Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ақшақар достарын күтеді»


«Ақшақар достарын күтеді»

«Ақшақар достарын күтеді»

«Алыста, алыста, тұрыпты Аяз-атамен Ақшақар. Ақшақар күн ұзақта аңдармен орманда ойнағанды жақсы көрген оларға Ақшақар ән айтқан, бірге би билеген .Аяз-атаның шарбағында бір қоян тұрған ол шарбақта тазалықты жақсы көрген күнде жинаған, сыпырған.

         Аяз-атаның Жаңа-жылдың алдында жұмысы көп. Түні бойы шыршыны безендірген Ақшақарды қуантайын деп. Ал таң атысымен жұмыстарымен кетіп қалған. Ақшақар үйде жалғыз қалған .

Ақшақар:      ( Үйінен шығып қуанып шыршаны айналдыра қарап)

                        Тамаша! Қандай шырша маған Аяз- ата әкелген!

                        Қанша ойыншықтары бар! Қалай жалт-жұлт етеді!

                        ( Қайтадан айналдыра қарайды да айқайлайды)

                         Қоян! Әй- қоян! Мында кел! ( Секіріп қоян келеді)

 Қоян: Шақырдыңба, Ақшақар мені?

Ақшақар: Ия, қоян. Қазір маған  көпдеген қонақтар келеді, сен       есіктің қасында тұр.

                  Ал менің әлі де істелмеген көп жұмыстарым бар.

 Қоян: ( Секіріп ) Жарайды, Ақшақар! (Сыпырғышты алып, есіктің қасын әндетіп сыпыра

             бастайды).  Есікті қаққан естіледі

Қоян: Кім бұл? Кім келді бізге?

Аю: Ақшақар біздерді Жаңа-жылды қарсы алуға шақырған.

Қоян: Ақшақар, мұнда аюлар келіп тұр.

Ақшақар: Кірсін, кірсін.

Аю: Сәләмәтсізбе? Ақшақар, біздер саған Жаңа-жылға тәтті бал әкелдік.Жаңа- жыл тәтті

          өтсін деп.

Ақшақар: Рахмет, рахмет. Төрлетіңдер.  ( Есіктің артынан ызылдаған дауыс естіледі)

Қоян: Ақшақар мұнда балдың иісіне аралар толып кетті. Не істеймін?

Ақшақар: Кіргіз оларды. ( Ұшып аралар кіреді шыршаны айналады.)

          Ән: «Аралар»

Бірінші ара: Түсінбедім бал иісі шыққан сияқты, бірақта мына гүлде ешқандай бал жоқ!

Ақшақар: Аралар, ол гүл емес ол Жаңа- жылға безендірілген шырша.

Екінші ара: Шырша дегенді білеміз бірақта Жаңа-жыл туралы естімедік.

Ақшақар: Олай болса қонақтармен жайғасып бірге Жаңа- жылды қарсы алайық сонда      

                  білесіңдер. (Тағыда бір дүрсіл естіледі)

Қоян: Бұл кім?

Пингвиндар кіреді.

Бірінші пингвин: Жаңа- жылыңызбен барлықтарыңызды!

Екінші пингвин: Ақшақар, мынау сізге сыйлық.

                              ( Бір балық береді)

Үшінші пингвин: Оны біздер мұхиттан аулап алдық.

 Би: «Пингвиндар»

Ақшақар : Қош келдіңдер, пингвиндар!

( Тағыда есік қағылады)

Қоян: Бұл кім?

Бірінші қоян:Кіргізіңдерші біздерді, біз батылды қояндармыз

                          Біз ешкімненде      қорықпаймыз.

Екінші қоян: Жаңа- жылдарыңызбен, Ақшақар!

Үшінші қоян: Біздер саған Жаңа – жылға сәбіз әкелдік.

Ақшақар: Рахмет, төрлетіңдер, отырыңдар.

Төртінші қоян: Мында Қасқыр, Түлкі жоқпа? (Дірілдеп, есіктің дүрсілі естіледі)

Бесінші қоян: Ой, бұл кім?

                        (дауысы дірілдеп,Ақшақардың артына барлық қояндар тығыла бастайды.)

Ақшақар: Қорықпаңдар, сендерге ешкім тиіспейді.

Қоян: Ашайынба?

Ақшақар: Әрине ашағой. Біздер Жаңа- жылды қарсы алап отырмызғой.

(Есіктен Қасқыр,Түлкілер кіреді. Қасқыр шананы сүиреп ал шанада түлкілер    

             отырады. )

Қасқыр: Әзер дегенде жеттімғой, кәне түсіңдер.

Бірінші түлкі: Жаңа –жылыңызбен Ақшақар!

Екінші түлкі: Біздер саған асықтық, сондықтанда шанаға отырдық.

Үшінші түлкі:   Міне біздің сыйлықтарымыз.( Кішкентай үйрек береді , ал қасқыр   

                                  ойыншық береді)

Түлкі: Ой, мұнда көп қояндар бар екенғой.Біз солардың қасына отырайықпа?

Ақшақар: Жаңа- жылды бізбен бірге қарсы алғыларың келсе, қояндарға тиіспеймін деген

                  сөз беріңдер.

Түлкі: Жарайды тиіспейміз.Олар босқада арық болады, ылғый сүйек.( Тағыда бір дүрсіл

            естіледі.Құлпынайлар кіреді)

 

Бірінші құлпынай: Біз көңілді құлпынаймыз.

Екінші құлпынай: Би билейміз , ойнаймыз.

Үшінші құлпынай: Жаңа – жылды тойлаймыз.Керек болса, бәріміз би билеп береміз.

 

Би «Құлпынайлар»

Ақшақар: Размет, құлпынайлар! Төрлетіңдер.

                  Балалар, Аяз- ата қазір қартайды. Мүмкін адасып кеткен шығар. Кәне

                  барлығымыз бірге қосылып шақырайық.

Бәрі: Ау-ау! Аяз-ата!

Әуенмен Аяз- ата кіреді. Қасында сиыр.

 

Аяз- ата: Амансыңдарма, ұлдарым?

                 Амансыңдарма, қыздарым?

                Қандай жарқын жүздерің?

                Қандай әсем жырларың.

                Асулармен алысқан

                Асау желмен жарысқан,

                Аталарың сендерге

                Асығып келді алыстан!

                 Мен, қоян ,түлкі,қасқырларды іздеп жүрсем, бірге Жаңа- жылды қарсы

                 алайындеп. Олар мында келіп қалыптығой.Қалай, Ақшақар шырша

                 саған ұнадыма? Саған арнап таңдап алдым.

 

Қоян: Аяз-ата сізді күтудеміз.Шыршамыздың оттарын жақшы.

Ақшақар: Балалар келіңдер, шеңберге тұрайық, Жаңа- жылды тойлайық!

Аяз.- ата:Жарайды, менімен қосылып айтыңдар.

                 Бір, екі, үш

                 Шырша жарқыра! (Бірнеше рет айтылады, шырша жанады.)

 

Бірінші бала: Жүзімізде күлкі ойнап,

                        Қанаттанды жанымыз

                        Жаңа –жылды біз тойлап,

                        Шаттанамыз бәріміз!

 

Екінші бала: Ел құрметтеп көп тосқан

                       Келді Аяз- атамыз

                       Келіңдер, кел, достар

                       Қазір ән айтамыз

Үшінші бала: Сақалы аппақ күмістей

                        Тістері аппақ күріштей

                         Қызыл ала шапаны

                         Сағындым аяз- атаны

 

Ақшақар: Шыршамызға арнап әнімізді айтайық.

Ән: «Тауда туып, тауда өскен» (Әнде Аяз- ата шеңбердің ішінде жүреді. Әннің соңында

          балалар қол ұстасып аяз- атаны шеңберден шығармайды.)

 

Ақшақар: Аяз- ата біздермен бір ойын ойнаңызшы.

Аяз- ата: Ойнасақ ойнайық.

 

Ойын: «Шелекті қармен толтыр.»

Аяз- ата: Шаршадым,сәл отырып тынығайын.

Қоян: Аяз-ата мында отырыңыз.Ал бөбектер сізге өз өнерлерін көрсетеді.

Аяз- ата: Жарайсыңдар балақайлар кәне маған жақындаңдар. Кім маған тақпақ айтады   

                  сол  менен сыйлық алады.

Тақпақтар:

Төртінші бала: Өлеңде әзір, әнде әзір

                          Ойында әзір, бәрі әзір

                           Кел,Жаңа-жыл, біздерге

                           Кел,Жаңа-жыл,Жаңа-жыл!

Бесінші бала:  Көңілде көп қуаныш

                         Әр көңілде жақсылық

                         Кетер жылға мың алғыс

                          Әкелген көп жақсылық.

Алтыншы бала: Тамаша, тамаша,

                            Шыршамыз тұр жараса

                            Басында әсем жұлдызы

                            Көз тоймайды қараса

Жетінші бала:  : Бар баланың қонағы

                       Төрлет ата, жоғары

                        Енді дала, алақай

                        Ақ күміске толады

                      Жұрттың бәрі атадай

                       Қашан жомарт болады

Ақшақар: Аяз- ата саған аңдар өз өнерлерін көрсеткісі келеді.

Би: «Аңдар биі.»

Ақшақар: Аяз- ата, біздер саған арнап ән дайындадық, тыңдағыңыз келедіме? Олай болса

                  балалар шеңберге тұрайық. Аяз- ата бізбен бірге қосылыңыз.

Ән: «Аяз-ата»

Аяз- ата: Мені келемештеп тұрғой мыналар,қазір мен барлықтарыңды үсіремін.

Ойын: «Үсіремін»

Аяз- ата: Жарайсыңдар, балалар.Ал енді маған қайту керек.

Ақшақар:Балаларға сыйлықтарың қайда?

Аяз- ата: Ой менің тесік басым, қайда қойғанымды білмеймін. Мүмкін шыршаның

                  астында шығар,мүмкін үстінде шығар.

Ақшақар: Мүмкін бізге Сыйқыршы көмектесер. (Әуенмен сыйқыршы  құмырасымен

                  кіреді.)

Сыйқыршы: Не қалайсыңдар!

Ақшақар: Біздің балалар Жаңа- жылға сыйлықтарын күтіп отыр. Ал, Аяз- ата қайда

                  қойғанын ұмытып қалған.

Сыйқыршы: Ой, ол ең оңай тапсырма.Қазір сыбызғымда ойнайын құмырамнан сұрайын.

                      (Құмырадан түрлі заттар шашылады.)

                      Осыма, сендердің сыйлықтарың?

Ақшақар: Жо-жоқ мынау сыйлық емес қой. Балалар Жаңа- жылға түрлі тәттілер күтеді.

                   (Сыйқыршы сыбызғысымен қайтадан ойнады.Құмыраның ішінен кәмпиттің

                    қағаздары шашылады.)

                   Жоқ.Аяз- атаның сыйлығы әсемделген қорапшада болады.

Сыйқыршы: А-а-а.Қазір онда, күте тұрыңдар!Құмырадан Аяз- атаның сыйлықтарын

                     шығарады.

Аяз- ата,балаларға сыйлықтарын таратады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құтты болсын, жаңа жыл!
Жаңа жыл –жаңа жыр
Қош келдің,жаңа жыл,Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік
Төрлет құтты Жаңа жыл!
«Қош келдің, Жаңа жыл, елімізге!»
Жасыл шырша жанында
Қыс
Жоғалған қыс атты жаңа жылдық экологиялық ертегі
Төрлет, төрлет жаңа жыл!
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3125 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык