Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қыз сыны



Қыз сыны

Анашым-алтыным!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Ақ жаулақты әжелер, асыл да аяулы аналар, бала бақша тәрбиешілері, ару қыздар!
Сіздерді 8 наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Алғашқы сөз кезегін бала бақшамыздың меңгерушісі Базарбаева Б.О беріледі.
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар,
Аналардан небір туған даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар , қасиетті аналар!
- Балалар! Бүгін аналардың мерексі ғой, анамызға қандай сыйлық жасасақ екен ?Кімнен ақыл сұраймыз ?(Осы кезде музыка ырғағымен Әтеш ортаға шығады).
Жүргізуші: Әтеш, бүгін аналарымыздың мерекесі еді. Оларға қандай сыйлық жасасақ болады? Ақыл қосыңызшы.....
Түлкі: Ол үшін аналардың нені жақсы көретінін білу керек. Мысалы, мен дән шоқығанды жақсы көремін.
Жүргізуші: Ал, аналарға не ұнайтынын қайдан білеміз?
Түлкі: Ол жағын білмедім. Меніңше, дәнді барлығы да жақсы көреді. Жарайды, басқалардан сұрап көріңдер.(түлкі шығып кетеді, ентігін баса алмай қоян кіреді).
Жүргізуші:Ақ қоян неге сонша жүгіріп келдің? Қайда асығып барасың?
Ақ қоян: Мен қасқырдан қашып келемін. Әрең деген де құтылдым-ау әйтеуір.Сен кімсіңдер, мен осы қайда келдім?
Жүргізуші: бұл біздің балабақшамыз. Аналарымызға қандай сыйлық әзірлеу керек екенін білмей отырмыз. Сенің қандай көмегің бар?
Ақ қоян:Мен сәбізді жақсы көремін. Ал, сендердің аналарыңның нені жақсы көретінін білмеймін.(Осы кезде тықырлаған дыбыс естіледі)
Ақ қоян.(қорқып) Қасқыр келіп қалған сияқты, мен қаштым. Сау болыңдар, балалар!(Музыка ойналып, арқалаған себеті бар аю көрінеді).
Аю: Уһ! Шаршадым, аздап демалып алайын.
Жүргізуші:шаршап-шалдығып қайдан келесіз?
Аю: маша қыздың сәлемдемесін алып келемін. Ал, қздерің неге жиналып қалғансыңдар?
Жүргізуші:Біз аналарымыздың мерекесіне қандай сыйлық жасарымызды білмей отырмыз.
Аю: Әркімнің жақсы көретін асы немесе заты болады. Соны білу керек. Мысалы мен балды жақсы көремін. Аналардың нені жақсы көретінін білмедім. Ал, мен шаршадым, енді қайтайын.Сәлемдемені тезірек жеткізуім керек.(Аю балалармен қоштасып шығып кетеді.Сахнаға жыламсыраған тауық келеді).

Жүргізуші:Сіз кім боласыз? Неге жылап жүрсіз?
Тауық: Мен тауық-анамын. Балапанымнан адасып қалдым. Енді қайдан табамын?
Жүргізуші:Кешіріңіз, бізідң бір сұрағымыз бар еді. Сіз де ана екенсіз.Сіз үшін ең қымбат сыйлық не екенін айтып бере аласызба?(Үнтаспада «Балапан»әні қойылады).
Тауық: Мынау менің баламның дауысы ғой.Қазір жетемін, балқайым! Балалар аналарыңа сендерден артық сыйлық жоқ. Сендер бақытты болып, аналарыңның қасында жүрсеңдер, оларда бақытты. Сендер аналарыңды әрдайым қуантып, тәртіпті, ақылды болып өсіңдер! Ал, енді сау болыңдар!
Жүргізуші:балалар, олай болса , аналарымызға деген сүйіспеншілігімізді, құрметімізді өнерімізбен, ән- күйіміз, тақпағымызбен білдірейік!

Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.
Ана деген ардақты ат, сен оны
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.
Ән: «Анама»
Асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Айя: Ақ сүт берген балаңа
Күш-жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
Азамат:Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.
Исламбек:Ең қымбатты өмірде
Ана екнін біліңіз
Ана жанын түсініп
Ойнаңызда күліңіз.
Бексұлтан:Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Даниал:Өлең айтып беремін
Нан да алып келемін
Өйткені мен анамды
Өте жақсы көремін.
Ерасыл:Бізді өсірген апатай
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын аптай
Құтты болсын мерекең.
.
Би: «Көңілді би»

Жүргізуші: Аналардың анасы әжелерге арналған балаларыңыздың сыйын қабыл алыңыздар.
Жұдызай: Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
Ақтоты: Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
Хидаят:Менің әжем ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десем
Айтып береді тағы әжем.
Максуда:Шақырады таң бізді
Көрсетердей жаз өңін
Сегізінші наурызды
Тойы дейміз әженің.
Альфия:Әжем менің әліде
Ұқсамайды кәріге
Шәй қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.

Жүргізуші:Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың !
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл-қызың.

Ән: «Менің әжем»

Таңшолпан:Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Айнұр:Жақсы көрем күлкіңді
Айлалайын ақ мама
Менің мама сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам.

Исламбек А:Айтсаң болды тіл алам
Әйбат мама, ай мама
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қайда да.

Амина: Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Нұрасыл:Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызбен.
Фатима: Айналайын анашым
Әлемдегі жан асыл
Болса маған не керек
Бәрін іздеп табасың.

Би: Өзбек биі

Жанель: Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын анажан.
Исабек: Шырағысыз өмірдің
Қуанышты көңілдің
Келеді ана сіз үшін
Гүлің болып егілігім
Эленора: Сегізінші наурызда
Құттықтаймыз ананы
Теңеп оны жұлдызға
Сый тартамыз бағалы.
Мейірхан: Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Рамуль:Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті асыл аналар.

Шұғыла: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Ерасыл:Бізді өсірген апатай
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын аптай
Құтты болсын мерекең.

Қайнар:Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Жүргізуші:Мерекені қарсы алып,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып.

Ә н : «Ақ мамам»

Жүргізуші:Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп ойнап жүріңіз.
Көңілді әуенімен балалар дайындаған гүлдерін аналарға ұсынады.
Жүргізуші:Құрметті аналар, осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Анашым, мерекеңмен!
Ана мерейі
Аяулы анашым.
Ана- бақыт, ана -нұр
Мерекеңмен анашым
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Ана- өмір гүлі
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 5878 | Қосты: Елубаева Айжамал Қуанышқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык