Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біріккен сөздер


Біріккен сөздер

Тақырыбы: Біріккен сөздер


Мақсаты: Біріккен  сөздер туралы білімді игеру;
Міндеттері:
-    біріккен сөздер туралы білімдерін нақтылай отырып меңгеру;
-    сыни тұрғыдан ойлау арқылы біріккен сөздерің  жасалу жолын анықтау;
-    топтық жұмыста  сенімді қарым-қатынас  орнатуға  дағдылану;


Қолданылған модульдері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;  Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ;  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;  Оқыту мен оқуда АКТ –ны пайдалану  ; Талантты және дарынды балаларды оқыту;  Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу ; Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: Шаттық шеңбер «Ыстық алақан», «Ай аттары»,Топ ұстанымы,«Сұрақ-жауап» әдісі, «Ойлан/жұптас/талқыла» стратегиясы,  «+,-, қызықты», «Ментальді карта», «Сыңарын тап», сергіту сәті «Аңдар» биі, «Шағын эссе», «Блоб ағашы», Рефлексия «БҮБ».

 








Сабақ кезеңдері
Уақыты    
Жоспар мазмұны    
Мұғалімнің іс-әрекеті    
Оқушының іс-әрекеті    
Бағалау    Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?
Кіріспе:
8мин

     Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал:  
«Шаттық шеңбер», «Ыстық алақан» тренинг.
Мақсаты: тұлғааралық байланыс.


«Бір қадам артқа»
Мақсаты:  
ойларын білу,сөздік қорларын дамыту.
    Шеңбер құру арқылы тұрғызу.
Амандасу.

«Ыстық алақан» арқылы жылы лебіздерін білдіру.


Топ ережесін құрып,қайталап оқу;
Неліктен шағын топқа бөліндік, шағын топқа бөлінудің мәні неде деп  ойлайсыздар, шағын топқа бөлінген оқушылармен қандай жұмыс істеуге болады деген сұрақ   қойылады.
 Ұсынған ережелері «Алтын ереже» ретінде өздерінің қолдарымен бекітіледі.

Сынып оқушыларын «Ай аттары» арқылы топтастыру.
    Шеңбер құрып тұрады.


«Ыстық алақан» арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Тілек білдіру барысында оқушылар арасында бір-біріне деген жылылық байқала бастайды.

Әр топ топтық жұмыстың «Алтын ережесіне» өз қағидаттарын ұсынады.


Топ ережесі постерге тізбектеліп жазылған соң, оқушылар қолдарын қойып, қағидатты бекітеді.


«Ай аттары» арқылы яғни туған айларына байланысты  бөлініп, сол бойынша топтасады.
Сынып оқушылары 5 адамнан 3 топқа бөлінеді.
    
Тамаша







Жарайсыңдар, жақсы.

Белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап отырамын



    Стикер,  ватман, маркер







Смайликтер

Топ атын жазуға арналған ватман
Тұсауке
сер:
5мин

     Қызығушы
лықты ояту сатысы
 «БЖӘ»
Мақсаты:  оқушыларға ой қозғау, ойын жинақтауға бағыттау.    Сабақтың мақсатын айтамын да, енді оқушылардың мақсатын білгім келетіндігін хабарлау.
Ал, балалар, сіздердің бүгінгі сабақтан не білгілеріңіз келеді?
Оқушылардың бір-біріне сұрақ қойдыру.
1.Біріккен сөздер дегеніміз не?
2.Ол қалай жасалады?

Мысал арқылы түсіндіріп,дәлелдеу.    Мақсаттары толық тыңдалып, ескеріледі. Сөйтіп оқушы да  сабаққа мақсат қоюға тартылады.



Біріккен сөздер дегеніміз- екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөздер.

Сұрақтарға жауап бере отырып мысал  арқылы біріккен сөздің анықтамасын шығарды.

Біріккен сөздер туралы мәліметтер алды.    


Бәрекелді!



Өте жақсы, тамаша!

Бағалау парағы
    
Интерактивті тақтадағы Power Point таныстырылымы







Негізгі бөлім:
25мин
     Мағынаны ажырату сатысы

«Ойлан/жұптас/ талқыла» стратегиясы

Мақсаты:
 өз бетімен білім алу,өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.


«Жаттығулар керуені»
Мақсаты:
тапсырмалар бойынша жұмыс  жасау дағдыларын қалыптастыру.

Сергіту сәті.
«Аңдар биі»
Мақсаты:  
бойларын сергіту.    Әр топқа жеке тапсырмалар беру.
«Ойлан/жұптас/талқыла» стратегиясы қолданылады.
І топқа:  Біріккен сөздер дегеніміз не?

ІІ топқа: Біріккен сөздердің емлесі.

ІІІ топқа: Кіріккен сөздер  дегеніміз қандай сөздер?
Постерді қорғайтын спикерлерді оқушының алдына стикер қою арқылы білдіру.

І топ :Сыңарын тап: 69-жаттығу
ІІ топ:Тауып жаз: 65-жаттығу
ІІІ топ: Сөйлем құра: 62 -жаттығу

Сәйкестендіру тапсырмасын орындату.


Сергіту сәті.
«Аңдар биі»    Берілген  тапсырмалар бойынша оқулықтарды,сөздіктерді пайдалана отырып жұмыстар жүргізеді.
   
Берілген тапсырмалар бойынша постерге кластер жасайды. І топ  Біріккен сөздер туралы мағлұматтар береді, ІІ топ оның емлесіне тоқталады,  ІІІ топ   кіріккен сөздер туралы мағлұмат береді.
Әр топтан екі спикер шығып, жұмысты қорғайды. Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

 
Тапсырмалар бойынша жаттығуларды топта талқылап,жұмыс жүргізеді.

Интерактивті  тақтада  сәйкестендіру тапсырмасын орындады.



Қозғалысқа түсу арқылы бойларын сергітеді.
Белсенділік танытып,бойлары сергіп,сабақты жағымды көңіл-күймен жалғастырады    
Жақсы


Керемет!


Жақсы, балалар, барлығыңыз берілген тапсырмаларды тамаша орындадыңыздар.  


Бағалау парағы Топ басшысы әр оқушыны тапсырма сайын бағалап отырады.

    
Интерактивті тақтадағы Power Point таныстырылымы

Постер, маркерлер

Бағалау парағы





«Визуалды айғақтар» ресурсы





Интерактивті тақта
Қорытынды:
7мин    Ой толғаныс сатысы

«Эссе жазу» 5минуттық

Мақсаты:  
Өткен  тапсырма бойынша ойларын жинақтау.    Жаңа сабақ барысындағы  алған білімін саралап, өздерінің не үйренгенін байқап,біріккен сөздерді пайдалана отырып   5 минуттық  «Эссе» жазғызу. Эссені бағалауға арнайы бағалау парағын дайындап, әр оқушыға жеке-жеке үлестіріп беру.
Эссе мына шарттарға лайық болуға тиісті:
* Бір айтқанды қайталай бермей, мәнділігімен  көзге түсу керек.
* Мәтінде біріккен сөздер болу керек.
* Мұқият және қатесіз жазылған болу керек.

Эссені бағалау бойынша оқушы өз еңбектеріне өздері баға береді, талқылайды.      Ерікті тақырыпта 5 минуттық эссе жазады.
Эссені бағалау критерилерін басшылыққа алады.



Өз жұмысын өзін-өзі бағалау негізінде бағалайды.
Кейбір оқушылар   өз еңбектерін дауыстап оқиды.    
Бағалау парағы


     


Критерилер жазылған парақшалар



    Бағалау.

Рефлексия «БҮБ»
Мақсаты: оқушылардың оқығанын саналы түрде түсінуге өз ойын білдіруге үйрету
    Сабақты қорытындыла,бағалау.

Білдім    Үйрендім    Білгім келеді?
        


    


Оқушылар кестені толтырады, мұғалімге жинап бермес бұрын, ниет білдірген оқушылардың талдауы тыңдалады.    


Кері байланыс    


Парақшалар
    Үйге тапсырма беру.    1.    Біріккен сөздер мен емлесі.
2.    Біріккен сөздерге байланысты жер,су,аттарын жазып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Біріккен сөздер
Күрделі сөздер
Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздердің емлесі
Етістіктен өткенді қайталау
Қос сөздердің түрлері. Қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер
Қысқарған сөздер,жасалу жолдары.
Зат есім. Жалқы есім және жалпы есімдер.
Біріккен сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5316 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык