дегенді қалай түсінесіздер?
  2. Қазіргі кезде ерікті мәңгүрт деп кімді айтамыз?

Әр топ «Найман-Анаға» баға береді.

Найман – ана – қамқоршы, ержүрек, батыл қайсар, аңыз кейіпкер, жанашыр ұлы тұлға, ұрпақ қамын ойлаушы.

5.Қорытындылау.

«Мен адаммын, адамдық мәңгі мұратым!»

1)    Сен қасиетті халықтың адал перзенті болуы үшін сен қандай болуың керек?

Адамдықтың белгісі – иманды, елін жақсы көретін, Отанын қорғайтын, ата-анасын сыйлайтын, жүрегі жылылыққа толы, туған жерін қадірлейтін, ибалы, ана тілін қастерлейтін.

  1. Үйге тапсырма.

1.Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармашылығын оқу

2.«Найман-Ана» шығармасын мазмұндау

  1. Бағалау. Топтық бағалау

Рефлексия.

 «Жазу семинары» стратегиясы

Постер қорғау (5 минут)

Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани хикмет» кітабының мұқабасын қалай жасар едіңіздер деген сауалға оқушылар постер қорғау арқылы жауап береді.

4. Тапсырмалармен жұмыс. (15 минут)

1-тапсырма. Қожа Ахмет Йассауи хикметтеріне поэтикалық талдау жасау. (3 минут)

Хикметтеріндегі негізгі ой

Поэтикалық талдау

(теңеу, эпитет) табу

Сөздікпен жұмыс

 

2-тапсырма «Сәйкестендіру кестесі» (3 минут)

Қожа Ахмет Йассауи сақтандырған 5 нәрсемен оқуыларды таныстыра отырып, кімнің даналық ойымен сәйкес келетіндігін анықтау мақсатында, кестені толтыру.

                                Йассауи:                                                 Абай:

1.Алланың ақ жолын мойында

1.Өсек

2.Менмен,тәкәппар болма

2.өтірік

3.Арыңды сатпа

3.мақтаншақ

4.Арамдықтан аулақ бол.

4.еріншек.

5.Еріншек болма.

5.бекер мал шашпақ

 

3-тапсырма «Суретпен жұмыс» стратегиясы (4 минут)

Бұл тапсырмада оқушылар белгілі бір сурет арқылы түрлі тапсырмалар орындайды.

1-топ. Сол сурет бойынша өлең шығарса,

2-топ. Сол сурет арқылы әңгіме құрастырады.

3-топ. Сол сурет бойынша айтылған деректерді талдайды.

Сергіту сәті (1 минут)

 Оқушыларды сергіту мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырамын.

Тренинг «Көңілді сәт»

4-тапсырма «Ой толғау» (5 минут)

«Диуани хикмет» кітабы туралы оқушылар өз көзқарастарын, пікірлерін жинақтап төмендегі кестеге толтырады.

Оқушылардың пікірі

«Диуани хикмет» кітабы

 

Оқушылардың пікірлері алынған соң, түрлі ғалымдардың пікірлерімен салыстырып қараймыз.

Ғалымдардың пікірі

1. Ерлан Арын (ҚР білім, экономика ғылымының докторы)

Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. Иманжүзділік оқулығы әділетті болар. Ол тұтқиыл тығырықтар тұсында тұйықтан шығарар жол көрсетіп, инабатшыл көңілге Иланым ұялатады».

2. А.Қыраубаева. «Суфизм көзқарасындағы  ақындық дәстүрдің қазақ поэзиясындағы қалыптасуына түркілік әдебиет даму кезеңіндегі шығармаларда негізгі қаланған мәселелердің кейінгі ақындар арқылы жалғасатындығы табиғи заңдылық. Аллаға ғашықтық Йасауи және оның дәстүріндегі ақындар поэзиясында орныққан құбылыс. Жаратушыға арналған махаббат, ғашықтық ұғымдардың әлеуметтік сырлары жалпы азаматтық, гуманистік ойлармен де ұштасады »

«Ғасырлар мұрасы» А., 1987, 360-б

 5.Қорытындылау (5 минут)

Алған білімімізді жинақтап, «Йассауиды тану»картасын толтырамыз:

Мұғалім:                                          Оқушы:

1.Ахмет Йасауи кім?

Ғалым,ақын,ойшыл

2.Қайда туған,қай жерде тұрған

Сайрамда туып,Түркістанда   

тұрған

3.Қанша жыл өмір сүрген?

73 жасында қайтыс болған

4.Қандай еңбегін білесің?

«Диуани хикмет»атты кітабы

5. «Диуани хикмет»нені уағыздайды?

Алланың ақ жолын уағыздайтын

                    кітап

 

 «Тест сұрақтары»

  1. Қожа Ахмет Йассауидің туған жерін көрсетіңіз.

А) Сыр бойында    

Ә) Отырар қаласында     

 Б) Йасы қаласында

 

2. Қожа Ахмет Йассауидің ата-анасын белгілеңіз.

А) Құнанбай мен Ұлжан

Ә) Ибраһим мен Қарашаш 

Б) Ибраһим мен Қарлығаш

 

  1. Алғаш ұстаздық еткен қала

А) Түркістан

Ә) Испиджаб

Б) Мерке

 

  1. Қожа Ахмет Йассауидің рухани ұстазы кім?

А) Арыстан баб

Ә) Әл-Фараби

Б) Баласағұни

 

  1. 27 жасында Бұхараға барып кімнен білім алады?

А) Арыстан баб

Ә) Юсуф Хамадани

Б) Әл-Фараби

 

  1. Не себептен өмірін қылуетте өткізеді?

А) Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүру

Ә) Әкесінің жасынан артық өмір сүру

Б) Дүниеден безінеді

 

  1. Бүгінгі заманға жеткен көлемді шығармасы қалай аталады?

А) «Пақырнама»

Ә) «Құтты білік» дастаны

Б) «Диуани хикмет» кітабы

 

  1. Бұл кітап қай тілде жазылған.

А) түрік

Ә) араб

Б) латын

 

9. Кітаптың негізгі идеясы

А) Алланың ақ жолын мойындамаудан сақтанға үндеу

Ә) Кішіпейілдікке, адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақыру

Б) Дүние-мүлік үшін арыңды сатпауға негіздеу

 

10.Қай жылы алғаш жеке ктап болып басылып шықты?

А) 1901жылы

Ә) 1878 жылы

Б) 1879 жылы

 

11. Қожа Ахмет Йассауидің кесенесі қай жылдары тұрғызылған?

А) 1396-1399 жылдары

Ә) 1396-1400 жылдары

Б) 1399-1405 жылдары

 

12. Кесенені салуға кім негіз болды?

А) Жәңгір хан

Ә) Абылай хан

Б) Ақсақ Темір

 

13. Қожа Ахмет Йассауидің қанша шәкірті болған?

А) 90 мың шәкірт

Ә) 80 мың шәкірт

Б) 70 мың шәкірт

 

14. «Машқар күні» деген сөздің мағынасын табыңыз.

А) табыт

Ә) о дүниедегі сұрақ күні

Б) Әр адамның тағдыры

 

15. Қожа Ахмет Йассауи қай жылы қайтыс болған?

А) 1150 жылы

Ә) 1199 жылы

Б) 1166 жылы

     Тест жауаптарын бағалау критерийі:

  1. 13-15 дұрыс жауапқа бағасы «5»
  2. 12-9 дұрыс жауапқа бағасы «4»
  3. 8-5 дұрыс жауапқа бағасы «3»

6.Бағалау (3 минут

7. Үйге тапсырма (2 минут

1.Қожа Ахмет Йассауи өмірі мен шығармашылығын оқу

2. Хикметтерінен үзінді жаттау

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қожа Ахмет Йассауи «Диуани хикмет» кітабы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Ежелгі дәуір әдебиетін қорыту
Ахмет Иассауи хикметтері
Айтматов Найман -Ана
Ежелгі қалалар
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы
Ш.Айтматов "Найман-Ана"
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 15457 | Қосты: Жандалиева Нұргүл Даукенқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык