Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білгіштер бекеті


Білгіштер бекеті

Сабақтың тақырыбы:»Білгіштер бекеті»

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт-бағдар беру.
Білімділік  мақсаты:  Оқушылардың  білімдерінің  деңгейін  анықтау.  Білімге,  ғылымға  деген  қызығушылығын  арттыру.
Дамытушылық  мақсаты:  Оқушылырдың  ойлау  жылдамдығын,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.
Сабақтың  түрі:  Сайыс  сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,қалақшалар
Сабақтың барысы:
Оқушыларды топқа бөлу
І топ: Намыс тобы
ІІ топ: Жігер тобы
 
Сайыс бағдарламасымен таныстыру
 
1.Жалғасын тап.
2.Жаңылтпаштан жаңылма
3.Мәтін - мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту
4.Киелі сандарға байланысты сұрақ – жауап
5.Бұл кім?
6.Құпия хаттарға жауап бер
 
 
Кіріспе бөлім:
 
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 2- сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған «Білгіштер бекеті» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. 
 
Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт-дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді. Ендігі жалғастырушы келешек - жас ұрпақтар. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейік
 
«Білгіштер бекеті» сайысы 6 бөлімнен тұрады
 
І- кезең: Жалғасын тап
 
Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ жалғастырады.
 
1 – топ: Намыс тобы.
1. Өз үйім ... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, ...
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, ...
Өнер жастан шығады.
4.Отан - аттан да...
5.Оқу инемен....
6 Ананың көңілі балада(баланың көңілі далада)
7. Еңбектің наны тәтті,(жалқаудың жаны тәтті)
 
2 – топ: Жігер тобы.
1. Үлкенге - құрмет,(Кішіге – ізет)
2. Тәні саудың(жаны сау)
3. Оқуинемен .... (құдыққазғандай)
4.Денсаулық (зорбайлық)
5.Туған жердей жер болмас(туған елдей ел болмас)
6.Досы көпті жау алмайды(ақылы көпті дау алмайды)
7.Ырыс алды-(ынтымақ)
 
ІІ. «Жаңылтпаштан жаңылма»ойыны
-Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді.
 
1 – топ: Намыс тобы.
Жаңылтпаш жатта,
Жаңылмай жатта.
Жатқа жатта,
Жаттамай жатта.
 
2-топ: Жігер тобы.
Аппақ бала аппақ па?
Сатпақ бала аппақ па?
Аппақ бала аппақ та!
Сатпақ бала сатпақ та!
 
ІІІ. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.
 
І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
 
ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)
 
ІҮ. Сұрақ – жауап.
1 – топ: Намыс тобы.
1. Жеті атаны ата? (Ата,әке, бала,немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Қазақша ай аттарыната? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3.Халықаралық әйелдер күні? (8-наурыз)
4Ұлы жеңіс күні ?(9-мамыр)
5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен ? (күй)
 
2 – топ: Жігер тобы.
1. Тұңғыш ғарышқа ұшқан Қазақстандық ғарышкер?
2. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
3. Қазақстан халқының тұңғыш Президенті? 
4. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)
5. Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)
 
V.Бұл кім?
-Ақын-жазушылардың суреттері көрсетіледі оқушылар кім екенін табады.
 
ҮІ. Құпия хаттарға жауап беру.
 
1 – топ: Тапқыр тобы.
Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
 
2 – топ: Намыс тобы.
Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй – ішін айтып, алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады. Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
 
VIІ. Қорытынды.
-Қазылар алқасына сөз беріліп,ұпайы көп топ марапатталады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қызықты математика
«Толағай» эстафеталық ойын
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
Жігіт сұлтаны.
Алтын сақа
«Зерде» зияткерлік сайысы
Қазақшаңыз қалай?
Қазақстан болашағы білімді ұрпақ қолында
Білгіштер бекеті
Әдептілік – тәрбие бастауы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4710 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык