Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 11551 |
|
|
|
Қазақстан болашағы білімді ұрпақ қолында
Тақырыбы: Қазақстан болашағы білімді ұрпақ қолында
Мақсаты: 1. Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге ,өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
1.Оқушылардың болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп,елін жерін, оның дәстүрін сыйлауға, дидактикалық ойындар арқылы шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:слайдтар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Психологиялық дайындық
. Сабағымызды бастамас бұрын «Менің есімім» ойынын ойнап жіберейік.Бұл ойындағы негізгі мақсат оқушы өзін таныстырады, есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді қосып,, өздерін таныстырады.Мыс: инабатты Индира,құлпырған Қызғалдақ
1. Кіріспе әңгіме.
Мұғалім. Бүгінгі ұрпақ -халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Бүгінгі сабақта сендердің ой-өрістерін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын білімді топты анықтайтын, білімге деген қызығушылықтарынды арттыратын «Қазақстан болашағы білімді ұрпақ қолында» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз. Бұл ойында біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін көрсетеміз. Білімді адам ешнәрседен
қорықпайды, мазасызданбайды.Әр уақытта батыл .
Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын,
Білім-кең қанша болса азбайтұғын,
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, ойынға қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілеймін.
Мұғалім:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді.
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Сыныпты екі топқа бөлу.
1. І топ: «Қыран» тап басшысы:Бейбітова Ш.
2. ІІ топ «Тұлпар» топ басшысы:Атағұлов Р
Топтар топтарымен, ұрандарымен таныстырып өтеді.
І топ: «Қыран» тобы
Біз білімді баламыз,
Оқып білім аламыз.
Қыран атты топпенен
Биік шыңға барамыз.
ІІ топ: «Тұлпар»
Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен білімге сал барыңды.
Мұғалім:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік болса сол алда
1 –бөлім:. «Кім жылдам?»
Оқушыларға әріптер таратамын. Сол әріптен басталатын сұрақтарға жауап беру керек.
І топқа 8 сұрақ.
1. Қандай ертегі оқисыңдар?
2. Қандай тәтті берсе жейсіңдер?
3. Аналарың қалай еркелетеді?
4. Сөмкеңде не бар?
5. Достарың кім?
6. Аспанда не бар?
7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
8. Қандай тілек айтасың?
9.Кім деген әншіні ұнатасыңдар?
10.Қандай киноны ұнатасыңдар?
ІІ топқа.
1. Жасың нешеде?
2. Қалтаңда не бар?
3. Қандай кітап оқисың?
4. Қандай жемістерді ұнатасыңдар?
5. Нені жақсы көресің?
6. Кеше не істедің?
7. Ініңнің аты кім?
8. Кімге сәлем жолдайсың?
9.Қандай құстарды ұнатасыңдар№
10.Өскенде кім болғыларың келеді?
ІІ бөлім: «Ұшқыр ой»
Асықпаймыз, саспаймыз,
Ұшқыр ойға бастаймыз.
Тақтадағы сөзден
Бірнеше сөз құраймыз.
І топқа
Қолшатыр
Қол, от, шатыр, шар, шақ, қар, лақ, ол, тор, тал, ал, тар, торла.
ІІ топқа
Қарлығаш
Қар,ағаш,шар,қарлы,шырақ,алғашқы,шақыр,шақ,ар
ІІІ. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.
І топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)
ІІ топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып,етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым-ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық-түбі қорлық)
ІҮ бөлім «Жорға» сайысы
Бұл ойында өздерінің төрт пән бойынша сұрақтр берілген.
І топ «Қырандар» тобына
1.«Қанағат, рақым ойлап қой!».Берілген жолдардың авторы кім? (Абай).
2. «Айдалада ақ отау,аузы-мұрны жоқ отау». Бұл айтылған не?
( Жұмбақ).
3. Қазақтың атақты суретшісі кім? ( Ә.Қастеев).
4. Әліппенің атасы кім? ( Ахмет).
5. Жыл басы не? ( Тышқан).
6. Су анасы не? ( Бұлақ).
7. Абайдың шешесі кім? ( Ұлжан).
8. Анаңның бауырлары саған кім болады? ( Нағашы).
9. Аңшының құсы ( Бүркіт).
10 Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1)
11. Көне заттарды сақтайтын орын (Мұражай)
12.Үстелде 5 стакан сүт тұрған еді Әсел 1 стакандағы сүтті ішіп қойды.Үстел үстінде неше стакан қалды? (5)
13. 1 тоннада неше кг бар? (1000кг)
14.Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар (мм,см, км, дм,м)
15.Бөлу амалының атаулары
16. 5 ғасырда неше жыл бар?(500жыл)
17.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (карта)
18.Арал теңізіне құятын өзен (Сырдария)
19. Отын –энергетика байлықтары (газ , мұнай)
20. «Хат» сөйлеудің қандай түріне жатады? (жазбаша)
ІІ топ «Тұлпарлар»тобына
1. Дарабоз атанған батырдың шын аты кім? ( Ерасыл).
2. Әнді орындаушы қалай аталады? ( Әнші).
3. Хабарлы сөйлемнің соңына сұрақ белгісі
қойылады. ( Нүкте).
4. Абылай ханның жанама аты кім? ( Сабалақ).
5. Январь айының қазақша атауы қалай? ( Қаңтар
6. Жерұйықты іздеген кім еді? (Асан Қайғы).
7. «Отан» қайдан басталады? (Отбасынан).
8.Рәміздерді ата? (Ту, елтаңба, әнұран)
9. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
10. Оқушылар сөзінің түбірі қайсы ? (Оқу)
11. Тілдің ең негізгі қызметі? (Сөйлеу, қарым-қатынас жасау)
12.Екі әке, екі бала театрға билет алды.Театрға неше адам билет алды? (3)
13.Бір мүшел 13 жас десек, 3 мүшелде неше жас бар? (37)
5 км де неше метр бар?
14.Жылдамдықты қалай табамыз?
15.Шаршының ауданы 64 кв см Бір қабырғасы неше см?(8)
16.Ең ауыр салмақты жануар? ( піл)
17.Сезім мүшелерін ата?
18.Әнұранның авторларын ата? (Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев)
19. . Жұмыртқа сөзінде неше буын бар? (3 буын, жұ – мырт – қа)
20. . Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
Ү бөлім: «Мақал-сөз атасы» (әзіл сұрақтар)
Шарты: Қойылған сұраққа мақалмен жауап береді.Мысалы:Жыланды інінен қалай шығарады? Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады
І топ: «Қыран»
1.Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу-инемен құдық қазғандай).
2. Қар жана ма? (Қалауын тапса,қар жанады).
3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді).
4. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ).
5. Елу құлағы бар кім? ( Ел құлағы-елу).
6. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).
7. Білетінің қанша,білмейтінің қанша? (Білетінің бір тоғыз,білмей-
тінің тоқсан тоғыз).
8. Оттан да ыстық болып тұрған не? (Отан оттан да ыстық).
9. Адам денесіндегі қорқақ,батыр мүшелер.(Көз қорқақ,қол батыр).
10. Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады? (Көрдім деген
көп сөз, көрмедім деген бір сөз).
ІІ топқа: «Тұлпар»
11. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?(Шашу оңай,жинау қиын.
12. Жаман атты,жаман жолдасты немен алмастыруға болады?
(Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық).
13. Түйені жел шайқаса, оны жерден емес көктен іздейсің.
(Түйнеі жел шайқаса,ешкіні көктен ізде).
14. Бір рет өлуге де болады,немесе мың рет өлуге де болады.
(Батыр бір рет өледі,қорқақ мың рет өледі).
15. Балға тең тәттілер не екенін білесің бе?
(Ананың сүті – бал,баланың тілі-бал).
16. Отқа түсіп күймеуге бола ма?(Отан үшін отқа түс-күймейсің).
17. Қарныңды қалай тойғызар едің? (Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей).
18. Намыстан,қамыстан ажал табушылар. (Жігітті намыс,қоянды қамыс өлтіреді).
19. Өрге шыға алмайтын қандай сөз? (Өтірік сөз өрге баспас).
20. Ақыл мен қынаның мекен-жайы. (Ақыл басқа бітеді,қына тасқа бітеді).
ҮІ бөлім: «Әрі қысқа,әрі нұсқа»
Шарты: Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мейлінше бір сөзбен
қысқаша айту керек.
І топқа: «Қыран»
1. Төбе шашы тік тұрды. ( Қорықты).
2. Көз ұшында көрінеді. ( Алыста)
3. Қолды болды. (Ұрланды).
4. Жүрек жұтқан. ( Батыр).
5. Қоян жүрек. ( Қорқақ).
6. Көзі ілінбеді. ( Ұйықтамады).
7. Көзге түртсе көргісіз. (Қап-қараңғы).
8. Бетінен оты шықты. ( Ұялды).
9. Ат құйрығын кесісті. ( Араздасты).
10. Араларынан қыл өтпейді. ( Достар).
ІІ топқа: «Тұлпар»
11. Күлін көкке ұшыру. ( Құрту).
12. Жүрек жалғап алды. (Тамақтанды).
13. Көз шырымын алу. (Ұйықтау).
14. Көзі ашып-жұмғанша. (Лезде).
15. Беті бүлк етпеді. ( Ұялмады).
16. Ит терісін басына қаптады. (Ұрысты).
17. Ат ізін бір салмады. ( Іздеп келмеді).
18. Су тегін. (Арзан).
19. Тісіңнен шығармау. ( Айтпау).
20. Ешкімнен ештеңесін аямайды. (Жомарт,мырза).
Мұғалім: Осымен сайыстың шарттары аяқталды.Әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.
Қорытынды : Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар-дей келе білімділік пен ізгілікті әрқашанда бойымызға дарыта берейік.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |