Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақтың би-шешендері


Қазақтың би-шешендері

Тақырыбы: Қазақтың би-шешендері

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: қазақ халқының даналығын және шешендік атты асыл қазынасын танып білу. ә) Оқушылардың қазақтың үш ұлы биі туралы білімдерін тереңдетіп, шешендік сөздерді талдата отырып, шығармашылыққа баулу.
дамытушылық: болашақ би, шешен ізбасарларын қалыптастыру, өз пікірлерін қорғай білуге, талдай білуге және «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» таба білуге үйрету. Шешендік сөздерді оқыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
тәрбиелік: оқушыларды сөз мағынасының тереңдігін түсінуге, сөзге тоқтай білуге, шешенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың түрі: шығармашылық, ізденіс сабағы
Сабақтың  көрнекілігі:  билердің  портреттері, кітаптар көрмесі, интерактивті  тақта, бүктемелер,бағалау парақтары т.б.
Оқыту технологиясы: Блумның мақсат қою технологиясы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
а) үй тапсырмасын сұрап, оқушы білімін бағалау.
ә) үй тапсырмасымен жаңа сабақты байланыстыру.
б)  Блум таксономиясын интерактивті тақтадан көрсету:
 
Деңгей Берілген деңгей бойынша 
сұрақ-тапсырмалар Оқушы іс-әрекеті
Білім 1. Қазақ  халқының даналығын және шешендік атты асыл қазынасын танып білу.
2. Қазақтың бас билері туралы білімдерін тереңдетіп, олардың шешендік өнерін оқушы бойына дарыту. Әдеби шығармалардан оқыған би-шешендердің сөздерін еске түсіреді, тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.
Түсіну 1. Шешендік өнер дегеніміз не?
2. Шешендік сөздер қандай жанрға жатады?
3. Қазақтың шешендік сөз тарихы кімдерден бастау алған?
4. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін қандай әдебиеттен және қандай туындылардан кездестіреміз? Бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, осы қойылған сұрақтар төңірегінде білімдерін кеңейте отырып, жаңа мәліметтер жинау арқылы болжам жасайды, түсіндіреді, жазады, айтады, ой бөліседі.  
Қолдану 1. Шешендік сөздің ел өміріндегі орны.
2. Шешендік сөздердің бұлақ-бастауы – халық ауыз әдебиетінің үлгілері. Мысалдар арқылы дәлелдеу.
3. Ұлттық сөз өнері тарихындағы билер есімі, олардың қоғамдық өміріміздегі алатын орны. Кез келген жағдайда алған ақпаратты пайдалана алатынын біледі, білімін проблеманы шешуге, шешім қабылдауға пайдаланады. Шешендік сөздерді өздерінің сөздік қорларына енгізу және қандай жағдайларда қолданатыны туралы ойын ортаға салады. «Үш кемеңгер, дүлдүлім» атты ойтолғау жазу.
Талдау 1. Аңыз әңгімелер мен шешендік сөздердің ерекшеліктері
2. Шешендік толғау мен шешендік арнаудың ұқсастық ерекшеліктері. (Венн диаграммасы) Шешендік сөздер бойынша алған білімдерін саралайды, ең негізгі идеяны көрсетеді, ойланады, салыстырады,табады, талқылайды. Жазған шығармасынан немесе ойтолғаудан оқушы өзіне қатты әсер еткен жерлерін табады. 
Жинақтау 1. Би – көсем, би – шешен.
2. Қазақтың ұлы үш биі.
А) Төле би тауып айтады.
Ә) Қазыбек би қазып айтады.
Б) Әйтеке би жарып айтады. (халық арасына тараған осы үш би туралы сөздердің мағынасын ашу) Оқушы шешен-билердің орнына өзінің жаңа алған ақпаратты, шешендік сөздерден алған сезімі, өзінде пайда болған ойын жинақтап, өздері өлең түрінде шешендік ойтолғаулар жазып шығады.
Бағалау Оқушы алған білімінің өзіне қаншалықты керектігін, құндылығын анықтайды, бағалайды, талқылайды, өз пікірін айтады. Бүгінгі ұрпақ осы шешендік өнерді қалай дамытуда? – деген сұрақ бойынша ой бөліседі.
 
Шешендік сөздерді оқыту арқылы оқушылардың бойларына шешендік өнерді дамыту негізінде Блум технологиясына сүйене отырып, үш деңгейлік тапсырмалар негізінде жұмыс жасадық. Жоғарыда көрсетілген Блум таксономиясына сүйене отырып төмендегідей деңгейге бөлдік:
ІІІ деңгей – білу, түсіну. Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеру;
ІІ деңгей – қолдану, талдау. Мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай алған білімін қолдана білу, талдау деңгейін игеру;
І деңгей – топтау, бағалау. Күрделірек дәрежедегі шығармашылық саты.
V, VІ деңгейлерді орындайтын оқушылар уақыт өткен сайын дараланып шығып, шығармашылық ізденіс арқылы өз дарындарын дамыта бастайды.
Блум технологиясының талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қою арқылы шығармашылыққа баулу қажет.
1. Балалар, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би айтқан ұтымды ойларын қызыға тыңдау себептерің неде?
2. Осы билер бойындағы дарындылық өз бойларында болуды армандайсыңдар ма?
3. Осы билеріміздің заманы қандай болды?
4. Өздерің сияқты мектеп партасында отырды ма? Мұғалімдері болды ма?
5. Бұл ұлы тұлғаларды би еткен, ақын еткен қандай жағдай, қандай орта?
Осындай проблемалық сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беремін. Осы сұрақтардан кейін оқушылар  «ХХІ ғасыр түлегі» атты шығармашылық жұмыстарын оқиды

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арыстың үлгілері
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері
Шешендік өнер
Ұлттық шешендік өнер
Шешендік сөздер өміршеңдігі
Ұлттық шешендік өнер
Шешендік өнер
Шешен билер. Ашық сабақ
Шешендік сөздер
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 9748 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык