Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 4178 |
|
|
|
Жеті қазына
Жеті қазына
Салт. Дәстүр. Әдет. Ғұрып. /8 сағат/
1 Халықтың тәрбиелік дәстүрлері 1
2 Қазақ ырымдары 1
3 Тыйым сөздер 1
4 Ұлағатты ұлттық ұғымдар 1
5 Жеті Жарғы (Әз Тәукенің заңдары) 1
6 Әдет-ғұрып ишаралары 1
7 Түс көру және оны жору 1
8 Өзіндік жұмыс 1
ІІ бөлім.
Халық айтса – анық айтады /7сағат/
9 Наурыз – Ұлыстың ұлы күні 1
10 Халықтың уақытты анықтау белгілері 1
11 Мысқалдан батпанға дейін 1
12 Халық ауа-райын қалай болжаған? 1
13 Мақал-мәтел 1
14 «Он екі түйе, он жылқы...» 1
15 Практикалық жұмыс 1
ІІІ бөлім.
Білімдіден шыққан сөз /6 сағат/
16 Ұл-қызым, саған айтам... 1
17 100 тағылым 1
18 Бағалы киімдер 1
19 Жеңсік тағамдар 1
20 Ыдысын көріп асын іш 1
21 Өз бетімен жұмыс 1
ІV бөлім. Қарашаңырақ
(халық мәдениеті мен этнографиясы)
/5 сағат/
22 Ұлттық тағамдар 1
23 Киіз үй. Үй жиһаздары. 1
24 Қазақ киімдерінің түрлері 1
25 Қол өнерінің құрал-жабдықтары 1
26 Практикалық жұмыс 1
V бөлім . Тарихтан тәбәрік /5 сағат/
27 Ислам тағылымы 1
28 Қазақта тұңғыш... 1
29 Жоғары әскери шен алғандар 1
30 Қазақ зиялылары 1
31 Өзіндік жұмыс 1
32 VІ бөлім. Қайталау /1 сағат/
33,34 VІІ бөлім. Сынақ /2 сағат/
Жеті қазына
Түсінік хат
Оқушыларға өз халқының мәдениеті мен этнографиясын таныту, насихаттау басты міндетіміз. Себебі, «тәрбие – тал бесіктен басталады» дейтұғын дана халқымыз қашанда дәстүрге берік болып, салтын сақтай білген.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Міне, сондықтан оның тәрбие-тәсілдері өте көп.
Сонымен қатар оқушылар әдебиет пәніне негіздей отырып, көрген-білгенді көкейге тоқып, көп ізденудің арқасында салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнеге-тағылым, дін-діл, жөн-жоралғы, ілім-білім, тәлім-тәрбие, тылсым-табиғат, тариқат-тәбәрік және де деректер мен дәйектер хақында мол мағлұмат алып, білім көкжиегін кеңейтеді деп сенемін.
Бұл бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынған.
5-6 сынып оқушылары өз халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен тереңірек таныса отырып елін-жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ болып тәрбиеленері хақ. Құнттап қараған әр оқушы бағдарлама негізінде тілі көркем, ойы терең сөздердің жақсы үлгілерін таба алады.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген.
Курстың мақсаты:
1.Оқушылардың бейінділік білім алуын жүзеге асыру;
2.Халық мұрасы болып табылатын рухани құндылықтар – ұлтымыздың айнымас куәсі, тарихымыздың терең тамыры болатындығын таныту;
3.Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру;
4.Оқушылардың халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруландыру;
5.Оқушылардың өзіндік білім алуын жүзеге асыру;
Курстың міндеттері:
1.Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуын және креативті ойлау қабілетін арттыру;
2.Оқушылардың үздіксіз білім алуға деген ынтасын іс-әрекеттік тұрғыда дамыту;
3.Оқушылардың әдеби оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;
4.Ұлттық құндылықтарды таныта отырып, сөйлеу шеберлігін арттыру;
5.Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
6.Өзіндік ой-пікір айта білуге баулу;
7.Оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
І.Мазмұндық бөлім.
Курстың мазмұны
Республикамызға кеңінен танымал жерлес этнограф-ғалым, сатирик С.Кенжеахметовтің «Жеті қазына» /жиған-терген/ атты кітабы халқымыздың сан ғасырлық дәстүр-салтын насихаттаған туынды. Біз қолға алып отырған таңдаулы курс осы кітап негізінде жасалды.
Халқымыздың ырым-тыйымдары, жөн-жоралғысы, тағылым-өнегесі, әдет-ғұрып ишаралары, нақыл сөздері, ұлттық тағамдары мен киімдері жайлы мағлұмат курс бағдарламасында қарастырылған. Сондай-ақ, қазақта әр саладан тұңғыш шыққан қайраткерлер жайлы да түсінік берілмек.
ІІ.Нормативті бөлім.
«Жеті қазына» таңдаулы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы:
Сабақ реті Тараулар Сағат саны Оның ішінде
теориялық практикалық өзіндік жұмыс
І Салт. Дәстүр. Әдет. Ғұрып. 8 7 1
ІІ Халық айтса – анық айтады 7 6 1
ІІІ Білімдіден шыққан сөз 6 5 1
ІV Қарашаңырақ (халық мәдениеті мен этнографиясы) 5 4 1
V Тарихтан тәбәрік 5 4 1
VІ Қайталау 1 1
VІІ Сынақ 2
ІІІ.Ақпараттық әдістемелік бөлім.
Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары: лекция, семинар, конференция, дебат, ойталқы, кіріктірілген сабақ, саяхат сабақ, қойылым сабақ.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
1.Күнбе-күн бақылау, тексеру, сұрақ-жауап, әрбір сабақтан соң тест немесе шығармашылық жұмыс.
2.Тақырыптық бақылау, тексеру: теориялық білімін, өз көзқарасын бақылау жұмыстары.
3.Қорытынды бақылау, тексеру, ой-толғау, өлеңді мәнерлеп оқу, сөз қолданысы.
4.Практикалық жұмыстар сынақ түрінде «тапсырылды» деп бағаланады.
5.Бағалау жүйесі ретингілік: 1-3 ұпай – «3», 4-6 ұпай – «4», 7-9 ұпай – «5».
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар.
Оқушылар білуге тиіс:
-салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды;
-өнеге-тағылым, жөн-жоралғыны;
-тағылымдық сөздердегі әдеби-эстетикалық ғибратты;
-халық мәдениеті мен этнографиясының өзіндік ерекшеліктерін.
Оқушылар дәлелдеуі тиіс:
-өз ойларын әдеби тілмен өрнектей білуі;
-әдебиет теориясы бойынша талдау жұмысын жүргізуді;
- берілген шығармашылық тақырыптар бойынша жоба жасай білуі және салыстыра отырып баға беруі.
Әдебиеттер:
1.Кенжеахметов.С. «Жеті қазына» - Алматы: «Ана тілі» ЖШС 2001.
2.«Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» әдістемелік журналдары
3. Бұқаралық ақпарат құралдары материалдары.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |