Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР


БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР 

 Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер қосылып жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер, түрегелді, ерғашты, жарғанат.
 Еш, әр, кей, бір, қай, әлде  сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір, әрдайым, әрқашан ешкім, ешбір, ешқандай, ештеңе, кейбір, қайбір, қайсыбір, бірдеңе, бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, бірыңғай, біркелкі, бірқыдыру, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқандай, әлдеқашан, әртүрлі.
Ескерту. Еш, әр, кей, қай, әлде  сөздері зат есімдерімен тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш адам, әр бала, қай үй, кей адам, бір жұмыс, әлде жылқы, әлде сиыр.
 Екі түбірден құралып, ғылымның әр алуан (саяси-әлеуметтік, лингвистикалық, филологиялық, химиялық т.б.) саласында терминдік мәнге ие болған атаулар бастапқы тұлғаларын сақтап, бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, өнеркәсіп, кәсіподақ, арасалмақ, арақатынас, келіссөз, көзқарас, еңбеккүн, шикізат, көкжиек, кемпірқосақ, шоқжұлдыз, оттегі, сутегі, қостотық, үшбұрыш, сегізжақ, көпмүше, тозаңқап, гүлтабан, тамыржеміс, сүтқоректілер, оңқанаттылар, сөзжасам.
 Екі, кейде үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік атаулары түбір тұлғалары сақталып бірге жазылады. Мысалы:  қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, тасбақа, құрбақа, бірқазан, аққұтан, көкқұтан, аққу, қарақұс, есекмия, өгізшағала, жаужұмыр, түйеқарын, шегіргүл, айдаршөп, қырықаяқ, қаракүйе.
Ботаника, зоология терминдерінің ішінде мынадай жолмен жасалған күрделі атаулар біріккен сөз болып, сыңарлары қосылып жазылады:
1) бірінші сыңары ақ, қара, сары, көк, қызыл, ала, боз  деген түс атауларымен келген аң-құс, өсімдік аттары және  қой, сиыр, түйе, бота, қозы, ат, қоян, аю, бөрі немесе  ит, құм, су  деген жалпы атаулар мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан айрылған сөздер тіркесі болып келген терминдер қосылып жазылады: алақоржын (тышқан), қарақанат, қарабай, ақиық (құстар), ақбілек, көкқасқа, көкнайза, қызылбас, (өсімдік атаулары), ақкөз, қаракөз, алабұға (балықтар), Ескерту: Ақ, қара, қызыл ,қоңыр, шұбар  сияқты сын есімдер аң-құс, өсімдіктердің түсін айыру үшін  қолданылатын болса, бөлек жазылады: ақ аю, қоңыр аю, қара бұрыш, қызыл бұрыш, сұр жылан, шұбар бақа.
2) бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер немесе  әртүрлі есім сөздер, екінші сыңары ағаш, шөп, гүл, тікен, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт, жидек, жеміс  сияқты жалпы атаулар болып келетін тіркестер қосылып жазылады: қараторғай, қарағаш, қарақұрт, қаражидек, қарабидай, қызылжидек, қызылбалық, сарышөп,  сужапырақ, әретікен.
  Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт т.б. салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, ұғым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп жазылады.  Мысалы: шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жанкүйер, бессайыс; ақсүйек, қосқұлақ, соқыртеке (ойын аттары); беташар. Тоқымқағар, ақсарбас (ырым, дәстүр атаулары), тоғызқұмалақ, асатаяқ, алыпсатар.
 Екінші сыңары  аралық, тану, тас, таным, жай, хат, қағаз, ішілік, сымақ деген сөздер және бірінші сыңары ,әсіресе, көп сөздерімен келетін қазақ сөздері, сондай-ақ бірінші сыңары  фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино,гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер, ал екінші сыңары қазақ сөздері болып келетін тіркестер бірге жазылады.  Мысалы:  халықаралық, ауданаралық, континентаралық; жаратылыстану, шығыстану, абайтану; тілтаным, дүниетеаным, жартас, қойтас, жылыжай, саяжай, мекенжай, ашықхат,  қолхат, ауруханаішілік, рұқсатқағаз, тұсқағаз, шешенсымақ, фотосурет, электрұстара, радиоқабылдағыш, автоқалам, аэрошана, агрошаралар, ультракүлгін, гипержазықтық,  көпбалалы, көпдінді,  көпұлтты.
Ескерту: Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын есімдер осы түрінде жазылады.
 Екі кейде үш  сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар, негізінен, түбірі сақталып, бірге жазылады. Мысалы: Досжан, Өтепберген, Әбдіманап, Мергенбай, Қартбай, Талдықорған, Жезқазған, Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақтүйесай, Ақдаласор.
Алдыңғы сыңары дауысты дыбысқа аяқталып, екіншісі дауыстыдан басталатын, негізінен, кісі есімдеріндегі қатар келетін екі дауыстының бірі (алғашқысы) түсіріліп жазылады. Қожа+ Ахмет- Қожахмет, Торы+Айғыр-Торайғыр, Мырза+әлі-Мырзалы. 
Ескерту: а) адам аттарының ішінде бек, хан, мырза, әлі, әли, ғали сияқты сөздермен жасалатын есімдердің сыңарлары да әрдайым бірігіп жазылады: Мырзалы, Тұрсынзада, Әбдуәлі, Құлмұхамет,Бекмұхамет.
Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін  сөздермен тіркескенде жалқы есімге қосылып жазылады. Мысалы: Бауыржан Момышұлы, Мұқтар Омарханұлы Әуезов, Сара  Сәтбайқызы Есова;
а) екі түбіірден құралған бірқатар кісі аттары түбір тұлғалары өзгеріп біріккен түрінде жазылады. Мысалы: Дәметкен, Ұлмекен,  Ұлбосын (Дәмееткен, Ұлмаекен, Ұлболсын емес);
б) екінші сыңары қ, к  дыбыстарынан басталатын  кейбір кісі аттары екі түбірдің үндесу ыңғайына қарай да жазылады: алдыңғы түбір қатаң дыбысқа аяқталса, келесі сөз де қатаң  қ, к әріптерімен жазылады.  Мысалы: Күсепқали, Қоскелді, Айткелді, Айтқожа, Сейтқұл, Аққыз;  алдыңғы түбір  дауысты дыбыстар мен ұяң, үнді дыбыстарға аяқталғанда, келесі түбірдің басқы дыбыстары ұяңдап, ғ, г болып айтылса, ғ, г әріптері жазылады . Мысалы: Амангелді, Нұргелді, Төрегелді, Нұрғиса, Нұрғожа, Есенғұл, Қарагөз, Ботагөз, Айғыз.  Ал қатаң түрде айтылса,  қ, к әріптері жазылады. Мысалы: Әбілқайыр,Әбілқасым, Қаламқас, Бибікамал, Шәмшіқамар;  
в) Қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған кісі аттары қатарынан екі дауыссыз дыбыстан басталмайды, оларды не алдынан, не ортасынан ы, і  әріптерінің бірі жазылады. Мысалы: Ысқақ (Сқақ емес), Ысқақбай (Сқақбай емес), Сымахан (Смахан емес), Сыматай (Сматай емес), Сыланов (Сланов емес), Ысмағұл немесе Сымағұл (Смағұл емес), Ырза (Рза емес), Ырзабай (Рзабай емес), Ырсалды (Рсалды емес);
г) Аттас жерлерді бір-бірінен  ажырату үшін алдарынан қолданылатын  анықтауыш есімдер бас әріптен басталып бөлек жазылады. Мысалы: Кіші Азия, Орта Азия, Орталық Азия.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жалқы жане жалпы зат есімдер
Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы
Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ
БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР
Қосымшалардың жазылуы
Зат есімдерге қосымшалардың жалғануы
Бас әріптің қолданылуы
Сөздердің тасымалдануы
Толымсыз квадрат теңдеулер былай жазылады
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 19456 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык