Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алтын сақа


Алтын сақа
 

 Алтын сақа

 Алтын сақа (интеллектуалды ойын – сайысы)

Категориясы: Бастауыш сынып

Мақсаты: 
1. Оқушылардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті
одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.Оқушылардың білім деңгейін байқау
Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт-бағдар беру

Оқушыларды топқа бөлу
І топ: Тапқыр тобы
ІІ топ: Намыс тобы
ІІІ топ: Жігер тобы
Сайыс бағдарламасымен таныстыру

Топты таныстыру
Топ басшыларының құттықтауы
Жалғасын тап
Кім шапшаң ?
Мәтін - мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту
Кейіпкерге хат
Киелі сандарға байланысты сұрақ – жауап
Құпия хаттарға жауап бер
Сиқырлы ұяшықтар
Поэзия минуты

Кіріспе бөлім:

Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 2-4 – сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған «Алтын сақа» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің ұлттық намысын топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.

Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт-дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді. Ендігі жалғастырушы келешек - жас ұрпақтар. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейік
«Алтын сақа» сайысы 10 бөлімнен тұрады.
Олай болса, өзіміз білетін ұлттық ойын түрлерін ортаға салып көрейік.
Ой қозғау.
Ұландар өнеріне әділ қазы беретін әділ қазыларымызды таныстырып өтейік.
1.Оқу ісінің меңгерушісі - Алып Баспаев
2. Бағдарлы оқыту ісінің меңгерушісі - Сарқыт Ержанова
3. Бастауыш класс мұғалімі - Жаңагүл Ағыбаева

І кезең: Топты таныстыру
ІІ кезең: Топ басшыларының құттықтауы
ІІІ кезең: Жалғасын тап

Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ жалғастырады.

1 – топ: Тапқыр тобы.
1. Өз үйім ... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, ...
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, ...
Өнер жастан шығады.

2 – топ: Намыс тобы.
1. Отан ... (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз, .... (білім кеме)
3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай)

3-топ: Жігер тобы
1. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде........................
ІҮ. «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді.

1 – топ: Тапқыр тобы.
Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы қара шаш
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

2 – топ: Намыс тобы.
Жаңылтпаш жатта,
Жаңылмай жатта.
Жатқа жатта,
Жаттамай жатта.

3-топ: Жігер тобы
Шеше, шеше, неше кесе,
Сынды кеше.

Ү. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.
Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.

І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.

ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)

ІІІ топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып,етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым-ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық-түбі қорлық)

ҮІ. Кейіпкерге хат.
Мұхтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесі.
Әңгімедегі басты кейіпкер Қасымға хат жазу
Шерхан Мұртаза «Интернат қоймасы».Атамырзаның айтағына ерген Серікке
хат жазу.
ҮІІ. Сұрақ – жауап.

1 – топ: Тапқыр тобы.
1. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)
2. Қазақша ай аттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)
4. Әнұранның авторлары ? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен ? (күй)

2 – топ: Намыс тобы.
1. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
2. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
4. Қазақстан Туының авторы ? (Ш. Ниязбеков)
5. Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)

3-топ: Жігер тобы.
1. Үш арсызды ата?( ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Елтаңбамыздың авторын ата? (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16-ХІІ)
4. Қазақ үйдің бөліктерін ата? (Кереге, уық, есік, шаңырақ)
5. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)

ҮІІІ. Құпия хаттарға жауап беру.
1 – топ: Тапқыр тобы.
Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?

2 – топ: Намыс тобы.
Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй – ішін айтып, алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады. Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

3-топ: Жігер тобы.
Құрметті достар. Менің бір кластасым бар. Ол үнемі класқа сотка алып келеді де, біздерге көрсетіп мақтанады. Мен оның соткасын көріп, өзім де сондайын алғым келеді. Ал менде оны алатын ақша жоқ. Сендер айтыңдаршы менің не істегенім дұрыс?

ІХ. Сиқырлы ұяшықтар.
Математика пәні бойынша
1. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін қанша минут қажет?
2. Ұзындығы 4 м, ені2 м, биіктігі 3 м. Бөлменің көлемін тап?
3. 1 сыйлықты орауға 70см жылтыр қағаз керек, 9 сыйлыққа неше метр керек?
4. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды, ол бір жылда қанша кітап оқыды?
5. Ең үлкен 4 таңбалы санға 1 қосқанда неше шығады?

Қазақ тілі пәні бойынша :
1. Заттың ісін , қимылын білдіретін сөздерді не дейміз?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Мал - сөзінің алғашқы дыбысын өзгерт.
5. Жалғауы жоқ септікті ата?

Ана тілі бойынша :
1. Қала аттарын алфавит ретімен ата (Қарағанды, Көкшетау, Алматы, Шымкент)
2. Ақжолтай атанған батыр кім?
3. Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім?
4. Мәншүктің соғыстағы қаруы?
5. Құрманғазының анасы?

Х. Поэзия минуты.
Бүгінгі сайысқа байланысты бір шумақ өлең шығару.
ХІ. Қорытынды.
Қазылар алқасы әр сыныптың ұпайларын айтты. Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі А.Баспаев алды.- Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт-дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады...


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қызықты математика
Жұлдызды сәт
«Толағай» эстафеталық ойын
«Толағай» эстафеталық ойын
Қызықты математика
«Зерде» зияткерлік сайысы
Қазақшаңыз қалай?
Қазақстан болашағы білімді ұрпақ қолында
Білгіштер бекеті
Білгіштер бекеті
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3842 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык