Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен


Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуға үйрету. Айналасындағы адамдарға адалдығы мен әділеттілігін қалыптастыратын рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: адалдыққа, мейрімділікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, трингтер.
Сабақ көрнекілігі: күн суреті, талдық суреті, үнтаспа.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
Күнде шат, күліп күн
Шаттанамыз бәріміз
Өміріміз көңілді
Мәңгілік достықпен
Мақтанамыз бәріміз.
 
1. Кіріспе әңгіме
Ертеде қаз дауысты Қазбектің ауылына бір саудагер келіпті. Түстеніп тамақ ішіп болған сон Қазбекке:
- Би бір сөз сұрайын деп едім – депті
- Сұраңыз, - дейді Қазбек би.
- Біз өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық.
Сөздің атасы кім, апасы кім? – депті:
Сонда Қазбек
- Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық деген екен.
     Балалар бірлік дегеніміз – тату болу деген сөзді білдіреді. Ал шындық туралы сендер білесіңдер. Егер шындық – сөздік анасы деп түсінетін болсақ, онда ол қандай қасиет болған? (балалар өтірікпен салыстыра отырып шындыққа анықтама береді)
     Ал, адал болу деген не? (Балалардың жауаптары. Олар адалдық қасиеттің мәні жөнінде пікірталастыру анықтама шығарады)
 
2. Тринг «Алақан»
Оқушылар бір рет қағазға әрқайсысы өз алақандарын бастырып салады. Ортасына бірінші аты-жөнін жазады да келесі балаға жалғастырып береді. Ол оқушы алақанға берген баланың бойындағы бір рет жағымды, жағымсыз қасиеттерін жазып жалғастырып жібереді, соңынан әр баланың алақанындағы жазуларды оқу арқылы оқушылар кім екенін өздері айтады табады.
3. Тест: Келесі сөйлемді аяқтап жаз.
1. Мен тез бас тартамын (неден?)
2. Адамдардан маған ұнамайтыны (нелер? Қандай қасиеттері?) 
3. Егер бір адам келесі бір адамға әдепсіздік, әділетсіздік жасап жатса, онда мен (не істеймін?)
4. Ойын ауқцион
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді білімге айырбастау. Мысалы: мейрімділік (артындағы сұраққа жауап беру арқылы сатып алады)
5.  Талдың суреті
      Талдың діңінде жазылған
1.  – мен үлгілі оқушымын
2.  – мен тәртіпті оқушымын, бірақ кейде сабаққа дайындықсыз келемін
3. – мен жақсы оқушымын, бірақ кейде еркелеймін жалқаулығым бар, өтірік айтамын.
 Күннің суретін ұстап тұрады.
5. Болашақта сен қандай болғын келеді?
- Өз бойымдағы жағымсыз қасиеттерді жойып өздерін жақсылыққа тәрбиелейтіні туралы әңгімелеп, тілектерін айтып (күннің шапағын ұстайды)
6. Өлең оқу «Адам болам десеңіз»  Абай
7. Ән хормен «Болайықшы осындай

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Әдептілік -әдемілік
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!
Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен
Достық ой
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3533 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык