Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2752 |
|
|
|
Қош бол, құтты Әліппе!
Қош бол, құтты Әліппе!
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу барысындағы алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеті арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу. Өнерлерін тамашалау. Әліппе оқулығының қадір-қасиетін ұғындыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың іскерлік-дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, ой-саналарының өскендігін көрсету.
3. Тәрбиелік: Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөздер жазылған шарлар, слайд, суреттер мен плакаттар, көрініске қажет заттар.
Барысы:
Ертегілер әні орындалып тұрады.
Мұғалім: Салеметсіздер ме құрметті қонақтар! Кеше ғана қыркүйек айы еді. Сіздер балаларыңызды біздің мектепке көңілдеріңізге үмітпен, сеніммен әкелдіңіздер. Ал біздер құшақ жая қарсы алдық. Арада өткен уақыт бойы біздер көп еңбектендік те, арасында біраз қиналдық та, жетістіктерімізге қуандық. Ал енді бүгін «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Соңғы жылдары елімізде білім саласында көптеген жаңалықтар мен өзгерістер, жаңа бағдарламалар еніп жатыр. Бірақ сонда да Әліппе оқулығы сауатымызды ашқан ең алғашқа алтын кітабымыз болып қала береді. Біз Әліппемен қоштасамыз. Бірақ әлі алда әлі көп қызықтар, білім қоры, шығармашылық күтіп тұр. Сонымен, мерекемізді бастайық.
Өсті міне ойларың,
Өсті, міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!
1- жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға,
Хош келіпсіз ұзтаздар ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға!
Баршаңызға салем бердік, қымбатты оқушылар мен құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі мерекеге бізді жинап отырған қандай кітап? (әліппе)
2- жүргізуші:
Қыр гүлігдей жайнаймыз,
Ән сап билеп ойнаймыз,
Бүгін бізде мереке,
Қоштасуды тойлаймыз!
Біз бүгін өте қуаныштымыз! Себебі оқуды, жазуды үйреткен, алғашқы оқулығымыз - әліппемен қоштасамыз! Құрметті қонақтар ортаға 1 «А» сыныбын шақырайық!
1- оқушы:
Баршаңызға иіліп сәлем берем
Мен қызымын Бағланның Баян деген,
Оқуды да, жазуды да тез меңгердім,
42 әріпі жатқа білем!
2- оқушы:
Отбасының еркелеткен
Жарқыраған жұлдызымын,
Сабақты жақсы оқитын
Томирис деген бір қызымын.
3- оқушы:
Жақсы әдепті, жақсы істі,
Бойыма әркез теремін
Қиын-ау деп қайыспайтын
Ер мінезді Нүр-Әлімін.
4- оқушы:
Елімдос деген баламын,
Таудай биік талабым,
Жақсы оқып сабақты,
Білімді адам боламын.
5- оқушы:
Ай нұрынан жаралған
Ай мен күні анамның
Ақылдысы баланың
Кілең бестік сабағы
Алтынай деген сұлуың
Мен боламын ағайын.
6- оқушы:
Жақсы оқитын
Мен үлгілі баламын
Азамат болып мен де өсіп толамын
Бассам деймін даналардың тек ізін
Мен саятұлы Әлиханмын!
7- оқушы:
Мен де есті баламын
Айтқан тілді аламын
Жұмсағанға барамын
Жақсы менің сабағым
Мархабат деген ару қыз
Мен боламын ағайын.
8- оқушы:
Суретті шебер саламын,
Есепті тіпті шағамын,
Білімді де өнерлі,
Дарын атты баламын.
9-оқушы:
Жеңу үшін қиынды
Еңбегіңді аяма
Алдарыңда тұрған қыз
Алибекова Жанна.
10-оқушы:
Лаулатып сәби сезім ой алауын
Шаттық тілеп таңменен оянамын
Еркелеткен есті ұлы атамның
Мына мен Тоқтажанов Даниярмын
11-оқушы:
Әліппені жатқа білем бүгінде
Өз бетіммен оқи алам ертегі
Танысыңыз, әдепті қыз Қарақат
Мен боламын еліміздің ертеңі.
12-оқушы:
Ынталы да инабатты,
Өнегелі бір қызбын,
Ата-анамның ақылдысы
Ермекқызы Нурайлыммын.
13-оқушы:
Сабақтан еш қалмаған,
Ерінбей оқып талмаған,
Боламын дейді үлгілі,
Мерей атты бір балаң.
14-оқушы:
Түсінсем деп бар кітапты,
Ынта қойып қарамақпын,
Сыныптағы ең кішісі –
Аблахасова Қарақатпын!
Хормен:
Бойымызды қуаныш кернеп,
Баршаңызды, баршаңызды,
Бірінші сынып бірінші рет,
Мерекесіне шақырады!
Ән: Әліппе.
1-Жүргізуші:
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Бәрі: Әліппе.
2- жүргізуші:
Біз оқи аламыз, жаза аламыз. Оны біз қайдай үйрендік?
Бәрі: Әліппеден үйрендік.
1-жүргізуші: Сонымен қатар өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді оқуды, әуелі жаттауды үйрендік. Осының барлығын бізге үйреткен сүйікті Әліппемізді ортаға шақырайық.
Слайд: Әліппе сөйлейді.
2- жүргізуші: Ал, балалар, Әліппеге арнаған өлеңдерімізді айтып берейік.
Қарақат:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Данияр:
Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсеге үйреттің
Тақылдатып сөйлеттің
А. Қарақат:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны әліппе
Мерей:
Партаға тұңғыш отырдым
Қалам алып қолыма
Сызықтарға толтырдым
Қалдырмай дәптер жолын да!
Дарын:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес аур жол
Тырысып бақ намысқа
Баян:
Әліппем, менің әліппем
Сені өолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен!
Елімдос:
Әріптерді жаттаймыз
Есте мықты сақтаймыз
Ұмытпаймыз бәрін де
Атын, затын түрін де
Бәріміз сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
әліппе мен ұстазға
бас иеміз құрметпен!
Хормен:
Әліппем, менің Әіппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп-көп рахмет!
Ән: Әліппе.
Ән: «Ардақты ұстазым»
Орындайтын: Қайролда Томирис
Көрініс: «Бауырсақ» ертегісі.
Қоянның тапсырмасы:
Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қомбады оның нешеуі
Кәне, кім тез шешеді?
Қасқырдың тапсырмасы:
Маған санамақ айтып беріңдерші.
Аюдың тапсырмасы:
Тілі жоқ өзінде
Сөзі бар ізінде (қаламсап)
Жаза- жаза жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. ( бор)
Түлкінің тапсырмасы:
Бірін – бірі қоштаған
Бір үйден көрдім
42 дос-жаран. (42 әріп)
Мақал айтып беріңдер маған.
(Балалар тапсырмаларды орындау арқылы бауырсақты аман алып қалады)
Ойын: Әр бала тақтаға ілінген кеспе суретті алып, анасына сұрақ қояды.
1- жүргізуші:
Тал шыбықтай бойына
әдемі көйлек жарасар
шақырайық ортаға
Біздің биші қыздарды!
Би: Қазақ биі «Қыздар» тобы.
1- жүргізуші:
Ел басқарған ағам бар
Жасыл жайлау далам бар
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Әкем мен анам бар
Сондықтан да елімде
Біз бақытты балалар!
Бүгінде біз кез келген ертегіні оқи аламыз. Анамыздың, апамыздың, әкеміздің, ағамыздың маған мынаны оқып берші деп есін шығармаймыз.
Ән: «Ақ дидарлы анашым»
Орындайтын: Аблахасова Қарақат
2- жүргізуші: Біз қазақ алфавитіндегі 42 әріппен түгелдей таныстық. Ортаға әріптерді щақырайық!
Қарақат:
Ал әріптер, шығыңдар
Орындарыңа тұрыңдар
Бастайық кәне айтысты
Жібермейік намысты.
1-оқушы: Алтынай
«А» дегенің – «Ана» ғой,
«Ана» деген дана ғой.
2- оқушы: Баян
«Б» дегенің «бала» ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
3-оқушы: Томирис
Ғалым, ғылым, ғасырды
«Ғ» білімге асырды.
4-оқушы:Елімдос
Елге есті ер екрек.
Ер жет өсіп ертерек.
5-оқушы: Мархабат
Жыр алыбы- Жамбыл ата
Ардақтайды оны бала.
6-оқушы:Данияр
Игі істе батыр болам,
Игілікке жақын болам
7-оқушы: Жанна
Уық деген немене
Уыз деген немене
У әрпінен атаулар
Басталып тұр балалар
8-оқушы: Нүр-Әлі
«Н» әрпінде екі тіреу,
Ортасында басқыш біреу.
19-оқушы:Нурайлым
«О» кәдімгі дөңгелек,
Кетпесін ол дөңгелеп
10- оқушы: Қарақат
Партамызға отырдық,
Парақтап кітап оқыдық.
11 – оқушы: Әлихан
Сыйламаған жолдасын
Сыйлай алмас өз басын.
12 – оқушы: А. Қарақат
«Ф» - ның екі көзі бар,
Футбол деген сөзі бар.
13- оқушы: Мерей
Ш әрпін айтсақ жасырмай
Ұш аша айыр басындай
14-оқушы: Дарын
Дыбыс емеспіз, таңбамыз,
Оқылмаймыз, жазыламыз,
Біраз сөзден табыламыз.
Хормен:
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды!
Көрініс: «Кім неден күшті?» ертегісі.
Ортаға дорбасын арқалаған түлкі келеді:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін сендердің әліппемен қоштасу тойы екендігін естіп сендерге қонаққа келдім. Сендерге қызықты тапсырмалар алып келдім. (Слайдпен жұмыс, түлкінің тапсырмаларын орындау)
1- жүргізуші:
Анамыздың мейірімі
Жүзіне біз қараймыз
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз 2- жүргізуші:
Бізге қарап елжіреп
Сүйсе беттен күнім деп
Құшақ ашса келші деп
Жүгіреміз кұлімдеп
Ән: «Анашым»
Орындайтын: Самарқанов Дарын
2- жүргізуші:
Ең алғаш қолға алғанда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін ашып берді
Ән: «Ұстазым»
Орындайтын: Қайролда Томирис
Би: Шығыс биі. «Қыздар» тобы
Би: «Ұлдар» тобы.
Әліппе: Мен енді сіздерді жаңа достарыңмен таныстырайын. Ана тілін оқитын боласыңдар енді. Қош сау болыңдар балалар!
Бәрі: Қош келдің, Ана тілі!
Слайд: Ана тілі сөйлейді.
1 – оқушы: Алтынай
Ана тілің, біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің, біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
2– оқушы: А. Қарақат
Ана тілім – елдігің,
Ана тілім- ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
3– оқушы: Елімдос
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңін айтады.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Құттықтау сөз берілед
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |