|
|
Сабақтың тақырыбы Буын түрлері
Сабақтың мақсаты :
а)Буын туралы түсінікті еске түсіре оырып,буын түрлеріне тоқталу,сөз қолданыста,мәтін құрауда бунын түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінде тапқызып,жасалау жолдарын ұқтыру ә) сурет және дидактикалық ойын арқылы оқушының сөздік қорын молайту,тілін демыту,өз бетінше кез келген сөзді буынға бөле білуге дағдыландыру және мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеутіліне төселдіру ; б) Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету,өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу,тіл байлықтарын дамыту,өз бетімен ізденуге,ой қорытуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,ой қозғау,талдау,жаттығу әдісі,іздендіру,ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі : кесте,сызба,үлестірмелі парақшалар,дидактикалық материалдар,суреттер
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Әнұран айтқызу.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылардың білімін бақылау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Буын дегеніміз -сөздердің дыбыстық топқа жіктелеген бөлігі.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.Мысалы: қа – на – ғат, ә - ке.Буын жсаушы дауысты дыбыстың дыбысталу қалпына қарай жуан,жіңішке,аралас буын болады.Мысалы : ке – ме, ба – ла, кі – тап.
Буынның үш түрі бар : 1) ашық буын, 2) бітеу буын, 3) тұйық буын.
Әрқайсысына жеке – жеке тоқталып,мысалдармен дәлелдеп түсіндіремін.
Ашық буын дегеніміз - жалғыз дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталатын буын.
Мысалы : ә - ке, а – на,О – тан,ша – ға – ла.
Бітеу буын дегеніміз – дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталатын буын түрі.
Мысалы : қант,қыс,қар,төс,бор,жұрт.
Тұйық буын дегеніміз – дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталатын бын түрі
Осы жерде айта кететін жайт : тұйық буынды сөзге жалаң буын қосатын болсақ,буын жігі бұзылады : өрт+і өр-ті, ант+ы ан – ты.
Енді балалар, түсінген-түсінбегенімізді білуіміз үшін мына қалташыққа буын түрлеріне сөздерді тауып жапсыру керек (3 оқушыны шығарып тапқызу)
Сынып жұмыс.
- Дұрыс,балалар,түсінген екнбіз,ендеше,жазба жұмысын орындайық.
1) 302 – жаттығуға назарымызды аударайық.Сөздерді дефис арқылы буын санын көрсетіп,буынның қай түріне жататынын айтайық.Өзім талдап көрсетемін.
2 3 2 2 3 2 3 3 3 2 2 3 2 3
Ел қон - ба - са жер же - тім, Құс қон - ба - са көл же - тім
т.б. б.б. а.б. а.б. бб. а.б. б.б. б.б. б.б. а.б. а.б. б.б. а.б. б.б.
Қалғанын оқушыларға талдату.
Үлестіриелі парақшалармен жұмыс.
№ 1
Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес. Бауыржан Момышұлы.
№ 2
Ақылдың көркі – тіл,
Тілдің көркі сөз.
Жүсіп Баласағұни.
Орнында отырған оқушыларға 304 – жаттығуды орындауға беремін.Қалаған бір сөйлем жазып,бкын түрін,буын санын көрсету.
- Балалар, енді барлықтарың бері қараңдар, қазір I I топқа бөлінеміз.
1 – тапсырма
I топ 3 сөз айту I I топ буын түріне талдау.
2 – тапсырма
Мақал – мәтел құрастыру.
1.Білім – ер азығы, (Ер – ел азығы ) 2. Шебердің қолы ортақ, ( Шешеннің тілі ортақ ). 3.Білімді өлсе,қағазда аты қалар. 4. Ақыл – тозбайтын тон ( Ұста өлсе,істеген заты қалар ). ( Білім таусылмайтын кен ).
5.Екпей егін шықпас, ( Үйренбей білім жұқпас ). 6. Жеті жұрттың тілін біл, ( Жеті түрлі білім біл ).
1) Ашық буыннан келетін туыс атауын ата. 2) Бітеу буыннан келетін жер – су атауларын ата.
Сабақты бекіту : Оқушылармен бірлесе,сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылаймын.
Үйге тапсырма : 1.Буын түрлерін оқып келу. 2. 305-жаттығуды көшіріп жазып,буынға дефис арқылы бөліп,буын түріне ажырату.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |