Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры


«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры

Сабақтың тақырыбы: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры

Сабақтың атауы

Өтілетін уақыты

 

Сабақтың атауы

«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры

Сілтеме

Оқулық; «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының толық нұсқасы;

Интернет желісі;

Жалпы мақсаттар

Балаларды сыни тұрғыдан ойлата отырып , оқушы белсенділігін анықтау.

Сабақ барысында оқушылардың зерттеу жұмыстары мен топтық жұмыстарын бірлестіру арқылы баланы жүйелі ойлауға жетелеу.

Диалог,сұхбат, сахналық көріністерді қолдана отырып бала дүниетанымын кеңейту, ой көкжиегінің өсуіне ықпал ету.

Міндеттері

  1. 1.      «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының мазмұнын түсіну.
  2. 2.      Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын үйрену.
  3. 3.      Балалардың терең ойлай білуі, сөз саптауы, жыр идеясын анықтай білуге, керек сәтте шешім қабылдай алуға ықпал ету.
  4. 4.      Сөз мағынасын ашу, сөз қадірін білуге үйрету.

Оқыту нәтижесі

Жыр мазмұнын толық меңгереді.

Кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, олардың бойындағы қасиеттерді анықтай алады.

Жырдың көтерген негізгі өзекті мәселелерін, тақырыптарын анықтауды үйренеді.

Негізгі идеялар

Жастар арасындағы адал махаббат.

Жастар махаббатына ертедегі қоғам және жеке адамдардың қарсы іс-әрекеті.

Тапсырмалар

  1. 1.      Жыр мазмұны бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру.
  2. 2.      Жырдағы әдет-ғұрыптарға байланысты өз пікірлеріңді постер арқылы қорғау.
  3. 3.       «Ақылдың алты қалпағы»Эдвард  де  Боно

тәжірибесі бойынша әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

А)Ақ қалпақ: Жырдың белгілі немесе қажетті тұстарына тоқталады, балалардың  назарын сол идеяларға аударуға жұмыстанады.

Ә)Сары қалпақ: Бұл қалпақпен сіз жырдың жағымды жақтарын зерттейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Б)Қара қалпақ: Бұл- «әзәзілдің қорғаушысы» жырдың жағымсыз жақтарымен мақтана аласыз,оны өз беттеріңізше қорғауға әрекет етесіз.

 

 

В)Қызыл қалпақ: Сезімге ерік бересіз, жыр туралы болжамды және ішкі өз түйсіктеріңді білдіресіздер.

Г) Жасыл қалпақ: Жыр кейіпкерлерінің мүмкіндіктеріне, олар бақытты болуға лайықты жол таба алатындығына, жаңа идеяларға бағытталады.

Ғ) Көк қалпақ: Ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді. Алты топтың айтқандарының сәтті, сәтсіз шыққандығына тоқталады.

 

 

 

      4. Жырдағы қолданысына қарай берілген тілдік бірліктердің мағынасын ашып жазыңдар.

Мысалы: Қыдыр қону- сол жерге береке, бірлік орнау.

5.Венн диаграммасы

 

Кері байланыс

Берілген кестені толтырың. Сурет мағынасын ашың

Бағалау

Формативті және өзін-өзі бағалау.

Кейінгі тапсырмалар

«Менің кейіпкерім» ойтолғау жазып келу.

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Халық әні және опера
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры
Айтыстың ақберені ақын Шөже Қаржаубайұлы қайда жерленген?
Координаталары бойынша нүктені салу
«Қыз Жібек» жыры Лиро-эпостық жырлардың батырлар жырынан ерекшелігі
Лиро – эпостық жырлар
Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырындағы кейіпкерлер
Лиро-эпостық жырлар туралы
Қолғабыс.
«Қыз Жібек» жырынан үзінді
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 6273 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык