Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош бол сүйікті Әліппе


Қош бол сүйікті Әліппе

Қош бол сүйікті Әліппе

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Аяулы ата-аналар! Бүгін бізде үлкен той.

Кеше ғана 1- қыркүйек айында қолдарына алғаш рет әліппе кітабын алған бүлдіншіндеріміз,бүгін сол сүйікті әліппемен қоштасқалы отыр.Қымбатты көрермендер "Қош бол сүйікті Әліппе "атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
 Өсті, міне, бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
 1-оқушы:Ақнұр
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
 2- оқушы:Шырын
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

М: Менің сендерге қояр сұрағым бар еді.

сендер осы қандайсыңдар?

3-оқушы: 3арина

Талабы биік таудаймыз

Мың бұралған бишіміз

Біз қызықпыз,қызықпыз

Кейде еркелеу бұзықпыз

4- оқушы: Аделина

Біз шеберміз

Ақылдымыз

Көңілдіміз

Үлкендерге ізеттіміз

Кішкентайларға қамқоршымыз

Жақсылықты ұнатамыз

Жамандықтан тез қашамыз

М:өте жақсы, тағы бір сұрақ.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Барлығы: Ол- сүйікті Әліппе.
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.
Барлығы: Әліппе,Әліппе,Әліппе.

                 Сәлеметсіз бе, Әліппе!

Әліппе:
Армысыздар,жас достар!
Армысыздар,ата- аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.

Балалар бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім, өзімнен  бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың Ана тілін шақыра келдім .

 Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме?
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
 Мұғалім: Төрлетіңіздер,қасиетті Әліппе мен Ана тілі.
 5- оқушы:Бекжан
Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
 6- оқушы:Зерда
Іші толы әріпке,
Мынау- әйбат Әліппе!
Барлық ілім- білімнің,
Әжесі осы Әліппе!
 7- оқушы:Баян
Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
 8- оқушы:Зере
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды,қолдайды.

Би:Зарина мен Диана орындауыларында                биін тамашалаңыздар.
Мұғалім: Енді әліпбилер сырларын тыңдайық, балалар.
9- оқушы:Аяулым
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
 10- оқушы:Ерсұлтан
«А» деген ол- аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол- әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол- балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да, расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
 Хор: «Әліппе» әні
Мұғалім:
 Әліппе, балалар, сізден не үйренді, кімдермен танысты, сіз білесізбе?
 Әліппе: Балалар, сендер мені оқыдыңдар, сонда меннен не үйрендіңдер, не білдіңдер?
Қане ортаға салайықшы.Ата- аналарың да естісін, ана тілі де көрсін.
 11- оқушы: Зарина
Жұмбақ, жаңылпаш, санамақ, өлең- ән айту үйрендік, енді кез- келген кітапты оқи аламыз.

 12- оқушы:Бақтияр
«А- ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып, буынды енді.
 
Мұғалім: «Сөз оқимын айырып, буынды енді» деп айтып жатырсыңдар.Олай болса, осы «Әліппенің» бір тапсырмасы бар екен соны көрейік. Мінекей ол өлең шумағы екен.Қанекей бәріміз бірге оқып көрейік.
 Барлығы:
Жақсы кітап – Әліппе,
Үйретеді әріпке.

ән:сурет сабағы
 13- оқушы: Жәнерке
Мақал
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
 14 оқушы: Назым
Нақыл сөз

Ең тәтті де – тіл,
Ең ащы да – тіл.
Ең қатты да – тіл,
Ең жұмсақ та – тіл.
 15- оқушы: Жансерік
Тыйым сөз
Малды теппе,
Ақты төкпе.

Ән: Биші болам өскенде
Мұғалім: Ал,енді Әліппені ерінбей, жалықпай жанымызда отырып үйреткен жандарға жыр жолдап, сол кісілерге рахметімізді, ризашылығымызды білдіріп, еңбектерін ақтайық.
 Дүниенің жарық күні- анамыз,
Дана болсаң анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар, ағайын,
Аналарға арнап бір ән саламыз,- демекші «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.
 Ән  «Анашым»

Ойын: Аналар өз балаларының суретін салады
 Мұғалім: Әліппе, келесі сөзді сізге береміз.
Әліппе: Менің бетімді санап жүрген тентек бауырым бар еді,соны ортаға шақырыңдаршы.
Барлығы:Математика!Математика!
              Сәлематсіз бе, Математика!
Математика: Сәлематсіңдер ме, балалар! Міне, сендер де Әліппені оқып үйрендіңдер.Әріптердің барлығын танып білдіңдер!Оқу- жазуды білесіңдер.Сонымен қатар мені де жақсы оқып үлгеріп жүрсіңдер деп сенемін.енді қазір мен сендерге жұмбақ есеп айтамын, жүйріктерің соны шешіңдер!
Табақта 5 алма,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма?     (7)
 Балалар: 7 алма

Санамақ айту.

Көрініс: Әліппемен қоштасу Ернур мен Диана
Математика: Өте жақсы, рахмет сендерге.Өздерің өңкей білімді балалар екенсіңдер.Біз әлі сендермен балалар мектеп табалдырығынан қоштасқанша бірге боламыз.Әрдайым осындай білімді, тапқыр болыңдар!
 Мұғалім:Математика төрге шығыңыз!Оқушылардың бүгінгі болып жатқан қуаныштарының арсында болыңыз.

Көрініс: 5 алдым. Ерғанат пен Расул

 Мұғалім: Ал балалар,сендердің іштеріңде 3+2 қосып 5 алдым деп жүрген оқушылар жоқ па?
 Барлығы: Әрине, жоқ.
 16- оқушы:Аделина
«1» деген ол жаман баға,
Алады оны жаман бала.
 17- оқушы:Расул
«2» деген нашар баға,
Інішегім нашарлама.
 18- оқушы:Дина
«3» дегенім орта баға,
Сапасы да орта ғана.
 19- оқушы: Ернур
«4» дегенім жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
 20- оқушы: Диана
«5» дегенім үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
 
Мұғалім: Міне, балалар,өздерің айтқандай үнемі «4» пен «5»- ке оқуға тырысыңдар.Балалар сендерге осыншама өнер, білімді үйреткен кімдер?
Барлығы: Мектеп.Мұғалім.Ата-ана.Әліппе.
Мұғалім: Дұрыс.«Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті».Сол үшін әліппе достарыңа не деу керек?
 Барлығы: Рахмет, саған Әліппе!
 Әліппе сөзі: Иә, балалар, өздерің айтқандай мен сендердің үлкен білім жолына тұсауларыңды кесіп бердім.Жолдарың даңғыл болсын, ол дегенім сабақтарыңды тек жақсы деген бағаға оқып, білімнің сыры мен қырын меңгере беріңдер.Сендер енді «Ана тілі» оқулығын оқисыңдар.Сау болыңдар, балалар!
21-оқушы: Ерғанат:

               Таныстырған 42 әріппен,

               Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

               Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

               Сауатты адам санатына кіргенім.

 Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Бұған сендердің ұстаздарыңның еңбегі көп жұмсалатыны белгігі.

22-оқушы: Жәнерке

                   Бізді үйреткен жалықпастан,

                   Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.

                   Біз-шәкірт, біз-Отанның болашағы,

                   Білімнің басқышына қадам басқан.

Ән:«Мұғалім-ол біздің»
Мұғалім: Қадірлі оқушылар, жаңбырменен жер көгерер деп ата- бабамыз тегін айтпаған.Бүгінгі біздің «Қош бол сүйікті Әліппе »атты  өтіп жатқан мерекеге ақсақалды атамызда келіп қалған екен.Олай болса атаны ортаға шақырайық, бата сұрайық.
 Бата

Оқуда зейінді болыңдар

Еңбекке бейімді болыңдар

Кір шалмасың қабақтарыңды

Ақ жол болсын қарақтарым

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын

Әумин
 Қорытынды сөз: Қымбатты оқушылар!Сендер зейін қойғыштықтарың, еңбек сүйгіштіктеріңнің және білімге құштарлықтарыңның арқасында мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын.
Сендер Алфавиттің барлық әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың «Әліппе» бойынша оқуға үйрендіңдер.Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!Мектебіміздің мақтанышы болыңдар!
 Хор: Отан
Сөз Балдаурен балабақшасының меңгерушісі және Бастауыш сынытар комитетінің төрайымы Макажанова Сауле Набиевнаға беріледі.

Би: Флешмоб

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппе!
«Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа»
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Қош, сүйікті Әліппем!
Әліппе білім бастауы!
Әліппеге Рахмет
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5098 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык