Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 6085 |
|
|
|
Дауыссыз н-ң дыбыстары
Сабақ тақырыбы: Дауыссыз н-ң дыбыстары
Сабақ мақсаты:1.Дауыссыз н-ң дыбыстарының айтылуы мен жасалу ерекшеліктерін ұғындыру,алған білімдерін тиянаҚтау жетілдіру.
2.Шығармашылық ізденісін дұрыс ойлау,өз ойын жеткізе білу,шеберлігін дамыту
3.Жауапкершілікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың принциптері: Біртұтастық,жүйелілік.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,көрнекілік,талдау ажырату,салыстыру сәйкестендіру,ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі:тірек-сызба,кеспе қағаздар,үнтаспа,суреттер, парақшалар.
Сабақ барысы:
I.Бағдарлау-мотивациялық кезең.Қызығушылықты ояту.
-Балалар суреттен нені байқап тұрмыз?
-Далада жаңбыр жауып,күн көрінбей тұр.
-Дұрыс.
-Жаңбыр жауған жақсылықтың белгісі,олай болса жаңбырдың пайдасына байланысты нақыл сөз,мақал-мәтелдерді еске түсіріп, айтып көрейік.
Қане,кім біледі ?
-Жаңбыр жауса жер ырысы.
-Жарайсыңдар.
Олай болса,әр бір тамшы бүгінгі біздің сабағымызға төккен нұры екен және әр тамшының бізге берген тапсырмасы бар, тапсырмаларды дұрыс орындай білсек,күн жарқырап жаңбыр ашылады.
-Олай болса,тапсырмаларды дайындауға дайынбыз ба?
-Дайынбыз.
II.Операциялық-орындаушылық кезең.
1-тапсырма. Көркем жазу сәті. Жаңбыр сөзіне дыбыстық талдау.
(дәптерімізге көшіріп ң дыбысы бар сөздің астын сызу.)
• н-ң дыбыстары қандай дыбыстар?
• н-ң дыбыстары екеуі екі басқа дыбыс,екі басқа әріп. Жасалуы жағынан ң-н-ға мүлде жуықтамайды.
• Н-тіл ұшы дыбысы.
• Ң-тіл арты дыбысы.
2-тапсырма. Ой сергіту жаттығуы. «Кім көп біледі ?»
Жұмбақ шешу.
1.Нанда бар,майда жоқ,
Ұнда бар,айда жоқ. (н)
2.Шаңда бар,гулде жоқ,
Аңда бар, сайда жоқ. (ң)
3.Екі жағым «н» болса,
Қасиетті тағаммын.
Екі жағым «а» болса,
Ең қадірлі адаммын. (Нан,ана)
3-тапсырма.Ой қозғау.«Тез тауып,бөгелмей айт.»
Тон-тоң,шын-шың,он-оң (сөздегі өзгертіп тұрған дыбыстарды салыстырып,мағынасын түсіндіру)
4-тапсырма.Сергіту сәті.
(үнтаспадан естіп,қимылын көрсету)
Маң-маң басқан,маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешін қом басқан.
-Бұл жануарды кім таныды?
-Түйе.
5-6-тапсырма.Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы 149,152-жаттығу.
7-тапсырма. Поэзия минуты.
Үнтаспадан М.Жұмабаевтың «Қарағым»өлеңі оқылады.
Қарағым оқу оқы,босқа жүрме!
Ойынға,құр қаларсың көңіл бөлме,
Жасынан оқу оқып,өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге.
-Өлеңнің әрі қарай жалғасын кеспе қағаздардан оқиды.
-Нені түсіндік?
-Балаларға қандай өсиет айтады?
-Үнді дауыссыз дыбысы бар сөздерді атаңдар.
III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
8-тапсырма. Суретпен жұмыс.
«Ойлан тап» (7 күн,7 түн суреті ілінеді)
-Суреттен нені түсіндік?
-«7 күн-1 апта .»
-Олай болса әр бір күнді өз атауымен атап,жасырынған дыбысты табайық.
1.Дүйсе □ бі 4.Бейсе □ бі
2.Сейсе □ бі 5.Жұма
3.Сәрсе □ бі 6.Се □ бі
7.Жексе □ бі
-Қандай дыбыстар жасырынған ?
Дауыссыз
«Н»
Үнді дыбысы
9-тапсырма.
Әр қатар өзіне берілген әріптен сөздер жазу :
Н-сөздің басында келетін (Нан,немере...)
Ң-сөздің соңында келетін ( аң,шаң ...)
Н-сөздің ортасында келетін (ана,пана ...
10-тапсырма.
Дыбыстарды сызба арқылы сәйкестендіру тесті.
Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды.Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.
45-50 ұпай-«5»
35-44 ұпай-«4»
25-34 ұпай-«3»
IV.Үйге тапсырма.3 деңгейде беріледі.
1.Міндетті деңгей.
154-жаттығуды көшіріп жазу.
2) Мүмкіндік деңгейі.
Н-ң әріптерін қатыстырып ,мақал-мәтел құрастыру.
Сабақ аяқталды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |