Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ


ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ

ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ

Сөз тіркесіндегі жеке сөздер естілуінше (айтылуынша) жазылмай, негізгі тұлғалары сақталып жазылады. Мысалы: ала ат (алат емес), бара алмаймын (баралмаймын емес), көк орамал (көг орамал емес), ақ лақ (ағ лақ емес), барса игі еді (барсигеді емес), келсе игі еді (келсигеді емес),барып па екен (барыппекен емес).
      Орыс тілінен енген атау сөздердің тұлғасы негізінен орыс орфографиясы бойынша өзгертілмей жазылады. Мысалы: вагон, паровоз, гидрология, биология, комитет, агроном, агротехника, педагог, медицина, спорт, хирург, конституция, клуб, кино, радио, адвокат, ракета,  планета, молекула, бюджет, банк, транш.
Ескерту: Сс, лл, кк, тт  сияқты қосар әріппен келген кірме сөздердегі екі әріптің біреуі қосымша жалғанғанда түсіріліп жазылады. Мысалы: прогресс-прогреске, металл-металдар, грамм-грамы, балл-(баға)-бес балдық жүйе, Донбасс- Донбастан.
Ал орыс тілінен енген бірқатар кірме сөздер, әсіресе тұрмыс- салтқа қатысты зат, бұйым атаулары ерте кездерден дыбысталуы қазақша қалыптасқан түрінде жазылады. Мысалы: жәшік, бәтеңке, сіріңке, божы, бөкебай, бөшке, қалаш, шөген, кір(гиря), келі(кило), сот, болыс, облыс, зауыт, тауар ). Соңғы дауысты дыбысын түсіріп қалыптасқан газет, минут, гранат, цифр,координат сияқты он шақты сөзден басқа кірме сөздерде соңғы а дыбысы түсірілмей қолданылады және солай жазылады: оптика, капсула, тирада.
      Араб, парсы тілдерінен енген сөздер негізінен қазақша дыбысталып, өзгерген күйінде жазылады. Мысалы: әділ, амал, пейіл, ақпар, әлем, мектеп, пән, кітап, бұқара.
Кірме араб сөздерінің ішінде екі- үш түрлі мағынаны білдіру үшін тұлғасын сәл өзгертіп, қалыптастырылғандары сол екі-үш вариантта жазылады. Мысалы: үкімет және өкімет, хабар-ақпар, әрекет-қарекет, пейіл-пиғыл, ақирет-ақырет(кебін), мәлімет- мағлұмат, қазына-қазине (қазинелі қара нар), қазір-әзір, қақы- ақы- құқы, хақ-ақ, ғашық- асық, ғылым-ілім. 
Араб, парсы тілдерінен неген бірқатар кісі аттары әркімнің әртүрлі ат қоюына байланысты сол қалыптасқан күйінде жазылады. Мысалы: Хасан, Хасен; Зәуре, Зура, Зухра; Бәтима, Фатима, Пәтима; Қали, Ғали, Али, Алі; Жүсіп, Түсіп, Нүсіп; Омар, Ғұмар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
КІРМЕ СӨЗДЕР
Кірме сөздер
Лексикология
Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Қосымшалардың жазылуы
Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы
Бас әріптің қолданылуы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3682 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык