Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Атамекен - алтын бесік


Атамекен - алтын бесік

Атамекен - алтын бесік

Түсінік хат
         Қай халық та ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. 
          Өздеріңізге ұсынылып отырған орыс сыныптарындағы қазақ тілінен 10 сыныпқа арналған «Атамекен – алтын бесік» атты арнаулы  курстың мақсаты -  мектеп оқушыларына өз ауылы, ауданы, облысы туралы толық мағлұматтар бере отырып, өз елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу.  
            Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» атты бағдарламасында : «Оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет» - деп атап көрсеткен болатын. 
       Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» туралы айтылған. Осы қағидаларға сүйене отырып, өлкетану материалдары арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің негізі 10- сыныпқа арналған «Атамекен – алтын бесік» атты  арнаулы  курс бағдарламасында  толық көрініс тапқан деп сенемін. 
         Бағдарлама барысында оқушылар ауыл, аудан, облыс тарихы, географиясы, табиғаты, шаруашылығы, мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрі, өнері, т.б. жайында өлке деректерінен құнды мағлұматтар алады. 
        Бағдарлама мектептің оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін жетілдіруге, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға және оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған.   
Бағдарламаның құрылымы
( барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
 
     Бағдарлама жүйелік, түсініктілік принциптеріне сүйеніп жасалынды.  Оқушылардың  жас ерекшеліктері ескерілді. Бағдарламадағы тақырыптар  біріншісінен екіншісі туындайтындай жүйемен  орналастырылды 
        Тақырыптар М.М.Жанпейсованың «Модульдік технологиясын» басшылыққа ала отырып, жүйеленіп ұсынылған. 
1-модуль   - «Ауылым – алтын бесігім»  4 сағат, 
2-модуль «Ақжайықтың тарихи оқиғалары» - 4 сағат, 
3-модуль «Еңбек және соғыс ардагерлері »  - 5 сағат, 
4-модуль «Ақжайықтың әдебиет әлемі» - 5 сағат, 
5-модуль «Тарихи-мәдени ескерткіштер» - 3 сағат, 
6-модуль «Табиғатым - тағдырым» - 4 сағат, 
7-модуль «Өнерлі өрге жүзеді» - 4 сағат, 
8-модуль «Салт-дәстүр  - » - қазынам» - 4 сағат бөлінген. 
Жылдық қайталау – 1 сағат
 
Бағдарламаның ерекшелігі:
          Оқу нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, яғни жағдаятқа байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде өз көзқарасын білдіре алумен қатар, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздері де сұрақ қоя алады. Сонымен қатар оқушылар өз қалаулары бойынша тақырып таңдай отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Қиялға ерік беріледі. Өз өлкесі туралы құнды мағлұматтар алып, өмірде қолдана алады.  
         Өлкетану материалдары сабақ барысында өтіліп жатқан материалдарды нақтылау, оқушыларды пән сабақтарына қызықтыру және шығармашылық қабілеттерін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу үшін қажет. Өйткені, «өлкетану» - «Отантанудың» алғашқы бастауы. 
 
Бағдарламаның мазмұндық бағыттары
- оқушының тілін дамыту:
- мәтін арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру:
- өз ауылы, ауданы, облысы туралы толық мағлұмат алу:
- қазақ халқының рухани байлықтарын тіл арқылы жеткізу, таныту:
- қазақ тілінен алған білімдерін пысықтау:
 
Бағдарламаның тиімділігі;
- қазақ тілін тереңдетіп оқытуға қажетті білім жүйеленген;
- бағдарлама мазмұны жұппен жұмыс істеуге бейімделген;
-  бағдарлама күнтізбелік жоспардың негізгі үлгісі ретінде ұсынылды;
 
Оқушылардың білімі, біліктілік дағдыларына қойылатын талаптар:
 -оқыған мәтіннің немесе өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау;
-лексикалық тақырыптың мазмұнын аша білу;
- жағдаят төңірегінде берілген тақырыптар бойынша пікірлесу;
- тақырып бойынша өз ойын айта білу;
- естіген, оқыған мәтінді мазмұндау;
 
Күтілетін нәтиже:
-өз отанын шексіз сүйетін патриот тәрбиелеу;
-өз ойын еркін жеткізе алатын, сауатты сөйлеу жүйесі қалыптасқан тұлға қалыптастыру;
 
«Атамекен – алтын бесік»  арнаулы курс бағдарламасы
Барлығы – 34 – сағат, аптасына – 1-сағат
№ Тақырыбы Сағат саны Сабақтың түрі Сабақтың әдістері Пәнаралық байланыс Күтілетін нәтиже  
1. Ауылым – алтын бесігім
1. Курстың мақсаты мен мідеттерін түсіндіру 1 Ашық журнал Сұрақ-жауап Қазақ әдебиеті, тарих Зерттейтін бөліммен танысады.
2. Туған өлке шежіресі 1 Жаңа білімді меңгерту Кітаппен жұмыс Қазақтан тарихы, қазақ әдебиеті Туған ауылдың, ауданның тарихымен жете танысады, зерттейді.
3. Астықты өлке 1 саяхат Кітаппен жұмыс, пікірлесу Қазақтан тарихы, қазақ тілі, география Аудан өміріндегі астық өсірудің рөлін меңгереді.
4. Сынақ жұмысы 1 практикалық Білім сынағы Өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау.
2. Ақжайықтың тарихи оқиғалары
1. Сахарный түбіндегі соғыс 1 Жаңа білімді меңгерту Кітаппен жұмыс Қазақстан тарихы Ақжайық өңірі тарихындағы бұл соғыстың мәнін ашу.
2.
Емболат өзені және Пугачев көтерілісі 1 Жаңа білімді меңгерту Кітаппен және қосымша әдебиетпен жұмыс Қазақстан тарихы, георгафия Емболат өзені түбіндегі шешуші шайқас туралы білу
3. Ақжайықтың тарихи тұлғалары 2 Ақпарат беру Қосымша әдебиетпен жұмыс Қазақстан тарихы Таихымен тарихи тұлғалар тағдырларымен танысу.
3. Еңбек және соғыс ардагерлері
1. Еңбегі еленген азаматтар 1 Семинар сабағы Проблемалық тапсырмалар Қазақстан тарихы Еңбек Ері атанған азаматтармен жете танысу
2. Ер есімі-ел есінде
Майдангер жазушылар мен ақындар 2 конференция Білімді сынау Қазақстан тарихы, әдебиет Майдангер ақын-жазушылар шығармаларытуралы ой бөлісу
3. Санадан өшпес отты жылдар 1 Сот сабағы немесе қазылар үкімі Проблемалық сұрақтар, қосымша материалдармен 
жұмыс Қазақстан тарихы Ауған және Шешен соғысының батырлары туралы түсінік беру
4. Сынақ жұмысы 1 практикалық Білім сынығы
4. Ақжайықтың әдебиет әлемі.
1. Жерлестер мақтанышы 1 Дәріс, талдау, кіші зертханадағы ізденіс сабағы Іздендіру, қосымша материал Ақын – жазушылар өмір жолымен байланыс Танысқан әр ақын  -жазушының өзіндік ерекшелігін ажырата білу.
2. Н.Ф.Корсунов өмірі мен шығармашылығы 1 Ізденіс сабағы
(практикалық жұмыстарға негізделген) Іздендіру, проблемалық әңгіме, пікір айту. Журналистика Шығармаларымен танысу, ақын өміріндегі М.Шолоховтың алатын орынын анықтау.
3. «Өлеңде де, өмірде де Жұбан бүгін» Ж.Молдағалиев шығармашылығы 1 Поэзия сағаты Мәнерлеп оқу Қазақ әдебиеті Өз бетімен шығармашылықпен айналысу қабілеттерінің артуы
4. «Айтсын деп ақиқатты тіл берген» (Айтыскерақындар хақында) 1 Жаңа білім беру, практикалық сабақ Іздендіру, пікір айту Қазақ әдебиеті Ақын мен айтыскер ақынның айырмашылығын айыра білу
5. Сынақ жұмысы 1 Практикалық Білімді сынау Өткен сабақтарда алған білімдерін бекіту
5. Тарихи – мәдени ескерткіштер.
1. Мұражайлар – асыл мұралар мекені 1 Панорамалық сабақ Іздендіру, эвристикалық Қазақстан тарихы
Мектеп мұражайы Тарихи жәдігерлермен танысу, мәнін ашу.
2. Көне ғимараттар тарихы 1 Ізденіс сабағы Іздендіру, кітаппен жұмыс Қазақстан тарихы Көне ғимараттар тарихымен жете танысу.
3. Сынақ жұмысы 1 Практикалық Білімді сынау
6. Табиғатым – тағдырым
1. Зеленов ауданына табиғи – географиялық саяхат 1 Ізденіс сабағы Іздендіру, кітаппен жұмыс География, биология Ауданның табиғи жағдайымен танысу, зерттеу.
2. Кирсанов заказнигі құпиясы 1 Ақпарат сабағы Эвристикалық, сұрақ-жауап География, биология Заказниктер мен қорықтар тарихымен танысу.
3. Жайық көмек сұрайды немесе экологиялық проблемалар 1 Ізденіс сабағы Сұрақ – жауап, іздендіру, ой түйіндеу Экология, география Экологиялық жағдайларды саралай білуге, ой қорытуға үйрету.
4. Сынақ жұмысы 1 Практикалық Білімді сынау
7. Өнерлі өрге жүзеді.
1. Өнер – сарқылмас бұлақ 1 Ашық жұрнал сабағы Шығармашылық Ән – күй
Қазақ әдебиеті Өнердің құдіретті күш екендігін ұқтыру
2. Би өнері 1 Панорамалық сабақ Қосымша оқулықпен  жұмыс Ән - күй Аудандағы би ұжымдары туралы 
мәлімет алу
3. Ұлттық аспаптар – бабалар мұрасы 1 Танымдық сабақ Іздендіру, қосымша әдебиетпен жұмыс Қазақ әдебиеті.
Ән-күй Ұлттық аспаптардың өзіндік ерекшеліктерін ұқтыру 
4. Сынақ сабағы 1 Практикалық сабақ Білімді сынау
8. Салт-дәстүр.
1. Көп ұлтты аудан 1 Жаңа білім беру сабағы, практикалық Сұрақ – жауап, түсіндіру Қазақ әдебиеті
этнография Ырыс, ынтымақ ұғымдары
2. Жеті атасын білген ұл 1 Танымдық сабақ Эвристикалық, сұрақ - жауап этнография «Жеті ата» ұғымының қазақ халқы өміріндегі маңызын ұқтыру
3. Дәстүр мен салт ұғымдарының ұқсастығы мен айырмашылығы 1 Жаңа білім беру Түсіндіру, баяндау этнография Айырмашылықтарын ұғындыра отырып, жоғалып бара жатқан асылдарымызды жаңғырту
4. Сынақ жұмысы 1 Практикалық Білімді сынау
Жылдық қорытынды 1 Практикалық, Білімді сынау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Орта мектеп оқушыларына арналған «Абыралы көтерілісі» курсы
Математика әлемі
Жеті қазына
Ұлттық шешендік өнер
Қолданбалы курс тақырыбы: Өлкетану
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Экология негіздері
«Ақұштап поэзиясын тану» қолданбалы курсы
ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ курсы бағдарламасының мазмұны
Абайтану таңдау курс бағдарламасы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4620 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык