Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош келдің,жаңа жыл,Жаңа жыл!


Қош келдің,жаңа жыл,Жаңа жыл!

Қош келдің,жаңа жыл,Жаңа жыл!

 Сынып бөлмесі мерекеге сай әсем безендірілген..

Ортада алуан түрлі ойыншықтар ілінген жасыл шырша.

Шырша түбінде құлыптармен жабылған үлкен сандық тұрады. Қасында мұнайып Ақшақар отырады.

Балалар сынып бөлмесіне  «Шырша» әнімен қол ұстасып ,шыршаны айнала келіп тұрады.

Ж-ші:  Құрметті ата –аналар,балалар!  Біз бүгін  2014- Жылқы жылын шығарып сала отырмыз!

Табалдырық аттағалы отырған жаңа 2015-Қой жылы құтты болсын! Бүгін сіздер мектепалды даярлық тобында өтетін  «Кел Жаңа жыл,жаңа жыл» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

Сөз мектеп директоры Айнұр Тоқтарқызына беріледі

 Ж-ші:  Балалар,қараңдаршы шыршамыз қандай керемет,әдемі,сұлу. Ой,шырша түбінде отырған біздің Ақшақарымыз емес пе?

Балалар:    Сәлеметсің бе,Ақшақар!

Ақшақар:  Сәлеметсіңдер ме ,балалар!

Ж-ші: Ақшақар қасыңдағы Аяз атаң қайда? Аяз атасыз қандай мереке болмақ.

Ақшақар: Біз Аяз ата екеуміз сендерге ерекше сылық жасап,тезірек қуантайық деп ертерек келіп едік.Аяз ата мені осында қалдырып,өзі сендерді мерекеге шақырайын деп кеткенде,қара ниетті сиқыршы сыйлықты мына сандыққа салып  бірнеше кілтпен құлыптап тастады. Енді Аяз атама не айтамын,-деп жылап қалады.

Ж-ші:Ақшақар,мұнайма бір жолы табылар.

Сол кезде сыртта дыбыстар естіліп ортаға Аяз ата келеді.

Аяз ата: Балаларым,балғыным

                Өмір гүлі шалғыным

                 Тілегенім жыл бойы

                 Сендердің денсаулығын.

 

Амансыңдар ма,балаларым!Жаңа жылдарың құтты болсын. Жолда басқа балаларға кіріп сыйлықтарын беріп,сендерді күтіп алуға кешігіп қалыппын ғой.

Ақшақар Аяз атаға болған жайды айтады.

Ж-ші: Балалар,шыршамызды әнмен оятып,әсем шамдарын жағып алайық. Аяз ата,Ақшақар ,кәне, сіздер де көмектесіңіздер

Балалар: Қуант,шырша таңырқат

               Шамдарыңды жарқырат---------------------3 рет

 Шыршаға арналған тақпақтар:

  1. Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Келді сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған               Диас

 

  1. Жасыл шырша орманнан

Бізге арнай келіпті

Ойыншығын балалар

Шыршаға әсем іліпті                 Али

  1. Шыршамыз тұр алаңда

Оған шашу шашайық

Тойлап көңіл ашайық

Қуанысып күлейік

Тақпақ айтып берейік                 Дильназ

     4 .Кел,балақай,шырша дайын

         Қол ұстасып ән салайық

        Жаңа жылдың жарқын айын

       Ән мен бимен қарсы алайық              Данияр  

     5.Тамаша,тамаша

        Шыршамыз тұр жараса

        Басында әсем жұлдызы

       Көз тоймайды қараса                   Ақерке

6. Жаңа жыл,жаңа жыл                          Ерқанат    

   Жаңа жылда жаңа жыр  

Жасыл шырша жанында

Жадырап барлық бала жүр.                    

7. Шыршаға бардық                                 Марат  

     Әсем ән салдық

    Қуантып елді

   Жаңа жыл келді           

Ж-ші: Ақшакар,  көңіліңді көтеріп  кішкентай ұлпақарларды биге шақырмайсың ба?

Би  «Ұлпақарлар биі» Снег кружиться    

Бір  кезде айқайға басып ,ысқырып Мыстан келеді 

Мыстан: Эй,мұнда не болып жатыр.Бәрі жиналып қалыпты ғой

Аяз ата: Мыстан,сені мұнда кім шақырды?А? Мерекенің шырқын бұзба,кедергі жасама.

Ж-ші: Мыстан апа,сіз біздің балалардың шырша мерекесіне келдіңіз. Осындай мерекеде Аяз атаның дайындаған сыйлығын қара ниетті сиқыршы мына сандыққа салып құлыптпа кетіпті. Сіздің көмегіңіз керек болып тұр.

Мыстан: Ә,олай болса мен сендерді сынап көрейін. Менің де шартымды орындаңдар.

Мыстан жұмбақ жасырады

  1. Тікен,тікен тік пісте,

      Қысы-жазы бір түсте             \шырша\

2.  Бес ін,бес іннің аузы бір ін     \қолғап\

3.  Шелек қалпақ басында

     Сәбіз екен танауы

      Қыста қардан тұрады

      Танып көрші сен оны        \аққала\

  1.  Аузы жоқ,тісі жоқ

      Бірақ тістеп алады          \аяз\

Мыстан:Балалар,сендерге қаншама жұмбақ жасырсам да шешуін тауып қойдыңдар. Өздерің тапқыр екенсіңдер.Енді өнерлеріңді көрейін

Би:  «Буги-вуги»

 Мыстан: Мені шаршаттың дар,көңіл күйімді көтеріп тастадыңдар.Енді мен өз көмегімді көрсетейін

Мыстан 1-ші  құлыптың кілтін береді

Ж-ші: Балалар ,бізге тағы да бірнеше құлыптың кілті керек. Сандық ашылмады. Аяз атамыздың көңіл –күйі түсіп кетіпті. Кәне көңілдендіріп тақпақ ,ән айтып берейікші.

Аяз атаға арналған тақпақтар

8.Аппақ тонға оранып,                                 Ернұр

     Базарлықты мол алып

     Келді алыс сапардан

     Аяз ата оралып                             

 9. Келіңдер, келіңдер                                   Мадина

     Тақпақ айтып беріңдер

     Жомарт Аяз атадан

      Сыйлық алып көріңдер           

10.  Сақалы аппақ күмістей                                Инсар

     Тістері аппақ күмістей

     Қызыл ала шапаны

     Сағындым Аяз атаны               

 11.  Шаттық жыр,шаттық жыр                       Иасин

    Дидарыңда шаттық нұр

    Аяз ата ортада

    Арқасында қапшық тұр                    

 

 12. Ақ қырауға малынған                            Мансұр

    Сақалы да мұрты да

    Аяз ата сағынған

    Сәлем берді жұртына    

13. Ақ сақалды,таяқты.                                  Ерасыл

     Қалын қырау қабақты

     Аяз ата біздерге

    Базарлығын таратты

   14.    Болсын қызық салтанат.                          Расул      

           Болсын қызық мереке

          Жаңа жылмен жадырап

               Келсін бақыт,береке

Ж-ші: Балалар ,Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып ,ән айтайықшы

 Ән: Аяз ата

Ортаға Буратино мен Мальвина келеді

 Буратино: ой,біз қайда келіп қалдық. Не деген керемет,сұлу шырша. Мұнда не болып жатыр?

Ж-ші: Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз

Мальвина: Біз Буратино екеуміз Карабастан қашып жүріп ,балалардың мерекесіне тап болыппыз ғой. Қандай әсем киәнген балалар

Ж-ші: Біздің мереке қызықты өтіп жатыр,бірақ Аяз атаның сыйлығы мына сандықта. Соны ашуға  көмектесесіңдерме?

Буратино: Жақсы,көмектесеміз .Балалар менімен бірге  менің жақсы көретін биімді билеп берсінші

Би:   «Буратино биі»

 Буратино өзінің алтын кілтімен 2-ші құлыпты ашып береді

Ж-ші: Рахмет саған Буратино

 Мальвина : Ал, менімен бірге шыршаны айналып өлең айтайық

Өлең:  «Орманда шыршамыз туды»

 Ортаға қолында тәтті тосабы бар Карлсон келеді

Карлсон: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен ұшып жүріп,сендердің жаңа жыл мерекелеріңді өткізіп жатқандарыңды көріп,әдейі құттықтайын деп келдім. Сендерге мына тәтті тосабымды ала келдім.

Ж-ші: Бізді құттықтап келгеніңе рахмет,Карлсон. Сенің бізге көмегің керек болып тұр. Мына сандық ішіндегі сыйлықты алуға көмектесші.

Карлсон: Алдымен мен сендердің епкіліктеріңді,шапшаңдықтарыңды байқап көрейін. Сосын көмекті көре жатармыз

Ойын:  «Қарды тез жинау»

Карлсон балаларға 3-ші кұлыптың кілтін береді

Ж-ші: Карлсонға рахмет айтып мерекемізді әр қарай жалғастырайық

Балалар тақпақ айтады

15.  Қуантып елді                                Адема

      Жаңа жыл келді

      Өсетін болдым

      Бір жасқа енді              

16.Келді тағы Жаңа жыл                        Жанель

     Қуантумен біздерді

     Құтты болсын қуаныш

     Құттықтаймыз сіздерді         

17.Жаңадан тақпақ                            Ақнұр

    Аламыз жаттап

    Жаңа жыл келді

   Жаңа жыл аппақ                 

 

18.Аяз келіп қаһарлы                              Алихан

     Айналаны қар жапты

    Ақ тон киіп орман тұр

        Дәл атамдай салмақты.         

Аяз ата: Ау,балаларым ,осы күткен жаңа жылымыздың да келетін уақыты жақындаған сияқты.

Ортаға Жаңа жыл /Қой жылы\:

 Қой жылы: Сәлеметсіздер ме,балалар  ! Міне менің де уақытым келді!Енді мен сендермен бір жыл боламын !Мен сендерге тек қана денсаулық тілеймін,оқуда алда болыңдар!

Ж-ші: Жаңа жыл  өзіңнен көптеген қуаныштар,жақсы сәттер күтеміз!

Жаңа жылға арналған тақпақтар

19.  Жаңа жылды бар тілде                             Бахтияр

       Жаңа жылға балайды

       Жаңа жылға әр кімде

       Жақсы үмітпен қарайды           

20. Аспан жерге төгеді                                     Бейбарыс

     Ақ күмісін уыстап

     Жаңа жылда келеді

    Бізге қарай жылыстап                       

21.      Жаңа жылым жол болсын                             Аблайхан

     Басқан қадам оң болсын

    Төрлет,төрлет жаңа жыл

    Бізге құтты жыл болсын!    

Ж-ші: Жаңа жыл,біздің балалар сыйлықсыз қалар ма екен.Мына сандықтың сонғы құлпын ашуға мүмкін сен көмектесерсің.

Жаңа жал\Қой жылы\ : Иә,бүгін мен барлық тілектерді орындаймын. Сонғы құлыптың кілті,міне ,менің қолымда.

 Жаңа жыл кілтімен сонғы құлыпты ашып,сыйлықты алады.

Аяз ата: Міне менің сендерге дайындаған сыйлығым

Аяз ата, Ақшақар,Жаңа жыл  балаларға сыйлықтарын таратып береді

Ж-ші:   Даланың да,қаланың да

             Думандатып отбасын

              Тағы міне Жаңа жыл

              Қақты әр үйдің қақпасын

              Кел Жаңа жыл,жаңа жыл!

              Далама,қалама,жеріме

              Жаналықтармен жағымды

              Шыға ғой әлем төріне!

Құрметті ата аналар осымен біздің шағын ертеңгілігіміз  аяқталды. Көп рахмет!

Сөз ата-аналарға


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жаңа жыл –жаңа жыр
«Ақшақар достарын күтеді»
Жаңа жылдық ертеңгілік
Төрлет құтты Жаңа жыл!
«Қош келдің, Жаңа жыл, елімізге!»
Жасыл шырша жанында
Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий
Төрлет, төрлет жаңа жыл!
Қош келдің жаңа жыл!
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 12522 | Қосты: Қадиша | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык