Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Салақтық



Салақтық

Бекітемін:

Қысқа мерзімді жұмыс жоспары

Мерзімі:

11.02 .2015 ж

Мектебі:

№ 43

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сыныбы:

2 «а»

Сабақ

3 сабақ

Уақыты:

1010-1055

Сабақтың тақырыбы:

Ыбырай Алтынсарин. Салақтық

 

Сілтеме

Б.Т.Қабатай,С.Р.Рахметова.2 сынып. Алматы «Атамұра» 2013

Әдебиеттік оқу. Оқыту әдістемесі.

Жалпы мақсат

1. Мәтінді мәнерлеп

түсініп оқуға

дағдыландыру.

2. Тілін, сөзік қорын  сыни ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Тазалыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтежие

 

Оқушылар өлеңді оқй отырып,өлеңдегі негізгі ойды білетін болады.Тазалықты сүйеді.

Негізгі идеялар

Топпен жұмыс жасауға қалыптасады

Тапсырмалар

Топтық жұмыс, жеке жұмыс АКТ (суретпен жұмыс) Сұрақ жауап

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары. (мұғалім және оқушы немен айналысады)

 

І Ұйымдастыру кезеңі

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

2. Психологиялық дайындық
 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үй жұмысы «Ұтқыр ойлы» сұрақ жауаптар арқылы орындалып, бармақ белгілері арқылы бағалану.

ІІІМұғалімнің іс әрекеті.

Кәрім деген мешер өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып кірсіз көйлек киіп  таза жүрумен ісі жоқ еді. Әркім айтушы еді:

-        Саған не болды, Кәрім, бойыңнан кіріңді ағызып жүргенше, жуынсаң болмай ма?-деп.

-        Қолым тимейді,--деуші еді ол.

Сөйтіп жүріп, тұлабойын шиқан қаптап және қотыр болды. Бұл күйде құрысып-тырысып жатқанында, әркім сұрайды:

-        Кәрім, саған не болды? - деп.

Кәрім айтады екен:

-        Күнәм үшін құдайдың бір берген сазайыдағы,-деп.

Оған қарсы таныстары:

-        Рас,
Кәрім, құдайтағала таза жүрмеген былғанып кісіні сүймейді, тым болмаса жұмасына бір моншаға түсіп, не болмаса үйіңде сабынмен жуынуды әдет етсең, бұл бәлеге душар болмас едің. Сонымен Кәрімді ауру жататын үйге алып барып, таза жуындырып, таза киім киіндіріп, ем қылған соң, аз ба, көп пе жатып жазылды. Мұнан шыққан соң, Кәрім бір заводқа барып жалданыпты. Өздеріңе де белгілі шығар, заводта нәрсе бояйтын бояулардың қайсысы у болады. Бір күні қожасы Кәрімге бір бояуды былғап қой деп беріпті. Былғап отырып-отырып, кәдімгі үйренген қалыбынша, қолын жумастан барып, тамаққа отырып, нан жепті. Қолындағы бояудың жұғынының бәрі де жеп отырған нанына жабысып отырғанда, бір мезгілде Кәрімнің іші бүрісіп, ауыра бастапты. Әрлі-берлі, олай-бұлай аунақшып, біраз жатып, Кәрім ұзамай-ақ жан тапсырыпты,- әлгі бояу у бояу екен. 

 IV. Сергіту сәті.    Тұрып алып демалайық

                                Оңға, оңға түзу тұр,

                                Солға, олға түзу тұр.

                               Алға қарай бір қадам,

                               Арта қарай бір қадам.

                              Жоғары – төмен қарайық.

 

V.Топтық жұмыс. 

1. Салақтық сөзіне қарама-қарсы сөз

2. Салақтыққа байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздерді айт.

3. Тақырыпқа байланысты сурет сал.

Топтық жұмыс екі жұлдыз бір тілек арқылы бағаланады.

    

VI. Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс түрі.

   Алтынсарин Ыбырай( 1841-1889)

Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері

 Сөздік жазу:

    Салақтық — тазалық сақтамаушылық, ұқыпсыздық. Түп тамыры еріншектіктен бастау алады. Себебі бойды және айналаны таза ұстап, ұқыпты жүру үшін еңбектенуге, сергек жүруге тура келеді. Бұл қарекеттер табанды болуды талап етіп, жүйкеге салмақ түсіреді.

 

 VII. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

 

Кері байланыс. Оқушыларға стикерлер таратылып, «Маған ұнады,маған қиын болды,сұрақ» әдісі бойынша кері байланыс орнатылып,сабақтан алған әсерлерін қысқаша жазады.

 

Кейінгі тапсырма

Салақтық

 

Бағалау. Топта екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалау,бармақ белгілері,мадақтау,жылы шырай таныту.

Кейінгі оқу

Сүт қалай ұйықтады

 

 

 

 

 

 

                                                            Сәтті  түскен жері

 

                                                               Сәтсіз түскен жері

 

                                                               Өзгерістер

 

                 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шаршы салу
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні
Салақтық. Ы.Алтынсарин.
Тазалық - саулық кепілі
М.Мақатаев. Отан туралы.
Намыс. Жуан және жінішке дауысты дыбыстар.
Менмен емен жайлы ертегі.
Таза бұлақ
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Қасиетті Құран Кәрім жайында
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 6189 | Қосты: Хайдарова Сауле Куанышевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык