|
|
Мектеп сахнасына: Аюға көмек
Кіші жастағы балалар үшін:
Кейіпкерлері: Аю,Түлкі,Қоян,Әтеш, Дәрігер.
Әтеш: Ку-ка-ре-ку! Ку-ка-ре-ку!
Жалқаулар, қане , тұрыңдар, Беті-қолды жуыңдар,
Ұйқыны былай қойыңдар! Еңбекке мойын бұрыңдар!
Осы сәтте қолында «шелегі» бар Түлкі асығып сахнадан өтеді.
Артынша орғып Қоян келеді. Ыңылдап әндете:
Айналам қандай тамаша! Кім көтерер әзілді,
Ойнағым келді балаша. Аю мырза болмаса,-деп «бөрене» сүйреп келе жатқан Аюға бұрылады.Ал Аю мырзаның оған қарар уақыты жоқ еді. Қоян: Әй, қорбаңбай, қорбаңбай,
Күніңнің қиын болғаны-ай.
Ағаш сүйреп не болды?
Ойнайық, кел ,ойланбай.
Аю маңғаздана: Мазалама, аулақ бар!
Жалқаулықты сүймеймін,
Үй салатын ойым бар,
Сондықтан ағаш сүйреймін.
Қоян аюдың ойнамайтынын білген соң, амалы таусылып:
Е-е,ойнауға уақыт жоқ
Жарайды, еңбекқорым.
Ойнайтын кім бар екен,
Табылар, жүгірейін./Қоян сахнадан шығып кетеді/
Оңаша қалған Аю: Сәл демалып алайын,
Балға қолды салайын.
Неткен тәтті бал деген,/ап-ап,ым,ым/
Дәмін білмес жемеген! –деп «бөшкедегі» балды рахаттанып жей береді, жей береді. Сәлден соң Аюдың тісі ауырады.
Аю: Ой-ой-ой! Тісім-ай! Қақсап барады. Енді қайттім? Ой-ой-ой!
Аю сахнада ары –бері жүгіріп, мазасызданады. Сахнаға Қоян мен Түлкі бірге шығып, Аюға не болғанын көрген соң, мазақтайды. Екеуі бірге: Аю балды қалайды, Тісі ауырып соңынан,
Саусақтарын жалайды. Ойбай салып жылайды./хе-хе-хе/
Ашуланған Аю бар даусымен айқайлап:
Шуылдамай ,кетіңдер,
Ой-ой,ой –ой, тісім –ай!
Сендермен болсын ісім-ай. /екеуін қуа жөнеледі/
Бұл шуды естіген Әтеш асыға жетеді:
Аю мырза ,не болды?
Айналаға шу толды.
Бұл не деген масқара,
Түсіндірер кім жөнді?
Әтештің сұрағына Қоян мен Түлкі қосарлана жауап береді:
Көп жеймін деп балды,
Тісі ауырып қалды.
Әтеш асығып-аптығып: Енді қайттік, кім бар көмектесер.
Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку!
Аюға көмек шақыр-р-р.
Әтештің даусын алыстан естіген Дәрігер сандықшасымен жетеді.
Дәрігер: Қане, науқас ,көрейін.
Емдеп жазып берейін.
Аузыңды аш «а» деші, /аузына үңіледі /
Жұлу керек тісіңді,
Бітпес бұдан іс енді.
Таза күтіп тісіңді,
Дос боласың ендігі-
Щеткаменен кәдімгі./аюға тіс щеткасын ұсынады/
Аю: Щетка деген немене,
Қажет ол қай кәдеге?
Дәрігер: Айтыңдаршы ,достарым,
Тіс щеткасы қажет пе?
Қоян: Тұрып ерте ұйқыңнан
Тазалайсың тісіңді.
Түлкі: Түскі асты жеген соң
Тазала тағы тісіңді.
Әтеш: Ұйқы алдында тағы да
Жалғастыр осы ісіңді.
Аю «Жарайды» деп тіс щеткасын алып сахнадан түсіп кетеді.Сәлден соң көңілдене қайта келеді: Щетка деген жақсы екен,
Дос боламын мен енді.
Тазалаймын тісімді,
Ұмытпай бұл ісімді.
Аю «бөренені» қайта көтереді. Оған Түлкі көмектеседі. Әтеш пен Қоян тағы бір ағашты көтерісіп, сахнада әндетеді:
Достар аман болса егер, Жалғыз жүрген көңілсіз,
Жарасады әніміз. Көппен бірге болыңыз.
Жұмыс боп па үй салу, Жақсылықты ойласақ,
Тату болсақ бәріміз . Сәтті болар жолымыз.
Осылайша көңілді достар сахнадан жылжып түсе бастайды.Маңызды мәселе айтатындай Аю сахнаға қайта келіп көрермендерге қарап:
Ал, кішкене балалар, Жаман әдет-жалқаулық,
Ынтаменен тыңдаңдар. Одан аулақ болыңдар.
Дос болыңдар сендер де Қиын сәтте жөн айтар
Щеткамен, тіс жуыңдар. Көп болсыншы шын достар.
Менің жаңа үйіме қонаққа келіңіздер, балалар!
/Қойылым барысында кейіпкерлердің әрекетіне сәйкес әуен ойналып тұрады.
Саусақ басына киілетін жұмсақ ойыншықтармен орындауға арналған/
Авторы: Шарападинова Райжан Арал қаласы № 62 мектеп мұғалімі
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |