Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР


БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

 Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының ) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы.
Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажыратылатын белгілерін білдірсе, олар бір-бірінен бөлек жазылады, мұндай күрделі тіркестердің алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді. Мысалы: ат қора, қой қора, жол азық, ағаш күрек, сан ет, қол ет, сұрпы ет, ұл бала, қыз бала, қос етек (көйлек), мысық мұрт (жігіт), ала бұлт.
Ескерту: Анықтаушы – анықталушы қатынастан ажырап, бір заттың атауы болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық, шәйқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шығаберіс, қолайна, қолара т.б.
      Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел, ақ шабдар.
     Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады: Мысалы: Жаза бер, 
жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды.
 Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қызмет ету, жұмыс қылу, жәрдем ету, шап ету, лап қою, тап беру, қол шапалақтау, ду ете түсу, баж ету.
  Идиомалық, фразалық  тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады. Мысалы: таяқ жеді, бас тартты, бас бұрды, қол жалғады, қол ұшын берді.
 Ескерту: а) Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі –ты, - (-ті, -ды,-ді) қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе – па, (-пе,- ба, -бе,) қосымшалы сөз болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады. Мысалы: алыпқашпа (сөз), жүрекжарды (қуанышты хабар), жолсоқты (болу), қағазбасты (болу), пышақкесті (тыйылу), баукеспе (ұры);
ә) о баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанымен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен  тұлғалар қосылып жазылады.
Мысалы: ақсақал, атқамінер, көзқарас, ақсүйек, ойтолғақ, ойтүрткі. 
б) әртүрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жеке сөзге айналған есімді тұрақты тіркестердің түбір қалпы да, қосымшалы түрі де бірге жазылады. Мысалы: ержүрек, ержүректік, ақниет, ақниеттік, дүниеқоңыз, дүниеқоңыздық, дүниеқоңыздану, ақкөңіл, ақкөңілдік, жанпида, жанпидалық ,алақол, алақолдық т.б.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жалқы жане жалпы зат есімдер
Сын есім
Сан есім
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Қосымшалардың жазылуы
Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы
Бас әріптің қолданылуы
Толымсыз квадрат теңдеулер былай жазылады
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4933 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык