Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Анықтауыш


Анықтауыш

Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш

Сабақтың мақсаты. 
1.Білімділік:  Оқушыларға анықтауыш туралы толық мағұлат беру,анықтауыш болатын сөйлем мүшелерін үйрету
2.Дамытушылық:  сөйлемнің мүшелерін ажырата білуге дағдыландыру
3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба
Сабақтың түрі: бекіту     сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау 
Шығармашылық жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені атаймыз.
Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Анықтауыш болатын сөз таптары:
Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады: 
Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
Зат есімнен болады: 
Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
Сан есімнен болады: 
Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр
Есімдіктен болады: 
Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті
Етістіктің есімше түрінен болады: 
Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады:
Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады
ІV. Cабақты меңгерту
47-жаттығу
49-жатығу Көшіріп жазу
V. Сабақты қорытындылау.
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
VІ. Үйге тапсырма беру.  50-жаттығу
VІІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сұраулы сөйлем
Тұрлаусыз мүшелер
Толықтауыш
Пысықтауыш
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Жалаң және жайылма сөйлем
Сөздердің байланысу тәсілдері
Анықтауыш
Анықтауыш
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4795 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык